Мұғалжар ауданы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 23 қыркүйектегі N 324 қаулысы. Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 04 қарашада N 3-9-108 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 81 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 06.03.2017 № 81 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабы 2 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13, 14 тармақшаларына және 37 баптарын басшылыққа ала отырып, Мұғалжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджеттің қаражатына қарай Мұғалжар ауданы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғаларының келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) дәрігерлік-консультациялық комиссиясының анықтамасы бойынша жұмыста шектеу қойылатын тұлғалар;
      2) 50 жастан асқан әйелдер;
      3) 55 жастан асқан ерлер;
      4) ұзақ уақыт бойы жұмыс жасамаған тұлғалар (бір жылдан астам);
      5) мекеменің таратылуына және штаттың қысқартылуына байланысты босатылған жұмыссыз тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Н. Аққұлға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Шаңғұтов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады