Көктау ауылдық округі Көктау ауылының көше атауларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылдық округі 2009 жылғы 30 қарашадағы N 12 шешімі. Ақтөбе обылсының Хромтау аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 10 желтоқсанда N 3-12-107 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылдық округі әкімінің 20.11.2017 № 24 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және мәтінінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылдық округі әкімінің 28.07.2015 № 19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына, сондай-ақ, Көктау ауылдық округіне қарайтын елді-мекен тұрғындарының пікірін ескере отырып, Көктау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылдық округі әкімінің 20.11.2017 № 24 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Көктау ауылындағы елді мекендерге көше атауларын өзгертуге берілсін:

      1) Геологическая кошесі - Геологтар көшесі

      2) Набережная көшесі - Жағалау көшесі

      3) Комарова көшесі - В. Комарова көшесі

      4) Подхоз Юлия көшесі - Жастар көшесі деп қайта атау берілісін

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көктау ауылдық округінің әкімі Б. Жұмағалеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады