Еңбек селосындағы "Школьная" атындағы көшенің атауын "Жүнісбай Әлиасқаров" көшесі деп өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай селолық округі әкімінің 2009 жылғы 8 мамырдағы N 61 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 28 мамырда N 2-8-111 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабын, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2009 жылғы 7 мамырдағы N 1 келісімін және ауыл тұрғындарының 2009 жылғы 4 мамырдағы N 1 хаттамасын, тұрғындар өтінішін басшылыққа алып, округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Еңбек селосындағы "Школьная" атындағы көшенің атауы "Жүнісбай Әлиасқаров" атындағы көшесі деп өзгертілсін.
       2. Тиісті қызмет көрсететін мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелерге Балтабай ауылындағы атауы өзгертілген көшелер таныстырылсын.
       3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау, округ әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Сауле Базарбайқызы Алиповаға жүктелсін.
       4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Округ әкімі                                Н.И. Тайсариев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады