2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Байзақ ауданы бойынша азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Байзақ аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 01 маусымдағы N 313 Қаулысы. Жамбыл облысы Байзақ ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 07 шілдеде 93 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бабының 3 тармағына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлермен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық комиссия құрылсын:


Бекболатов Мырзахан Әуесбекұлы

“Жамбыл облысы Байзақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);

Сансызбаев Ержан Айдынғалиұлы

“Байзақ ауданы Әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің кадрлық және мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;

Есенбекова Бота Абжапарқызы

“Жамбыл облысы әкімияты денсаулық сақтау басқармасының Байзақ аудандық орталық емханасы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның
мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісімі
бойынша);

Комиссия мүшелері:

Құлшынбаев Қиясхан Сапақұлы

«Жамбыл облыстық  Ішкі істер департаментінің Байзақ Аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі (келісімі бойынша);

Усманова Алмагүл Артыққызы

“Жамбыл облысы әкімияты денсаулық сақтау басқармасының Байзақ аудандық орталық емханасы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның
дәрігері, дәрігерлік комиссияның
төрағасы (келісімі бойынша);

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Байзақ ауданы әкімдігінің 2009.09.28 № 479 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      3. «Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Байзақ Аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы С.Е. Демесіновке (келісімі бойынша) өзінің құзіреті шегінде әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Қ.Р. Садубаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 17 сәуірінен туындайтын қатынастарға таралады.

      Аудан Әкімі                                       Б. Құлекеев

"КЕЛІСІЛДІ"
"Жамбыл облысы Байзақ аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
М. Бекболатов
01 маусым 2009 жыл.

«Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің
Байзақ Аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
С. Демесінов
01 маусым 2009 жыл.

"Жамбыл облысы әкімияты денсаулық сақтау басқармасының
Байзақ аудандық орталық емханасы" коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынның бастығы
Р. Сапарбеков
01 маусым 2009 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады