Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға көтермелі жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 19/220 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 желтоқсанда N 8-2-100 тіркелді. Күші жойылды - Жезқазған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы N 21/247 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жезқазған қалалық мәслихатының 2010.03.12 N 21/247 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы Қаулысына сәйкес Жезқазған қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға көтермелі жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Н. Ярмак

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Қ. Әбдіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады