Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 30 наурыздағы "2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" N 05/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 04 қыркүйектегі N 15/07 қаулысы. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 06 қазанда N 8-14-103 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімі аппараты басшысының 2011 жылғы 13 сәуірдегі N 8-9/304 хатымен)

      Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімі аппараты басшысының 2011.04.13 N 8-9/304 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 30 наурыздағы "2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-14-95 болып тіркелген, 2009 жылғы 9 мамырдағы N 19 аудандық "Нұра" газетінде жарияланған) N 05/01 қаулысының қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) аудандық шақыру комиссиясының құрамынан аудандық медициналық бірлестігінің терапевт-дәрігері Гизатуллина Лилия Фанауиовна шығарылсын;
      2) аудандық шақыру комиссиясының құрамына Әбішева Жанар Әшірбайқызы - аудандық медициналық бірлестігінің терапевт-дәрігері (келісім бойынша) енгізілсін;
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Шайдаров

      КЕЛІСІЛДІ

      Нұра ауданы бойынша
      мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасының бастығы
      Г.Қ. Досполова_____________
      04.09.2009 жыл

      Аудандық медициналық
      бірлестігінің
      директоры __________
      Б.О. Еспаев
      04.09.2009 жыл

      Нұра ауданының қорғаныс
      істер жөніндегі бөлімінің бастығы
      Қ.Ш. Жолболдин___________
      04.09.2009 жыл

      Аудандық ішкі істер бөлімінің
      бастығы
      Қ.И. Әпеков___________
      04.09.2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады