2010 жылы жұмыссыз мүгедектерді квота бойынша жұмысқа орналастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 26/4 қаулысы. Қарағанды облысы Шет ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 қаңтарда N 8-17-90 тіркелді. Мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Шет ауданы әкімі аппараты жетекшісінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі N 8-4/474 хатымен)

      Ескерту. Мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Шет ауданы әкімі аппараты жетекшісінің 2011.04.12. N 8-4/474 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" N 149 Заңдарына сәйкес Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылы жұмыссыз мүгедектерді квота бойынша жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құратын мекеме, кәсіпорындардың тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Мекеме, кәсіпорын басшыларына халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның жолдамасымен жіберілген жұмыссыз мүгедектерді жұмысқа қабылдау сұралсын.
      3. Шет ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 30 наурыздағы "2007 жылы жұмыссыз мүгедектерді квота бойынша жұмысқа орналастыру туралы" N 3/35 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ю. Бекқожинге жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Шет ауданы әкімінің
      міндетін атқарушысы                        Б. Төлеуқұлов

Шет ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 21 желтоқсандағы
N 20/4 қаулысына қосымша

2010 жылы жұмыссыз мүгедектерді квота бойынша жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құратын мекеме, кәсіпорындардың тізбесі

реттік саны

Мекеме, кәсіпорындардың аттары

Белгіленген жұмыс орындарының квотасы

1.

Ақадыр, Казпошта

1

2.

Ақадыр теміржол дистанциясы (ПЧ-26)

1

3.

Ю. Гагарин атындағы мектеп-лицей

1

4.

Ақсу-Аюлы, Казпошта

1

5.

Аудандық медициналық бірлестік

1

6.

"Nоva-Цинк" ЖШС

2

7.

"Ардагер" ЖШС

1

8.

"ШетКоммунСервис" МКК

1

9.

Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия

1

10.

М. Горький атындағы мектеп- гимназия

1


Барлығы:

11

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады