Көшелерге ат қою туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт селолық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 7 шешімі. Маңғыстау облысының Бейнеу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 қарашада № 11-3-89 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Ақжігіт ауылы халқының пікірін ескере отырып, Ақжігіт ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылы әкімінің 11.12.2017 № 33 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Ақжігіт ауылындағы мына көшелерге:

      "Бейнеу-Тәжен автомобиль жолына солтүстік-шығыс бағытынан келіп қиылысатын, бойында басқа да құрылыс объектілерімен қатар, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Бейнеу орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Ақжігіт дәрігерлік амбулаториясы, Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты "Ақжігітмәдениет" үйі, "Ақжігіт ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "М. Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараттары орналасқан көшеге – "Тәуелсіздік";

      "Тәуелсіздік" көшесіне оңтүстік – шығыстан келіп қиылысатын, бойында басқа да құрылыс объектілерімен қатар, № 38-50 тұрғын үйлер орналасқан көшеге – "Егемендік";

      "Тәуелсіздік" көшесінің солтүстігінен қиып өтетін, бойында басқа да құрылыс объектілерімен қатар, № 1-26, № 69-79 тұрғын үйлер орналасқан көшеге "Бейбітшілік" атаулары берілсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылы әкімінің 04.04.2022 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім Бейнеу аудандық Әділет басқармасына тіркеуге ұсынылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап 10 күн мерзім өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Селолық округ әкімі: Б.Қосжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады