Ескерту. Тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "ставкаларына", деген сөз "мөлшерлемесіне" деген сөзбен ауыстырылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 28.10.2015 № 29/298 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша:
"кентін", "кенті", "кенттері" деген сөздер "ауылын", "ауылы", "ауылдары" деген сөздермен ауыстырылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 26.08.2009 № 12/129 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексіне сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 07.03.2018 № 16/184 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Салық салу мақсатында Жетібай (1,2 қосымшалар) және Мұнайшы (3,4 қосымшалар) ауылдары аумақтарын аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Аудан бойынша салық комитеті
төрағасының міндетін атқарушы
Ғ. Хамиев
06 ақпан 2009 жыл
Аудандық жер қатыныстары
бөлімінің бастығы
Ж. Құтышев
06 ақпан 2009 жыл
Аудандық мәслихаттың 06.02.2009 жылғы N 13/111 шешіміне 1-қосымша |
Салықтық базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері және Жетібай ауылы жерлері аймақтарының сипаттамасы
Аймақтар N | Аймаққа кіретін әкімшілік құрылымдар | Коэффициент |
1 | Өндірістік аймақ | 1,5 |
2 | Резервтегі аймақ | 1,5 |
3 | Қоғамдық-іскерлік және тұрғын аймақ, жобадағы құрылыс | 1,5 |
Аймақтардың сипаты
1-ші аймақ өндірістік жерлер, өнеркәсіп жерлері ("Оңтүстік Жетібай", "Придорожное" кен орны, әктас-ұлутас өндіру бойынша карьерлер, сол жағынан ені 1000 метр темір жолды бойлай белдеулер).
2-ші аймақ резервтегі аймақ.
3-ші аймақ селитебтік, жеке тұрғын құрылыстары кіреді, соның ішінде "Жетібай" стансиясы. Бұл аймақта негізгі әкімшілік ғимараттары, орта білім беретін мектептер, мәдениет үйі, байланыс үйі, емхана, базар, дүкендер, кафе, мейрамханалар орналасқан. Тұрғын массивтері кіретін, жер учаскелері жаңадан игеріліп жатқан жеке тұрғын құрылыс аймағы (оң жағынан ені 200 метр автокөлік жолын бойлай белдеулер).
Аудандық мәслихаттың 06.02.2009 жылғы N 13/111 шешіміне 2-қосымша |
Ескерту: 2 қосымша қағаз нұсқада.
Аудандық мәслихаттың 06.02.2009 жылғы N 13/111 шешіміне 3-қосымша |
Салықтық базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері және Мұнайшы ауылы жерлері аймақтарының сипаттамасы
Аймақтар N | Аймаққа кіретін әкімшілік құрылымдар | Коэффициент |
1 | Өндірістік аймақ | 1,5 |
2 | Резервтегі аймақ | 1,5 |
3 | Қоғамдық-іскерлік және тұрғын аймақ (соның ішінде "Жетібай" стансиясы) | 1,5 |
Аймақтардың сипаты
1-ші аймақ өндірістік жерлер, өнеркәсіп жерлері ("Оңтүстік Жетібай", "Придорожное" кен орны, әктас-ұлутас өндіру бойынша карьерлер, сол жағынан ені 1000 метр темір жолды бойлай белдеулер).
2-ші аймақ резервтегі аймақ.
3-ші аймақ селитебтік, жеке тұрғын құрылыстары кіреді, соның ішінде "Жетібай" стансиясы. Бұл аймақта негізгі әкімшілік ғимараттары, орта білім беретін мектептер, мәдениет үйі, байланыс үйі, емхана, базар, дүкендер, кафе, мейрамханалар орналасқан. Тұрғын массивтері кіретін, жер учаскелері жаңадан игеріліп жатқан жеке тұрғын құрылыс аймағы (оң жағынан ені 200 метр автокөлік жолын бойлай белдеулер).
Аудандық мәслихаттың 06.02.2009 жылғы N 13/111 шешіміне 4-қосымша |
Ескерту: 4 қосымша қағаз нұсқада.