"Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы"

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2009 жылғы 6 ақпандағы № 13/107 шешімі. Қарақия ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 наурызда № 11-4-77 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 38/394 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 13.03.2020 № 38/394(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 28.10.2015 N 29/298 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ставкаларының", "ставкасы", "ставка" деген сөздер "мөлшерлемелерінің", "мөлшерлемесі", "мөлшерлеме" деген сөздермен ауыстырылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 28.10.2015 № 29/298 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексіне сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 07.03.2018 № 16/184 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қызметін Қарақия ауданында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері бекітілсін (қоса беріліп отыр).

      2. Қарақия аудандық мәслихатының 2005 жылғы 07 қазандағы "Ойын бизнесі саласындағы субъектілер үшін салық мөлшерлемелерінің мөлшері" туралы № 18/125 (Қарақия ауданының әділет басқармасында 14 қараша 2005 жылы № 11-4-11 тіркелген) шешімінің күші жойылған деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
Аудандық мәслихаттың хатшысы
С. ӨтемұратовА. Мееров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Аудан бойынша салық

      комитеті төрағасының

      міндетін атқарушы

      Ғ.Хамиев

      06 ақпан 2009 жыл

  Аудандық мәслихаттың
06 ақпан 2009 жылғы
N 13/107 шешімімен бекітілген

Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемесі

      (Айына, салық салу бірлігіне)

Р/с

Салық салу объектісінің атауы

АЕК көлеміндегі мөлшерлеме

1

Бір ойыншы мен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1,6

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1,6

3

Бильярд үстелі

3,3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады