Қостанай облысының ормандарын 2009 жылы өрт қауіпті бар кезеңдерде күзету және қорғау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 159 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 30 сәуірде № 3678 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 91 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.03.09 № 91 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 15–бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес және Қостанай облысы аумағында ірі өрттерді сөндіруге қатынасушы адамдар мен техниканы уақытылы іске жұмылдыру, жедел қызмет және әр түрлі нысандағы меншік субъектілері арасында өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы ормандарында 2009 жылы өртті болдырмау мен химиялық күюден сақтау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      2. Калалар мен аудандардың әкімдіктері, "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы", "Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы", "Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы", "Қостанай облысы әкімдігінің білім беру басқармасы", "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы", "Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы" мемлекеттік мекемелері; "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті" (келісім бойынша), Қостанай облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қостанай облыстық департаменті" (келісім бойынша), "Қостанай облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері, "Қостанай магистралдық желі бөлімшесі" - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының филиалы (келісім бойынша):
      1) Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын күзету, қорғау, өсіру және орманды пайдалану жөніндегі заңнамаларының орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) өрттердің алдын алу, олардың қауіптілігі мен ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғандығы үшін жауапкершілік шаралары, орман және жануарлар дүниесін күзету жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. М. Садуақасовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі                   С. Кулагин

Әкімдіктің             
2009 жылғы 20 сәуірдегі
№ 159 қаулысымен       
бекітілген             

Қостанай облысы ормандарында 2009 жылы өртті
болдырмау мен химиялық күюден сақтау жөніндегі
іс-шаралар жоспары


р/с

Іс-шаралардың атаулары

Орындалу
мерзімі

Орындаушылар

1.

Мемлекеттік орман қоры аумағында орналасқан орман және жануарлар дүниесін күзету жөніндегі мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттіқ коммуналдық қәсіпорынның, демалыс үйлерінің, балаларды сауықтыру лагерьлері мен кәсіпорындарының орман өртімен күреске дайындықтарына бақылау тексерістерін өткізу

Сәуір- мамыр

ӨҚҚД (келісім бойынша), ТРжТПРБ

2.

Ормандарда, демалыс үйлерінде, балаларды сауықтыру лагерьлерінде жұмыстарды жүзеге асыратын кәсіпорындармен, сондай-ақ орманда жүрген азаматтармен өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына мониторинг ұйымдастыру

Тұрақты

ӨҚҚД (келісім бойынша), ОжАШАИ (келісім бойынша), ТРжТПРБ, ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері

3.

Орман өрті құрылымдарына және ерікті өрт жасақшыларына жиынтықтауды жүргізу. Жеке құрамды оқыту және тестілеуді өткізу

Наурыз –сәуір

Қалалар, аудандар, селолық округтері, селолар мен кенттер әкімдіктері, ӨҚҚД (келісім бойынша), ӨСжАҚЖҚ (келісім бойынша), ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері

4.

Өртке қарсы қолданылатын техникалар мен жабдықтарды жөндеуден өткізу, нормативке сәйкес өрт-химиялық стансаларын өртке қарсы құрал – жабдықтармен және техникамен жиынтықтау

Қаңтар- сәуір

Ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері

5.

Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес мемлекеттік орман қоры аумағында орналасқан темір, автомобиль жолдары бойында, орман алқаптары, орман дақылдары, тұрғын үй және өндіріс объектілері маңында минерализациялан қорғау белдеулерін ұйымдастыру

Тұрақты

ТРжТПРБ, ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері, "Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қостанай облыстық департаменті" (келісім бойынша), "Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемелері, "Қостанай магистралдық желі бөлімшесі" -"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының филиалы (келісім бойынша)

6.

Орман алқаптары арқылы өтетін автомобиль жолдары бойына демалу және шылым шегу орындарын жабдықтау

Тұрақты

Ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері

7.

Өрт қауіпі бар кезеңдерде орман шаруашылығы, орман мекемесі кеңселерінде демалыс және мереке күндері жауапты қызметкерлерден тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру. Өрт қаупі жоғары кезеңде техникалардың өтуіне және адамдардың мемлекеттік орман қоры аумағына жүруіне тыйым салуды қамтамасыз ету, сондай-ақ орман алқаптарына жақын жердегі орман мекемелерін, кордондарды, елді мекендерді үздіксіз байланыспен қамтамасыз ету

Өрт қауіпі бар кезеңде

ТРжТПРБ, ІІД (келісім бойынша), ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері

8.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауды бақылау мақсатында халық көп келетін жерлерде бірлесіп күзетуді ұйымдастыру

Өрт қауіпі бар кезеңде

ТРжТПРБ, ІІД (келісім бойынша), ОжАШАИ (келісім бойынша),       ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері

9.

Жер үсті күзету маршруттарының сызбаларын, өрт қауіптілігінің класына байланысты постардың, адамдар, көліктер, өртке қарсы жабдықтар мен су қоймаларының орналасу сызбаларын әзірлеу және бекіту

Өрт қауіпі басталған кезеңге дейін

Ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері

10.

Орман шаруашылығы, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, орманда және мемлекеттік орман қорына жақын учаскелерде жұмыс істейтін бригадалардың, басқа заңды және жеке тұлғалардың өртке қарсы жағдайларына тұрақты тексеру жүргізу

Тұрақты

ҚОТЖЖД (келісім бойынша), ОжАШАИ (келісім бойынша), ТРжТПРБ, ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері

11.

Жазғы науқан басталар алдында мемлекеттік орман қоры аумағында орналасқан балалар лагері мен демалыс базаларының өрт – техникалық тексеруін өткізу, оларды пайдалануға қабылдауға қатынасу

Сәуір-
мамыр

Қалалар мен аудандардың әкімдіктері, ҚОТЖЖД (келісім бойынша)

12.

Ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінде орман өрттері туралы хабарларды қабылдау пунктерін жабдықтау, жолдарда олардың қайда орналасқаны туралы және хабарлаудың мүмкін тәсілдері туралы белгі көрсеткіштерін қою

Өрт қауіпі бар кезеңде

Ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері

13.

ӨҚҚД, ӨСжАҚЖҚ бiрлесiп өрт-химиялық станциялар, мемлекеттік орман қорғау қызметкерлерінің, ерікті өрт жасақшылары мүшелеріне өртке қарсы ережелерді, орман және дала өрттерін сөндіру әдістері мен тәсілдерін теориялық және тәжірибелік оқытуды ұйымдастыру

Өрт қауіпі басталған кезеңге дейін

ҚОТЖЖД (келісім бойынша), ӨСжАҚЖҚ (келісім бойынша), ТРжТПРБ, ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері

14.

Орман және дала өрттерін сөндіруге күштер мен құрал жабдықтарды қолданудың жоспар - іс әрекеттеріне үйлестіру және нақтылауды өткізу

Өрт қауіпі

басталған кезеңге дейін

Қалалар мен аудандардың әкімдіктері, АШБ, ӨСжАҚЖҚ (келісім бойынша), ТРжТПРД (келісім бойынша), ЖДАҚАДАААЖҰБ

15.

Өрт-тактикалық жаттығуларды көрсету арқылы орман өрттерін сөндіруге қатысушылардың басқарушы буынымен штабтық жаттығу өткізу

Сәуір-мамыр

Қалалар мен аудандардың әкімдіктері, ӨСжАҚЖҚ (келісім бойынша), ТРжТПРБ, ҚОТЖЖД (келісім бойынша), ЖДАҚАДАААЖҰБ, ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері

16.

Ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерді өңдеу және басқа ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізген кезде орманда химиялық күюді болдырмау үшін нормативтер мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету

Өрт қауіпі бар кезеңде

Қалалар мен аудандардың әкімдіктері, АШБ, ТРжТПРБ, ОжАШАБ (келісім бойынша), ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері

17.

Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес мемлекеттік орман қоры жерлері мен орман қорына тікелей жақын орналасқан учаскелерде шөптерді, бұталарды, аңыздар мен өсімдік қалдықтарын өртеуге жол бермеу.

Өрт қауіпі бар кезеңде

Қалалар мен аудандардың әкімдіктері, АШБ, ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері

18.

Өрт сөндіруге тікелей қатынасушы көлік қызметін және қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар жоспарының талаптарына сай қамтамасыз ету қызметін жанар- жағар маймен қамтамасыз ету

Өрт болып жатқан мезгілде

Қалалар мен аудандардың әкімдіктері

19.

Орман өрттерінің алдын алу мәселелері, олармен күресу жөнінде, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде орманды қорғаудың құқықтық мәселелері жөнінде тұрғындар, оқушылар, ормандағы балалар лагері, демалыс үйлеріндегі жұмысшылар арасында түсіндіру жұмысын жүйелі жүргізу. Ормандарды өрттен қорғау туралы теледидар, радио және баспасөзде материалдар ұйымдастыру

Тұрақты

ТРжТПРБ, ҚОТЖЖД (келісім бойынша), БББ, ІСД, ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері

20.

Тұрғындар көп келетін ормандарда, орман арқылы өтетін автомобиль жолдарында, санаториялар мен демалыс үйлерінде өртке қарсы тақырыпта плакаттар мен хабарландырулар шығарып және оларды мезгіл –мезгіл жаңартып отыруын қамтамасыз ету

Сәуір –мамыр

Ормандар және жануарлар дүниесін корғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері

21.

Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің күшімен орман өрттерін сөндіруге қатысушы күштерді қарсы алу және реттеуді, қоршауды ұйымдастыру

Өрт болып жатқан мезгілде

ІІД (келісім бойынша)

22.

Мемлекеттік орман қоры аумағында авиациялық күзетуді қамтамасыз ету. Орман өрттерін авиациялық барлау

Өрт қауіпі бар кезеңде

ТРжТПРБ, ормандар және жануарлар дүниесін корғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері

   

Ескерту:

Әрiптiк аббревиатуралардың мағынасын ашу:

ТРжТПРБ

-

Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

ОжАШАИ

-

Қостанай облысы орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы

ӨСжАҚЖҚ

-

Қостанай облысы өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі

ҚОТЖЖД

-

Қостанай облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті

ЖДАҚАДЗААЖҰБ

-

Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы

ІІД

-

Қостанай облысы ішкі істер департаменті

БББ

-

Қостанай облысы әкімдігінің білім беру
басқармасы

АШБ

-

Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

ІСБ

-

Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат
басқармасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады