"Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу үшін тәртібі мен орындарын қосымша реттеу туралы" мәслихаттың 2005 жылғы 21 қазандағы № 189 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2009 жылғы 1 қазандағы № 237 шешімі. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 қарашада № 9-1-133 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 01.04.2016 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу үшін тәртібі мен орындарын қосымша реттеу туралы" мәслихаттың 2005 жылғы 21 қазандағы № 189 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9-1-28, 2005 жылғы 8 қарашадағы "Қостанай" газетінде жарияланған) мына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      атауындағы "үшін тәртібі мен орындарын" деген сөздер "тәртібін" деген сөзбен ауыстырылсын;
      кіріспеде "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының, облыс және қала басшылығының қатысуымен байланысты жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орны Қостанай облысы әкімдігінің ғимаратына іргелес (Әл-Фараби даңғылы, 66) аумағы болып анықталсын.";
      3-тармақ алып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы, № 12 сайлау
      округі бойынша депутаты С. Сотников
      Қалалық мәслихат хатшысы С. Төкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады