Рудный қаласының, Қашар, Горняцк, Перцев поселкелерінің және Железорудная стансасының аумағында иттерді және мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2009 жылғы 25 ақпандағы № 177 шешімі. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2009 жылы 9 сәуірде № 9-2-128 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2011 жылғы 30 маусымдағы № 455 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2011.06.30 № 455 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 3-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Рудный қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 21 "Рудный қаласының, Қашар, Горняцк, Перцев поселкелерінің және Железорудная стансасының аумағында иттерді және мысықтарды ұстау, қыдырту ережелерінің жобасы туралы" қаулысына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:

      1. Рудный қаласының, Қашар, Горняцк, Перцев поселкелерінің және Железорудная стансасының аумағында иттерді және мысықтарды ұстау қосымшаға берілген Ережелері бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   В. Вайзер

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                В. Лощинин

Мәслихаттың             
2009 жылғы 25 ақпандағы 
№ 177 шешімімен         
бекітілді               

Рудный қаласының, Қашар, Горняцк,
Перцев поселкелерінің және Железорудная стансасының
аумағында иттерді және мысықтарды ұстау
Ережелері

1-тарау.
Жалпы ережелер

      1. Осы Рудный қаласының, Қашар, Горняцк, Перцев поселкелерінің және Железорудная стансасының аумағында иттерді және мысықтарды ұстау Ережелері (бұдан әрі мәтін бойынша – Ережелер) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексімен, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ережелер Рудный қаласының аумағында және оған жақын: Қашар, Горняцк, Перцев, поселкелерінде, Железорудная стансасында әрекет етеді.
      Осы Ережелер адамдардың иттер мен мысықтармен бірге тұру қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында Рудный қаласының, Қашар, Горняцк, Перцев поселкелерінің және Железорудная стансасының аумағында иттерді және мысықтарды ұстау тәртібін ұсынады.

      3. Осы ережелерде мынадай түсініктер пайдаланылады:
      1) бірдейлендіру - ауыл шаруашылық жануарларын сырғалау, таңбалау және татуировкалау арқылы жеке бірдейлендіру номерін тасымалдаушыны (пластмассты биркалар, сырғалар, татуировкалайтын ном     ерлер) берумен қатар паспорттауды жүргізу рәсімі;
      2) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшiн мiндеттi болып табылатын ветеринариялық нормативтер негiзiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт;
      3) ветеринариялық паспорт - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандағы құжат, онда жануардың иесi, түрi, жынысы, түсi, жасы, жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында жүргiзiлген ветеринариялық дауалаудың мерзiмдерi мен сипаты көрсетiледi.

2-тарау.
Иттерді және мысықтарды ұстау

      4. Иттер және мысықтардың иеленушілерге:
      1) иттер және мысықтар жеке ветеринарлық паспортты рәсімдеу арқылы, туылғаннан кейін екі айдан кеш емес уақыттың ішінде бірдейлендіруді қамтамасыз етуге.
      Иттерді және (немесе) мысықтарды сатқанда немесе бергенде олардың ветеринариялық паспортын жаңа иесіне бір мезгілде беру арқылы жүзеге асырылады. Иттерді және (немесе) мысықтарды тасымалдау ветеринариялық паспорты бар болғанда іске асыруға ұсынылады;
      2) итте және (немесе) мысықта бекітілген биркамен көзге көрінетін қарғы салуы қажет. Иесінің қалауынша биркада итке және (немесе) мысыққа қатысты ақпарат (аты, тұқымы, жасы) көрсетілу мүмкін;
      3) иттің және (немесе) мысықтың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормативтерге сәйкес, сондай-ақ олардың биологиялық қажеттіліктеріне сай ұсталуы (қараусыз, тамақсыз, үздіксіз сусыз қалдырмау), ізгілікті қарау (оларды ұрып соқпау, ал ауырған жағдайда уақытында ветеринариялық көмек көрсету) жүзеге асыруға;
      4) иттерді және (немесе) мысықтарды баспалдақ алаңдарында, шатырларда, подъездерде, жертөлелерде, жатақхана коридорларында ұстамауға;
      5) Иттерді және (немесе) мысықтарды тұрғын үйлердің жанында қыдыртқанда тыныштықты қамтамасыз етуге. Иттерді қыдырту тұмылдырықта және қысқа бауда жүзеге асыруға.
      Пайдаланылатын жер учаскесі болғанда иттерді байлап қойып немесе (тек жақсы қоршалған аумақта) еркін қыдыртуда ұстауға. Ит болғаны туралы еске салу мақсатында ескерту жазбасымен көзге көрінетін тақта орналастыру керек;
      6) адамдарды құтқару, қылмыстылықпен қарсы күрес және қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша жұмысты орындайтын иттерді, сондай-ақ көзі нашар көретін адамдарды жетектеп жүретін иттерді қоспағанда, итпен және (немесе) мысықпен қоғамдық іс-шараларында болмауға;
      7) иттер айқасын жасамауға;
      8) қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге:
      иттен және (немесе) мысықтан кейін арнайы құрал–саймандардың (пакет, қалақ) көмегімен міндетті тазалауды жүзеге асыруға;
      мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, оқу орындарының, денсаулық сақтау ұйымдарының, балалар ойнау алаңдарының, спорт алаңдарының, саябақтарының, қалалық пляжінің, алаңының аумағында иттерді және (немесе) мысықтарды қыдыртуды жүзеге асырмауға;
      иттерді және (немесе) мысықтарды фонтандарда, суайдында және су тартылатын жерлерде шомылдырмау және жумауға;
      ит және (немесе) мысық өлген жағдайда өлікті тек мал көміндінің (биотермиялық шұңқырдың) аумағында жерленуді жүзеге асыруға;
      9) ветеринариялық іс-шаралар өткізу үшін ветеринариялық мамандарға қажетті жағдайлар жасауға;
      10) ветеринариялық мамандарының талабы бойынша тексеру, диагностикалық зерттеу және емдеу-алдын алу шаралары үшін иттерді және мысықтарды кедергісіз әкелуге;
      11) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына және (немесе) ветеринарлық мамандарға:
      иттерді және (немесе) мысықтарды жаңадан сатып алу, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлау;
      бірнеше иттер және (немесе) мысықтар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе олар әдетте тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірілген иттерді және (немесе) мысықтарды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға. Аура деп күдік келтірілген иттерді және (немесе) мысықтарды ветеринариялық мекемесіне әкелген жағдайда қоғамдық көлігін пайдаланбауға ұсынылады;
      12) иттер және (немесе) мысықтар басқа жануарларды және адамдарды қауып төндірген, оларға жарақат келтірген барлық жағдайларда ветеринарлық қызметке және денсаулық сақтау органдарына хабарлауға.
      Басқа жануарларға немесе адамдарға қауып төндірген, жарақат келтірген иттерді және (немесе) мысықтарды тексеру және сәйкес ветеринариялық іс-шаралар өткізу үшін ветеринариялық мекемесіне әкелуге;
      13) итті және (немесе) мысықты әрі қарай ұстауға мүмкіндік болмаған жағдайда басқа тұлғаға беруге немесе ветеринариялық мекемеге тапсыруға ұсынылады;
      5. Иеленушілермен еріп жүретін немесе байлап қойылған иттерді және (немесе) мысықтарды қоспағанда, жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ ауруларды тасымалдайтын иттер және (немесе) мысықтар ұстап алуға ұсынылады.

3-тарау.
Иттер және мысықтар иелерінің осы Ережелерді
бұзғандары үшін жауапкершілігі

      6. Осы ережелерді бұзғаны үшін кінәлі жеке және заңды тұлғалар (иттердің және (немесе) мысықтардың иелері) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап береді.

      7. Осы Ережелерді сақтауға жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тиісті мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүзеге асырады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады