"Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 357 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 1031 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 7 қазанда № 9-2-145 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 14 ақпандағы № 182 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 14.02.2012 № 182 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағының негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 357 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 9-2-132, 2009 жылғы 15 мамырда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған, "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 357 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 650 қаулысымен өзгерістер енгізілді, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 9-2-138, 2009 жылғы 10 шілдеде "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      қаулының мемлекеттік тілдегі мәтінінде 2-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Әлеуметтік көмекті беру немесе одан бас тарту туралы уәкілетті органның шешімі құжаттарды қабылдаған күннен бастап 15 күннің ішінде шығарылады."
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі                     Н. Денинг    

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады