Әкімдіктің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 248 "Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 11 ақпандағы № 77 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 ақпанда № 9-3-105 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімдігінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 370 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімдігінің 2012.08.03 № 370 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес Арқалық қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 111 "Арқалық қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-3-98 нөмірімен тіркелген) шешімін іске асыру мақсатында Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 248 "Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-3-38 нөмірімен тіркелген, "Арқалық хабары" апталық газетінің 2006 жылғы 7 маусымдағы 26 (100) нөмірінде жарияланған), бұдан бұрын 2008 жылғы 31 шілдедегі № 245 "Әкімдіктің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 248 "Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-3-92 нөмірімен тіркелген, "Арқалық хабары" апталық газетінің 2008 жылғы 5 қыркүйектегі № 36 (213) нөмірінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы "үш есе" деген сөз "сегіз есе" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енеді.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Ш. Шаяхметовке жүктелсін.

      Арқалық қала әкімінің
      міндетін атқарушы                          В. Радченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады