Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы 

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 9 қаулысы. Қостанай облысы Лисаков қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 ақпанда № 9-4-136 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 128 қаулысымен бекітілген "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік көмектің түрі - үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) бекітілсін.
      2. Белгіленсін:
      әлеуметтік көмек ағымдағы жылдың оқу кезеңіне өтініш берген айдан бастап тағайындалады, ай сайын, өткен айға, 18 жасқа толмаған әр мүгедек балаға алты есе ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;
      әлеуметтік көмек тағайындау және төлеуді тоқтату туындаған жағдайларда тиісті жағдайлар пайда болған айдан кейін келесі айдан бастап тоқтатылады.
      3. "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарлама бойынша әлеуметтік көмекті қаржыландыру жүргізсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары В.В. Абоимоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған іс-әрекетке қолданылады.

      Лисаков қаласының
      әкімі                                      В. Полешко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады