2009 жылға арналған халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың тізбесі туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 75 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 наурызда № 9-14-103 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57-баптарына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) мүгедектер;
      7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      8) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      9) оралмандар;
      10) ұзақ жұмыс істемеген адамдар (он екі айдан аса);
      11) жұмыссыздар ретінде жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелген елу жастан жоғары адамдар;
      12) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      13) алған мамандығы бойынша жұмыс өтілі және тәжірибесі жоқ жастар;
      14) курстық дайындық бойынша оқуды бітірген жұмыссыздар;
      15) білім беру орындарының түлектері;
      16) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім ұйымдарының түлектері;
      17) заңды тұлға – жұмыс берушінің жойылуына, немесе жеке тұлға – жұмыс беруші қызметінің тоқтатылуына, қызметкерлер саны немесе штаттың қысқартылуына байланысты босатылғандар адамдар;
      18) толық емес жұмыс күні тәртібінде қамтылған адамдар.
      Ескерту. 1 тармақ 16), 17), 18) тармақшалармен толықтырылды - Қостанай облысы Қостанай ауданының 18.05.2009 № 238 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз). 

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.

      Қостанай ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          М. Демесенов



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады