Мәслихаттың 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 128 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне, аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2009 жылғы 23 қыркүйектегі № 209 шешімі. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 қазанда № 9-19-115 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 270 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 20.03.2015 № 270 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28 бабына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 128 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне, аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" (№ 9-19-88 нормативтік құқықтық актілердін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпанда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
      кіріспеде "жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс,
      сессиясының төрайымы                       А. Куанышева

      Аудандық мәслихаттың хатшысы                В. Вербовой

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ұзынкөл ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі, бастық
      ____________ Н. Абдрахманова
      2009.09.23

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады