Федоров ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібіне қосымша

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2009 жылғы 23 қарашадағы № 234 шешімі. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 желтоқсанда № 9-20-165 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы № 214 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 27.02.2014 № 214 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды ұйысдастыру мен өткізу тәртібі туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 Қазақстан Республикасы Заңының 10–бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібіне қосымша реттеу мақсатында, Федоров ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орны қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібі туралы" мәслихаттың 2005 жылғы 28 қазандағы № 210 шешімінің (мемлекеттік тіркелген нөмірі 9–20–7, 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 49 "Федоровские новости" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрайымы                   Е. Абдурахманова

      Аудандық мәслихаттың хатшысы            С. Сералинова
 

Мәслихаттың         
2009 жылғы 23 қараша № 234 
шешіміне қосымша      

Федоров ауданы аумағында бейбіт жиналыстар,
митингілер, шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізу орны
ТІЗБЕСІ
 


р/с
Өткізу орны Обьект атауы

1

Федоров селосы

Федоров селосы, Красноармейск
көшесіндегі орталық алаң

2

Баннов селолық
округі

Баннов селосы, Гагарин
көшесіндегі орталық алаң

3

Вишневый селолық
округі

Вишневый селосы, 8 март
көшесіндегі алаң

4

Воронеж селолық
округі

Придорожное селосы, Центральный
көшесіндегі алаң

5

Жаркөл селолық
округі

Школьная-Щорс көшесінің
қиылысындағы "Мацишин" дара
кәсіпкердің "Анар" дүкенінің маңы

6

Қамысты селолық
округі

Чистый Чандак селосы, Пионерлер
көшесіндегі алаң

7

Қоржынкөл
селолық округі

Лесноес селосы, Юбилейный
көшесіндегі орталық алаңы

8

Қосарал селолық
округі

Қеңарал селосы, Советский
көшесіндегі орталық алаңы

9

Костряков
селолық округі

Костряков селосы, Ленин
көшесіндегі алаң

10

Ленин селолық
округі

Ленино селосы, Ленин көшесіндегі
орталық алаң

11

Новошум селолық
округі

Новошум селосы, Чапаев көшесіндегі
орталық алаң

12

Пешков селолық
округі

Пешков селосы, Ленин көшесіндегі
орталық алаң

13

Украин селолық
округі

Малороссийск селосы, Ленин
көшесіндегі Мәдениет үйі
ғимаратының алдындағы алаң

14

Шаңдақ селолық
округі

Мирное селосы, Зеленая көшесіндегі
алаң

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады