Павлодар қалалық мәслихатының 2006 жылғы 6 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағының құрылысын салу, көріктендіру және инженерлік қамтамасыз ету қағидасын" бекіту туралы" N 15/22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2009 жылғы 4 маусымдағы N 75/15 шешімі. Павлодар облысы Павлодар қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 маусымда N 12-1-141 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы N 25/23 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2010.03.31 N 25/23 шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 65-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы, 1-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2006 жылғы 6 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағының құрылысын салу, көріктендіру және инженерлік қамтамасыз ету қағидасын" бекіту туралы" N 15/22 шешіміне (3-сайланған 22-кезекті сессиясы), (2006 жылғы 11 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 12-1-64  тіркелген, 2006 жылғы 13 сәуірдегі N 43, 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 46 "Сарыарқа самалы", 2006 жылғы 17 сәуірдегі N 15, 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 16, 2006 жылғы 01 мамырдағы N 17, 2006 жылғы 08 мамырдағы N 18 "Версия" газеттерінде жарияланған, Павлодар қалалық мәслихатының шешімдерімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 2007 жылғы 28 наурыздағы "Павлодар қалалық мәслихатының 2006 жылғы 6 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағының құрылысын салу, көріктендіру және инженерлік қамтамасыз ету қағидасын" бекіту туралы" N 15/22 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 27/31 шешімімен (мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 12-1-86 тіркелген, 2007 жылғы 3 мамырдағы N 51 "Сарыарқа самалы", 2007 жылғы 23 сәуірдегі N 16 "Версия" газеттерінде жарияланған), Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 5 наурыздағы Павлодар қалалық мәслихатының 2006 жылғы 6 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағының құрылысын салу, көріктендіру және инженерлік қамтамасыз ету қағидасын" бекіту туралы" N 15/22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 99/4 шешімімен (мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 21-1-105 тіркелген, 2008 жылғы 22 мамырдағы N 57 "Сарыарқа самалы", 2008 жылғы 22 маусымдағы N 22 "Версия" газеттерінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
      "55-тармақ келесі редакцияда жариялансын:
      "құрылыс иелері мен оны пайдаланушылар меншіктегі аумаққа қатысты периметр бойынша 10 метр радиустегі шекара төңірегіндегі аумақты тазалау және ұстауды іске асырады.
      Кәсіпорындардың санитарлық қорғайтын аймақ аумағын тазалау иелері немесе пайдаланушылар іске асырады".
      63-тармақтағы "құрылыс" сөзі "жер учаскесінің шекарасы" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің іске асырылуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессиясының төрағасы                       С. Ватутин

      Қалалық мәслихатының хатшысы               В. Лебедь

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады