Ауыл мектептерінің интернат мекемелерінде оқитын балалардың тамақтанғаны үшін ата-аналарын төлемақыдан босату туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімиятының 2009 жылғы 23 қаңтардағы N 25/1 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 ақпанда N 216 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 22 тамыздағы N 3-05/221 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.08.22 N 3-05/221 хаты).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Білім туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы "Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы" N 738 қаулысымен бекітілген, мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы Нұсқаулықтың 3-тармағы негізінде,  ауылдық жерлерде тұрып, интернат мекемелерінде білім алатын оқушыларды әлеуметтік қорғау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 13 маусымдағы "Ауыл мектептерінің интернат мекемелерінде оқитын балалардың тамақтанғаны үшін ата-аналарын төлемақыдан босату туралы" N 358/5 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-3-182 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Ауыл мектептерінің жанындағы интернат мекемелерінде оқитын балалардың ата-аналары 2009 жылғы тамақтану төлемақысынан босатылсын.
      3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Ж. Нығметов) ауыл мектептерінің жанындағы интернат мекемелерінде тәрбиеленетін балалардың тамақтану шығынын білім беру мекемелерін ұстауға бөлінген қаражаттар есебінен толтырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А. А. Құрмановаға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н. Нәбиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады