Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану үшін жалға берудің төлемін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 823/12 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қаңтарда N 12-3-251 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 09 қыркүйектегі N 898/9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 09.09.2013 N 898/9 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылдың 20 тамызындағы "2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын-үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы туралы" N 383 Жарлығы және Қазақстан Республикасы сауда индустриясы Министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 395 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік арендалық үйлерде өндіріліп алынған арендалық төлемді есептеу әдістемесі негізінде, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ   ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы, Ленин көшесі, 130 мекенжайында орналасқан,  жалға алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға берудің  айсайынғы төлемі жалпы көлемдегі бір шаршы метрге 37,33 теңге мөлшерінде белгіленсін.
      2. Алып тасталды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2012.01.30 N 142/2 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.В.Дычкоға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н. Нәбиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады