Азаматтарды 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында әскерге шақырту учаскесінде есепке алуды өткізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 20 шешімі. Павлодар облысы Железин ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 қаңтарда N 12-6-83 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 02 шешімімен

      Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімінің 2010.04.19 N 02 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке қою тәртібі Ережесін бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. 2009 жылдың қаңтар - наурыз айларында есепке алу жылында он жеті жасқа толған ер азаматтарды, сонымен қатар жасы асқан, бұрын есепке алынбағандарды "Железин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - шақырту учаскесі) есепке алу жұмыстары жүргізілсін.
      2. Ауданның селолық округ әкімдері, бағыныштылығы мен меншік нысанына байланыссыз (келісім бойынша) ұйымдар мен мекемелердің басшылары:
      есепке алынатын азаматтарды уақытылы хабарлаумен қатар шақырту учаскесіне мезгілінде жеткізуді қамтамасыз етсін;
      есепке алынатын азаматтарды әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке алуға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыстан (оқудан) босатсын.
      3. "Железин аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша);
      есепке тұратын азаматтарды медициналық анықтаудан өткізу үшін маман-дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді тағайындасын;
      есепке тұратын азаматтарды тексеруді және емдеуді ұйымдастырсын.
      4. "Железин ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
      шақырту учаскесінде шақырту комиссиясының жұмысы кезеңінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін;
      әскери міндетті атқарудан бас тартушыларды іздеуді және ұстауды жүргізсін.
      5. "Железин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) аудан әкімінің аппаратына есепке алуды өткізу нәтижесі туралы ақпарат ұсынсын.
      6. Железин ауданы әкімінің 2008 жылғы 9 желтоқсандағы "1992 жылы туған бозбалаларды Железин ауданының әскерге шақырту учаскесіне есепке алу туралы" N 26 шешімінің (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуге алу Тізілімінде  N 12-6-64 болып тіркелген, аудандық "Родные просторы" газетінің 2009 жылғы 10 қаңтардағы N 2 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.
      8. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Шугаев

      Келісілді

      Железин ауданы қорғаныс
      істері бөлімінің бастығы
      2009 ж. 20 желтоқсандағы                   С. Сүлейменов

      Келісілді

      Железин ауданы ішкі істер
      бөлімінің бастығы
      2009 ж. 20 желтоқсандағы                   К. Шайков

      Келісілді

      "Железин аудандық орталық
      ауруханасының" бас дәрігері
      2009 ж. 20 желтоқсандағы                   Г. Оспанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады