Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы "2009 жылы аудан азаматтарының жеке санатын әлеуметтік қолдау туралы" N 7/1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 7 қазандағы N 217/8 қаулысы. Павлодар облысы Шарбақты ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 қазанда N 12-13-87 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 35/01-18/173 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2010.04.19 N 35/01-18/173 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы "2009 жылы аудан азаматтарының жеке санатын әлеуметтік қолдау туралы" N 7/1 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12- 13-74 болып тіркелген, 2009 жылғы 15 тамыздағы N 33 аудандық "Трибуна" газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 тамыздағы "2009 жылы аудан азаматтарының жеке санатын әлеуметтік қолдау туралы" N 7/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 179/6 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-13-84 болып тіркелген, 2009 жылғы 26 қыркүйектегі N 39 аудандық "Трибуна" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      Азаматтардың жеке санатына әлеуметтік төлемдер тағайындау Нұсқауы келесі мазмұны 2.1 тармағымен толықтырылсын:
      "2.1. Аудан азаматтарының жеке санатына төленетін әлеуметтік төлемдер төмендегідей өлшеммен тағайындалады:
      Ұлы Отан соғысы мүгедектері және қатысушыларына:
      Жеңіс Күніне орай төленетін біржолғы төлемдер 10 000 (он) мың теңге көлемінде;
      Жеңіс Күніне орай сыйлық сатып алу үшін 3207 (үш мың екі жүз жеті) теңге;
      дәрі-дәрмек сатып алу үшін төленетін ай сайынғы төлемдер 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      коммуналдық шығындарын өтеу үшін төленетін ай сайынғы төлемдер 3 000 (үш мың) теңге, 2009 жылғы 1 мамырдан бастап 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      тіс протезін салғызу үшін төленетін біржолғы төлем 10 000 (он) мың теңге көлемінде;
      электрмен жылыту қондырғысын орнату үшін төленетін біржолғы төлем 50 000 (елу) мың теңге көлемінде.
      Жеңіс күніне төленетін біржолғы төлемдер: азаматтардың келесі санатына 1 000 (бір) мың теңге көлемінде:
      "1941-1945 соғыс жылдардағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен марапатталған тұлғаларға;
      "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға;
      1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген азаматтарға;
      "Германияны жеңгені үшін" медалімен марапатталған тұлғаларға;
      концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына;
      некеге қайта тұрмаған әскери қызметкерлердің жесірлеріне;
      Ұлы Отан соғысы кезінде қызметте болған әскери қызметкерлер мен еркін жалдамалы құрамда болған тұлғаларға;
      Кореядағы соғыс әрекеттеріне қатысушыларға 2 000 (екі) мың теңге көлемінде;
      Отан қорғаушылар Күніне орай Қарулы Күштер ардагерлеріне төленетін біржолғы көмек 2 000 (екі) мың теңге көлемінде;
      Чернобыль атом стансасындағы апаттан зардап шеккен тұлғаларға және Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына қатысқан тұлғаларға:
      сауықтыруға арналған тоқсан сайын төленетін қаражаттай көмек 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      Отан қорғаушылар Күніне орай 2 000 (екі) мың теңге көлемінде;
      коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін төленетін ай сайынғы төлемдер 1 600 (бір мың алты жүз) теңге көлемінде;
      Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне орай Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына қатысқан тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына қатысқан тұлғаларға төленетін біржолғы төлемдер 2 000 (екі) мың теңге көлемінде;
      Коммуналдық қызметтер бойынша шығындарын өтеуге:
      Азаматтардың келесі санатына ай сайын 1 600 (бір мың алты жүз) теңге көлемінде:
      некеге қайта тұрмаған әскери қызметкерлердің жесірлеріне;
      "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға;
      концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына;
      Азаматтардың келесі санатына тоқсан сайын 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде:
      жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге;
      ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге.
      Облыстың жоғары оқу орындарында оқып жатқан және интернатура өту кезеңіндегі студенттерге - нақты оқуақысы көлемінде, жолақысы, жатып-тұруына және тамақтануларына ай сайын төлемақы 5 000 (бес) мың теңге көлемінде;
      колледжде оқып жатқан жетім студенттерге оқу кезеңіне нақты оқу ақысы көлемінде оқуларын төлеу;
      мүгедек студентке жоғары оқуына төлеуге біржолғы көмек 2 курс оқуының нақты оқу ақысы 76 000 (жетпіс алты мың) теңге көлемінде;
      Семей мемлекеттік медициналық Академиясының Павлодар филиалының 5 курс студентіне 1 семестрдегі оқуының нақты оқу ақысы 112 880 (жүз он екі мың сегіз жүз сексен) теңге көлемінде;
      Қосалқы шаруашылығын дамытуға берілетін біржолғы қаражаттай көмек 70 000 (жетпіс) мың теңге көлемінде, мал азығын алуға 20 000 (жиырма) мың теңге көлемінде;
      Отын алу үшін берілетін қаражаттай көмек:
      Шарбақты ауыл тұрғындарына 7 000 (жеті) мың теңге көлемінде, 2009 жылғы 1 шілдеден бастап 9 000 (тоғыз) мың теңге көлемінде;
      ауылдық округ тұрғындарына 10 000 (он) мың теңге көлемінде, 2009 жылғы 1 шілдеден бастап 12 000 (он екі) мың теңге көлемінде;
      жеке өтініштеріне сәйкес азаматтардың жеке санатына берілетін біржолғы көмек;
      мүгедектер күніне орай біржолғы көмек:
      барлық топтағы мүгедектерге 3 000 (үш) мың теңге көлемінде;
      мүгедек балаларға 5 000 (бес) мың теңге көлемінде;
      мүгедек балаларға компьютер алу үшін берілетін біржолғы қаражаттай көмек 100 000 (жүз) мың теңге көлемінде;
      сал ауруымен ауыратын балалары бар аналарға 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленетін ай сайынғы әлеуметтік көмек;
      аудан, облыс, Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін, "Әлеуметтік қамсыздандыру ісінің үздігі" және "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" атағы бар зейнеткерлерге зейнетақысына қосымша төлем түріндегі ай сайынғы әлеуметтік көмек 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрған жұмыссыз мәртебесі бар тұлғаны жерлеуге жұмыссыздың отбасына төленетін біржолғы көмек 20 000 (жиырма) мың теңге көлемінде;
      амбулаторлық емделуде жүрген туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға ай сайынғы әлеуметтік көмек 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға жүріп тұруларына және тамақтануларына көрсетілетін біржолғы көмек 10 000 (он) мың теңге көлемінде;
      онкологиялық ауруларға емделулеріне төленетін біржолғы көмек -  10 000 (он) мың теңге көлемінде;
      бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан тұлғаларға төленетін біржолғы көмек 10 000 (он) мың теңге көлемінде;
      жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға біржолғы көмек 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      2009 жылы мектеп бітірген жетім балаларға біржолғы көмек 100 000 (жүз) мың теңге көлемінде;
      Галкино ауылына тұруға келген оралмандар отбасына тұрмыстық жағдайларын жақсартуға берілетін біржолғы көмек 300 000 (үш жүз) мың теңге көлемінде;
      жүктілігіне байланысты аудандық ауруханаға уақытында есепке тұрған жүкті әйелдерге берілетін біржолғы қаражаттай көмек 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      нәресте балалары бар аналарға балалар тамағын алуға көрсетілетін біржолғы қаражаттай көмек 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай біржолғы төлемдер:
      100 жыл және одан ұзақ жасаған қарт әйелдерге 20 000 (жиырма) мың теңге көлемінде;
      Ұлы Отан соғысына қатысқан әйелдерге және 4 және одан көп балалары бар көпбалалы аналарға 10 000 (он) мың теңге көлемінде;
      әлеуметтік жұмысшылар және этномәдени бірлестік жетекшілеріне 5 000 (бес) мың теңге көлемінде.
      Қарттар күніне орай біржолғы төлемдер:
      ұйымдарға бекітілмеген зейнеткерлерге 1000 (бір) мың теңге көлемінде;
      90, 100 жастан асқан зейнеткерлерге 10 000 (он) мың теңге көлемінде.
      100 жыл және одан ұзақ жасағандарға ай сайынғы төлемдер 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрған жұмыссыздарға біржолғы төлемдер:
      зейнеткерлік жасы алдындағы жұмыссыздарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      кәсіптік оқудан өтіп жатқан жұмыссыздарға жүріп - тұруларына және тамақтануларына көрсетілетін біржолғы көмек 5 000 (бес) мың теңге көлемінде;
      мектепке дейінгі тәрбие шағын орталығында тәрбиеленетін балалары бар отбасыларына орталық қызметіне төлеуге отбасыларына ай сайынғы өтемақы 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде".
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін күшіне енеді және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі "2009 жылы аудан азаматтарының жеке санатына әлеуметтік көмек беру және оның өлшемдері бойынша нұсқау туралы" N 193/7 қаулысы жойылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Гүлстан Сағынтайқызы Теміржановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады