2009 жылы аудан азаматтарының жеке санаттарын әлеуметтік қолдау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 7/1 қаулысы. Павлодар облысы Шарбақты ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 ақпанда N 74 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2010.03.05 N 35/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2010.03.05 N 35/2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бап 1 тармағы 14 тармақшасы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан азаматтарының жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер туралы қоса берілген Нұсқау бекітілсін (одан әрі Нұсқау).
      2. "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Нұсқауда қарастырылған шараларды дер кезінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Аудан әкімдігінің қаулысы 1 қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап  күнтізбелік 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Гүлстан Сағынтайқызы Теміржановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Смағұлов

Шарбақты ауданы әкімдігінің 2009 жылғы
26 қаңтардағы N 7/1 қаулысымен бекітілді

Азаматтардың жеке санатына әлеуметтік
төлем тағайындау жөніндегі НҰСҚАУ

      1. Осы нұсқау Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектер және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және оларға жеңілдіктер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі "Мүгедектерді сауықтандырудың кейбір мәселелері туралы" N 754 қаулысына сәйкес жергілікті уәкілетті органдарының шешімі бойынша аудан азаматтарының жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді берудің шартын нақтылайды.
      2. Әлеуметтік төлемдерді алуға құқылы азаматтардың санаты және әлеуметтік төлемдердің түрі:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысқандарға Жеңіс күніне орай біржолғы сыйлықтар, дәрі-дәрмек сатып алу үшін ай сайын төлемдер, ай сайын коммуналдық қызмет шығындарын толықтыру;
      2) Ұлы Отан соғысына қатысқандарға және мүгедектерге тіс протезіне біржолғы төлемдер;
      3) "1941-1945 соғыс жылдары және ерен еңбегі үшін" медалімен, "Ленинград блокадасының тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға біржолғы төлемдер;
      4) 1941 жылғы маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кезеңде 6 айдан кем емес жұмыс істеген азаматтарға біржолғы төлем;
      5) "Германияны жеңгені үшін" медалімен марапатталған тұлғаларға біржолғы төлемдер;
      6) бұрынғы концлагерь тұтқындарына коммуналдық шығындарды төлеу үшін ай сайын;
      7) қайтыс болған әскери қызметшілердің екінші рет тұрмысқа шықпаған жесір қалған әйелдеріне біржолғы төлемдер, ай сайын коммуналдық қызмет шығынын толықтыру;
      8) Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметте болған әскери қызметшілерге біржолғы төлемдер;
      9) Корея соғыс оқиғаларына қатысқандарға біржолғы төлемдер.
      10) Ауғанстан соғысына қатысқандарға біржолғы төлемдер, ай сайын коммуналдық қызмет шығынын толықтыру;
      11) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом стансасында болған апат зардаптарын жоюға қатысқандарға Отан қорғаушылар күніне орай, біржолғы төлемдер ай сайын коммуналдық қызмет шығынын толықтыру;
      12) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом стансасында болған апат зардаптарын жоюға қатысқандарға сауықтандыру үшін тоқсансайын қаражаттай көмек көрсету;
      13) Ауғанстаннан әскерді шығау күніне орай Ауған соғысына қатысқандарға біржолғы көмек;
      14) "Ленинград блокадасының тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға ай сайын коммуналдық қызмет шығынын толықтыру;
      15) жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге ай сайын коммуналдық қызмет шығынын толықтыру;
      16) ең аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге ай сайын коммуналдық қызмет шығынын толықтыру;
      17) Алынып тасталды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2009.08.19 N 179/6 қаулысымен.
      18) Алынып тасталды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2009.08.19 N 179/6 қаулысымен.
      19) табысы жан басына шаққанда облыс бойынша күнкөріс деңгейінен аспайтын облыстың интерн бойынша оқуын жалғастырып жатқан студенттер жоғары оқу орындарында оқитын аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы студенттерге оқуына төлеу жүріп-тұруларына, тамақтануларына ай сайынғы көмек;
      20) жетім, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға жоғары оқу орындарында оқуына, біржолғы қаражаттай көмек;
      21) Атаулы әлеуметтік көмек алушылар, мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар, 18 жасқа дейін балалары бар отбасылары, бірақ қосалқы шаруашылықты дамытуға мүмкіндігі жоқ аз қамтамасыз етілген азаматтарға қосалқы шаруашылығын дамытуға, мал-азығын алуға қаражаттай көмек көрсету;
      азаматтардың жеке санатына отын алуға және жеке өтініштері бойынша біржолғы қаражаттай көмек көрсету:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға:
      2) мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушыларға;
      3) 4 және одан көп балалары бар көпбалалы отбасыларына;
      4) зейнеткерлерге;
      5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғаларға;
      6) мүгедектер мен мүгедек–балалары бар отбасыларына;
      7) жұмыспен қамту бөлімінде есепте тұрған жұмыссыздарға;
      8) онкологиялық  және туберкулез ауруымен ауыратындарға;
      9) күнкөріс деңгейінен төмен тұратын отбасыларына;
      10) жетім балаларға қорғаншыларға және ата – ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға;
      22) мүгедектер, мүгедек балалар күніне орай мүгедектерге біржолғы көмек көрсету,
      23) мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек ретінде компьютер сатып алу үшін біржолғы төлемдер,
      24) церебральді сал ауруымен ауыратын балалары бар аналарға ай сайын әлеуметтік көмек;
      25) ауданға, облысқа, Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы алатын, бірақ арнайы жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер алмайтын зейнеткерлер, "Әлеуметтік қамтамасыз ету қызметінің үздігі" және "Денсаулық сақтау ісінің үздігімен" кәсіптік атағы бар ардагерлерге зейнетақысына үстемеақы;
      26) ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеуге алынған жұмыссыз қайтыс болған тұлғалардың отбасларына жерлеу үшін біржолғы көмек көрсету;
      27) туберкулез ауруымен ауыратындарға жүріп-тұруы және тамақтануы үшін ай сайын біржолғы әлеуметтік көмек;
      28) онкологиялық ауруларға біржолғы көмек;
      29) бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан тұлғаларға біржолғы қаражаттай көмек;
      30) тұрмыс-жағдайын жақсарту үшін оралмандарға біржолғы көмек;
      31) жүктілігіне байланысты аудандық ауруханаға дер кезінде дәрігердің қарауына келіп жүрген екі қабат әйелдерге біржолғы қаражаттай көмек;
      32) 1 жасқа дейін баласы бар аналарға балалар тағамын сатып алу үшін ай сайынғы қаражаттай көмек көрсету;
      33) отан қорғаушылар күніне қарсы Ауғанстандағы жауынгерлік әрекеттерге қатысушы тұлғаларға берілетін біржолғы төлем;
      34) мүгедек–студентке жоғары оқуына төлеуге біржолғы көмек;
      35) аз қамтамасыз етілген отбасының Семей Медициналық академиясы Павлодарлық филиалының студентіне оқуына төлеуге біржолғы көмек;
      36) ұйымдарға бекітілмеген зейнеткерлерге Қарттар күніне орай біржолғы көмек;
      37) жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған зейнеткерлік жасы алдындағы жұмыссыздарға төленетін біржолғы көмек;
      38) кәсіптік оқуда жүрген жұмыссыздарға жолақыларына, тамақтануларына және тұрғын жайларына төлеуге берілетін біржолғы көмек;
      39) Отан қорғаушылар күніне орай Қарулы Күштер ардагерлеріне төленетін біржолғы көмек;
      40) 2009 жылы мектеп бітірген жетім балаларға төленетін біржолғы көмек;
      41) мектепке дейінгі тәрбиелеу шағын орталығының қызметін төлеуге балалары бар отбасыларына төленетін ай сайынғы өтемақы;
      42) 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай берілетін біржолғы төлемдер:
      1) 100 жыл және одан көп жасаған қарт әйелдерге;
      2) Ұлы Отан Соғысына қатысқан әйелдерге;
      3) 4 және одан көп балалары бар көпбалалы аналарға аудан әкімінің шақыруы бойынша;
      4) Шарбақты ауылдық округінің жалғызбасты қарттарына және мүгедектеріне қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерге, аудан әкімінің шақыруы бойынша;
      5) Этномәдени бірлестік және Мұсылман әйелдер лигасы жетекшілеріне, аудан әкімінің шақыруы бойынша;
      43) Ұлы Отан соғысы мүгектері мен қатысушыларына электрожылыту қондырғышын орнатуға берілетін біржолғы көмек;
      44) 100 жыл және одан көп жасағандарға төленетін ай сайынғы төлемдер;
      45) 90, 100 және одан көп жасағандарға Қарттар күніне орай төленетін біржолғы төлемдер.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2009.08.19 N 179/6 қаулысымен.
      2.1. Аудан азаматтарының жеке санатына төленетін әлеуметтік төлемдер төмендегідей өлшеммен тағайындалады:
      Ұлы Отан соғысы мүгедектері және қатысушыларына:
      Жеңіс Күніне орай төленетін біржолғы төлемдер 10 000 (он) мың теңге көлемінде;
      Жеңіс Күніне орай сыйлық сатып алу үшін 3207 (үш мың екі жүз жеті) теңге;
      дәрі-дәрмек сатып алу үшін төленетін ай сайынғы төлемдер 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      коммуналдық шығындарын өтеу үшін төленетін ай сайынғы төлемдер 3 000 (үш мың) теңге, 2009 жылғы 1 мамырдан бастап 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      тіс протезін салғызу үшін төленетін біржолғы төлем 10 000 (он) мың теңге көлемінде;
      электрмен жылыту қондырғысын орнату үшін төленетін біржолғы төлем 50 000 (елу) мың теңге көлемінде.
      Жеңіс күніне төленетін біржолғы төлемдер: азаматтардың келесі санатына 1 000 (бір) мың теңге көлемінде:
      "1941-1945 соғыс жылдардағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен марапатталған тұлғаларға;
      "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға;
      1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген азаматтарға;
      "Германияны жеңгені үшін" медалімен марапатталған тұлғаларға;
      концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына;
      некеге қайта тұрмаған әскери қызметкерлердің жесірлеріне;
      Ұлы Отан соғысы кезінде қызметте болған әскери қызметкерлер мен еркін жалдамалы құрамда болған тұлғаларға;
      Кореядағы соғыс әрекеттеріне қатысушыларға 2 000 (екі) мың теңге көлемінде;
      Отан қорғаушылар Күніне орай Қарулы Күштер ардагерлеріне төленетін біржолғы көмек 2 000 (екі) мың теңге көлемінде;
      Чернобыль атом стансасындағы апаттан зардап шеккен тұлғаларға және Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына қатысқан тұлғаларға:
      сауықтыруға арналған тоқсан сайын төленетін қаражаттай көмек 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      Отан қорғаушылар Күніне орай 2 000 (екі) мың теңге көлемінде;
      коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін төленетін ай сайынғы төлемдер 1 600 (бір мың алты жүз) теңге көлемінде;
      Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне орай Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына қатысқан тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына қатысқан тұлғаларға төленетін біржолғы төлемдер 2 000 (екі) мың теңге көлемінде;
      Коммуналдық қызметтер бойынша шығындарын өтеуге:
      Азаматтардың келесі санатына ай сайын 1 600 (бір мың алты жүз) теңге көлемінде:
      некеге қайта тұрмаған әскери қызметкерлердің жесірлеріне;
      "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға;
      концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына;
      Азаматтардың келесі санатына тоқсан сайын 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде:
      жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге;
      ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге.
      Облыстың жоғары оқу орындарында оқып жатқан және интернатура өту кезеңіндегі студенттерге - нақты оқуақысы көлемінде, жолақысы, жатып-тұруына және тамақтануларына ай сайын төлемақы 5 000 (бес) мың теңге көлемінде;
      колледжде оқып жатқан жетім студенттерге оқу кезеңіне нақты оқу ақысы көлемінде оқуларын төлеу;
      мүгедек студентке жоғары оқуына төлеуге біржолғы көмек 2 курс оқуының нақты оқу ақысы 76 000 (жетпіс алты мың) теңге көлемінде;
      Семей мемлекеттік медициналық Академиясының Павлодар филиалының 5 курс студентіне 1 семестрдегі оқуының нақты оқу ақысы 112 880 (жүз он екі мың сегіз жүз сексен) теңге көлемінде;
      Қосалқы шаруашылығын дамытуға берілетін біржолғы қаражаттай көмек 70 000 (жетпіс) мың теңге көлемінде, мал азығын алуға 20 000 (жиырма) мың теңге көлемінде;
      Отын алу үшін берілетін қаражаттай көмек:
      Шарбақты ауыл тұрғындарына 7 000 (жеті) мың теңге көлемінде, 2009 жылғы 1 шілдеден бастап 9 000 (тоғыз) мың теңге көлемінде;

      ауылдық округ тұрғындарына 10 000 (он) мың теңге көлемінде, 2009 жылғы 1 шілдеден бастап 12 000 (он екі) мың теңге көлемінде;
      жеке өтініштеріне сәйкес азаматтардың жеке санатына берілетін біржолғы көмек;
      мүгедектер күніне орай біржолғы көмек:
      барлық топтағы мүгедектерге 3 000 (үш) мың теңге көлемінде;
      мүгедек балаларға 5 000 (бес) мың теңге көлемінде;
      мүгедек балаларға компьютер алу үшін берілетін біржолғы қаражаттай көмек 100 000 (жүз) мың теңге көлемінде;
      сал ауруымен ауыратын балалары бар аналарға 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленетін ай сайынғы әлеуметтік көмек;
      аудан, облыс, Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін, "Әлеуметтік қамсыздандыру ісінің үздігі" және "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" атағы бар зейнеткерлерге зейнетақысына қосымша төлем түріндегі ай сайынғы әлеуметтік көмек 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрған жұмыссыз мәртебесі бар тұлғаны жерлеуге жұмыссыздың отбасына төленетін біржолғы көмек 20 000 (жиырма) мың теңге көлемінде;
      амбулаторлық емделуде жүрген туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға ай сайынғы әлеуметтік көмек 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      Туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға жүріп тұруларына және тамақтануларына көрсетілетін біржолғы көмек 10 000 (он) мың теңге көлемінде;
      онкологиялық ауруларға емделулеріне төленетін біржолғы көмек -  10 000 (он) мың теңге көлемінде;
      бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан тұлғаларға төленетін біржолғы көмек 10 000 (он) мың теңге көлемінде;
      жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға біржолғы көмек 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      2009 жылы мектеп бітірген жетім балаларға біржолғы көмек 100 000 (жүз) мың теңге көлемінде;
      Галкино ауылына тұруға келген оралмандар отбасына тұрмыстық жағдайларын жақсартуға берілетін біржолғы көмек 300 000 (үш жүз) мың теңге көлемінде;
      жүктілігіне байланысты аудандық ауруханаға уақытында есепке тұрған жүкті әйелдерге берілетін біржолғы қаражаттай көмек 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      нәресте балалары бар аналарға балалар тамағын алуға көрсетілетін біржолғы қаражаттай көмек 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай біржолғы төлемдер:
      100 жыл және одан ұзақ жасаған қарт әйелдерге 20 000 (жиырма) мың теңге көлемінде;
      Ұлы Отан соғысына қатысқан әйелдерге және 4 және одан көп балалары бар көпбалалы аналарға 10 000 (он) мың теңге көлемінде;
      әлеуметтік жұмысшылар және этномәдени бірлестік жетекшілеріне 5 000 (бес) мың теңге көлемінде.
      Қарттар күніне орай біржолғы төлемдер:
      ұйымдарға бекітілмеген зейнеткерлерге 1000 (бір) мың теңге көлемінде;
      90, 100 жастан асқан зейнеткерлерге 10 000 (он) мың теңге көлемінде.
      100 жыл және одан ұзақ жасағандарға ай сайынғы төлемдер 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрған жұмыссыздарға біржолғы төлемдер:
      зейнеткерлік жасы алдындағы жұмыссыздарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      кәсіптік оқудан өтіп жатқан жұмыссыздарға жүріп - тұруларына және тамақтануларына көрсетілетін біржолғы көмек 5 000 (бес) мың теңге көлемінде;
      мектепке дейінгі тәрбие шағын орталығында тәрбиеленетін балалары бар отбасыларына орталық қызметіне төлеуге отбасыларына ай сайынғы өтемақы 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.
      Ескерту. Нұсқауы 2.1-тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2009.10.07 N 217/8 қаулысымен.
      3. Әлеуметтік төлемдерді алуға құқылы азаматтарға әлеуметтік төлемдер "Жергілікті уәкілетті органдарының шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына төленетін әлеуметтік төлемдер" негізінде тағайындалады.
      4. Әлеуметтік және басқа да төлемдерді іске асыру үшін қажетті  құжаттардың тізбесі:
      1) Нұсқаудың 2 тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшаларында айтылған тұлғаларға төленетін төлемдер "Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлемі жөнінде мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Павлодар облыстық филиалының Шарбақты аудандық бөлімімен және аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесімен келісілген тізіміне сәйкес жүргізіледі. Тізімде тегі,аты, әкесінің аты, туған жылы, салық тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, жеке есепшотының нөмірі және төлем сомасы көрсетіледі;
      2) нұсқаудың 2 тармағының 2) тармақшасында айтылған тұлғаларға төлемдер жеке өтініші негізінде есепшотын көрсете отырып төленеді;
      3) Алынып тасталды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2009.08.19 N 179/6 қаулысымен.
      4) нұсқаудың 2 тармағының 19) тармақшасында айтылған тұлғаларға интерн бойынша оқуына үшжақты келісімшарт негізінде төленеді;
      5) нұсқаудың 2 тармағының 20) тармақшасында айтылған тұлғаларға оқу орнының анықтамасы негізінде білім беру қызметіне арналған келісімшарт негізінде төленеді.
      Біржолғы көмек "Шарбақты ауданының оқу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тізімі негізінде көрсетіледі. Тізімде баланың тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және статусы, тұрғылықыт мекенжайы, жеке куәлігінің нөмірі, салық төлеу нөмірі көрсетіледі.
      6) нұсқаудың 2 тармағының 21) тармақшасында айтылған тұлғаларға жеке есепшоты мен өтініші, селолық округ әкімінің қолдаухаты, тұрмыс жағдайын тексеру актісі, ауылдық округ әкімі жанындағы комиссиясы өткізетін жеке куәлігінің көшірмесі негізінде төлемақы жүргізіледі. Жем-шөп азығын сатып алу үшін қосалқы шаруашылығының бар-жоғы жөнінде анықтама беріледі. Отын алу үшін және жеке өтініші бойынша ауылдық округ әкімі қолдаухаты, тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі және қосалқы шаруашылығын растайтын анықтамадан басқа жоғарыда аталған құжаттар.
      7) нұсқаудың 2 тармағының 22) тармақшасында айтылған тұлғаларға төленетін төлемдер "Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлемі жөнінде мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Павлодар облыстық филиалының Шарбақты аудандық бөлімімен және аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесімен келісілген тізіміне сәйкес жүргізіледі. Тізімде тегі,аты, әкесінің аты, туған жылы, салық тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, жеке есепшотының нөмірі және төлем сомасы көрсетіледі;
      8) нұсқаудың 2 тармағының 23) тармақшасында айтылған тұлғаларға жеке есепшоты, жеке куәлігінің көшірмесі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты жерін анықтайтын құжат көшірмелері көрсетілген өтініш берушінің жеке өтініші негізінде жүргізіледі;
      9) нұсқаудың 2 тармағының 24) тармақшасында айтылған тұлғаларға төленетін төлемдер "Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлемі жөнінде мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Павлодар облыстық филиалының Шарбақты аудандық бөлімімен келісілген тізіміне сәйкес жүргізіледі;
      10) нұсқаудың 2 тармағының 25) тармақшасында айтылған тұлғаларға төленетін төлемдер есепшоты көрсетілген жеке өтініші, Мемлекеттік зейнетақы төлемі орталығынан зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы алмайтындығы туралы анықтама, зейнеткерлік куәліктің көшірмесі жеке куәлігінің көшірмесі негізінде жүргізіледі,
      11) нұсқаудың 2 тармағының 26) тармақшасында айтылған тұлғаларға төленетін төлемдер жұмыссыз ретінде статусын растайтын анықтама, қайтыс болғандығы туралы куәлік, салық тіркеу нөмірі, жеке куәлігі, есепшоты көрсетілген өтініш беруші туысының жеке өтініші негізінде жүргізіледі,
      12) нұсқаудың 2 тармағының 27) тармақшасында айтылған тұлғаларға төленетін төлемдер "Туберкулезге қарсы аурухана" мемлекеттік мекемесінің тізімі негізінде  жүргізіледі,
      13) нұсқаудың 2 тармағының 28) тармақшасында айтылған тұлғаларға төленетін төлемдер онкологиялық ауруы бар екендігін растайтын медициналық анықтамасы, жеке куәлігінің көшірмесі, салық тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабы негізінде жүргізіледі;
      14) нұсқаудың 2 тармағының 29) тармақшасында айтылған тұлғаларға төленетін төлемдер "Шарбақты ауданының ішкі істер бөлімінің тізімі негізінде бас ботандығынан босап шыққандығы туралы анықтамасы, жеке куәлігінің көшірмесі және салық тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабы негізінде жүргізіледі;
      15) нұсқаудың 2 тармағының 30) тармақшасында айтылған тұлғаларға төленетін төлемдер жеке есепшоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, салық тіркеу нөмірі және селолық округ әкімінің тұрмыс жағдайын тексеру туралы берілген актісі негізінде жүргізіледі;
      16) нұсқаудың 2 тармағының 31) тармақшасында айтылған тұлғаларға төленетін төлемдер жеке есепшоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, салық тіркеу нөмірі және медициналық анықтама негізінде жүргізіледі;
      17) нұсқаудың 2 тармағының 32) тармақшасында айтылған тұлғаларға төленетін төлемдер жеке есепшоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, салық тіркеу нөмірі және медициналық мекемесінен берілген анықтамасы негізінде жүргізіледі;
      18) нұсқаудың 2 тармақ 33) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер "Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Павлодар облыстық филиалының Шарбақты аудандық бөлімшесі және аудандық соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесімен келісілген тізімдер негізінде жүзеге асырылады. Тізімде аты-жөні, туған жылы,салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, дербес шотының нөмірі және төлем сомасы көрсетілуі тиіс;
      19) нұсқаудағы 2 тармақтың 34), 35) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға төлемдер дербес шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері, оқу төлемі сомасы көрсетілген оқу орнынан анықтама, білім беру туралы шарт негізінде жүргізіледі;
      20) нұсқаудағы 2 тармақтың 36) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер аудандық соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесімен келісілген тізім негізінде жүргізіледі. Тізімде аты-жөні, туған жылы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, дербес шотының нөмірі және төлем сомасы көрсетілуі тиіс;
      21) нұсқаудағы 2 тармақтың 37), 38) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға төлемдер дербес шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері және жұмыссыз мәртебесін растайтын анықтама негізінде жүргізіледі;
      22) нұсқаудағы 2 тармақтың 39) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер "Шарбақты ауданының ішкі саясат бөлімі" берген тізімдер негізінде жүзеге асырылады. Тізімде аты-жөні, туған жылы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекен-жайы, дербес шотының нөмірі көрсетілуі тиіс;
      23) нұсқаудағы 2 тармақтың 40) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер дербес шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабы, орта білім туралы аттестаттың көшірмелері және мәртебесін растайтын анықтама негізінде жүргізіледі;
      24) нұсқаудағы 2 тармақтың 41) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер дербес шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері және мектеп директорының қолдаухаты негізінде жүргізіледі;
      25) нұсқаудағы 2 тармақтың 42) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға, соның ішінде:
      100 жыл және одан көп жасағандарға төленетін төлемдер дербес шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері негізінде жүргізіледі.
      Ұлы Отан Соғысына қатысушы әйелдерге төленетін төлемдер аты –жөні, туған жылы, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, дербес шоты көрсетілген "Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Павлодар облыстық филиалының Шарбақты аудандық бөлімшесімен келісілген тізім негізінде жүргізіледі.
      4 және одан көп балалары бар көпбалалы аналарға төлемдер аты –жөні, туған жылы, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, дербес шоты көрсетілген "Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Павлодар облыстық филиалының Шарбақты аудандық бөлімшесімен келісілген тізім негізінде жүргізіледі.
      Ауылдық округтің жалғызбасты қарттарына және мүгедектеріне қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлеріне төленетін төлемдер "Шарбақты ауданының Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі берген тізім негізінде жүргізіледі. Тізімде аты –жөні, туған жылы, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, дербес шоты көрсетіледі.
      Этномәдени бірлестік және Мұсылман әйелдер лигасы жетекшілеріне төленетін төлемдер "Шарбақты ауданының ішкі саясат бөлімі" берген тізімдер негізінде жүзеге асырылады. Тізімде аты-жөні, туған жылы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, дербес шотының нөмірі көрсетілуі тиіс;
      26) нұсқаудағы 2 тармақтың 43) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, дербес шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш негізінде жүргізіледі;
      27) нұсқаудағы 2 тармақ 44) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер дербес шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері негізінде жүргізіледі;
      28) Нұсқаудағы 2 тармақ 45) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер "Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Павлодар облыстық филиалының Шарбақты аудандық бөлімшесі берген тізімдер негізінде жүргізіледі.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2009.08.19 N 179/6 қаулысымен.
      5. Әлеуметтік қызмет көрсетуге бөлінген қаржының есебі мен есептілігін "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" жүзеге асырады (одан әрі – Бөлім).
      Әлеуметтік төлем туралы мәселені шешуге негіз болатын бастапқы құжаттар (хаттама, тұрмыс жағдайын зерттеу актісі, тізімдер және т.б.) Бөлімде заңнамамен белгіленген мерзімге сақталады.
      Бөлім "Шарбақты ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік төлемдерге бөлінген қаржының игерілуі туралы есеп береді.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2009.08.19 N 179/6 қаулысымен.
      6. Алынып тасталды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2009.08.19 N 179/6 қаулысымен.
      7. Алынып тасталды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2009.08.19 N 179/6 қаулысымен.

Шарбақты ауданы әкімдігінің 2009 жылғы
26 қаңтардағы N 7/1 қаулысына   
1 қосымша             

Заң күші жойылған актілердің тізбесі

      1. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 5 ақпандағы "2008 жылы аудан азаматтарының жеке санаттарын әлеуметтік қолдау туралы N 17/1 қаулысы.
      2. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 25 наурыздағы "Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 5 ақпандағы "2008 жылы аудан азаматтарының жеке санаттарын әлеуметтік қолдау туралы N 17/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 80/2 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге алу тізілімінде N 12-13-44 тіркелген)".
      3. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 5 ақпандағы "2008 жылы аудан азаматтарының жеке санаттарын әлеуметтік қолдау туралы N 17/1 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" N 157/4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге алу тізілімінде N 12-13-53 тіркелген) қаулысы.
      4. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 11 тамыздағы "2008 жылы аудан азаматтарының жеке санаттарын әлеуметтік қолдау туралы N 17/1 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" N 218/7 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге алу тізілімінде N 12-13-66 тіркелген) қаулысы.
      5. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 9 желтоқсандағы "Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 5 ақпандағы "2008 жылы аудан азаматтарының жеке санаттарын әлеуметтік қолдау туралы N 17/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 331/9 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге алу тізілімінде N 12-13-69 тіркелген) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады