2009 жылғы 6 наурыздағы Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауын жүзеге асыруға халықты жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімінің 2009 жылғы 12 мамырдағы № 4/313 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2009 жылғы 20 мамырда № 817 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 1/144 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 2010.03.02 № 1/144 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауын жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топқа жататын, оның ішінде мектеп оқушыларының, студенттердің, зейнеткерлердің, сондай-ақ толық емес жұмыс уақыты тәртібінде жұмыс істейтін қызметкерлердің, ұзақ уақыттан бері жұмыс істемейтін тұлғалардың, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбек биржасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында тіркелген тұлғалардың қосымша тізімі белгіленсін. 
      2. Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы:
      1) халықты жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру жөнінде жұмыс берушілермен шарттар жасасын;
      2) жұмысқа орналастыру үшін өтініш білдірген мақсатты топ қатарындағы азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарын құрған жұмыс берушілерге жіберу; 
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған тұлғалардың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады деп белгіленсін. 
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М.Ш.Мұқашевқа жүктелсін. 
      5. Осы қаулы ресми түрде бірінші рет жарияланғаннан күннен бастап күшіне енеді.

      Алматы қаласының әкімі                    А.Есімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады