2009 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңінде Айыртау ауданының шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының 1992 жылғы еркек жынысты азаматтарды тіркеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 қаңтарда N 13-3-91 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімінің 2009 жылғы 10 шілдедегі N 21 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімінің 2009.07.10 N 21 Шешімімен

       Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ ЗРК Заңының 17-бабының 2.3-тармағына сәйкес, әскери есепке дейінгі шақырылушыларды әскери есепке қою мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Қазақстан Республикасының 1992 жылғы және одан жоғары жастағы, бұрын тіркеуден өтпеген еркек жынысты азаматтарды 2009 жылдың қаңтарынан 2009 жылдың наурызына дейінгі кезеңінде Айыртау ауданының шақыру учаскесінде тіркеу жүргізілсін.
      2. Селолық округ әкімдері белгіленген мерзімде хабарды жеткізуді ұйымдастырып, азаматтардың тіркеуге уақытында жеткізілуін қамтамасыз етсін.
      3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері:
      тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық комиссия билігіне білікті дәрігерлердің, орта деңгейлі медициналық қызметкерлердің қажетті саны бөлінсін;
      тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық комиссияны дәрідәрмекпен, құралдармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін;
      тіркеу жүргізу үстінде анықталып, қосымша тексеруге жіберілген науқас әскерге шақырылушыларды емдеуді қамтамасыз етсін.
      4. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2008 жылдың қаңтарынан 2008 жылдың наурызына дейінгі тіркеу жүргізу кезеңінде «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тартылған техникалық қызметкерлердің және қызмет ететін жұмысшы тұлғалардың еңбегіне жалақы төлеу үшін бекітілген смета шегінде қаржыландыру жүргізсін, сонымен бірге тіркеуді ұйымдастыру және 1992 жылғы, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды іздестіру үшін аталған іс-шараға бөлінген қаражаттан ақшалай қаражатты бөлуді қамтамасыз етсін.
      5. «Айыртау ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі тіркеу жүргізу кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің осы мәселені жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                   Е.Айнабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады