Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 77 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 мамырда N 13-7-108 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 22 мамырдағы N 02-05-1.4-2/328 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.05.22 N 02-05-1.4-2/328 хаты)

      «Қазақстан Республикасындғы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13), 14) тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдау үшін мақсатты топқа жататын тұлғалардың 2009 жылға тізбесін белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 5 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің тізіліміне 2009 жылғы 18 ақпанда тіркелген № 13-7-102, аудандық «Ауыл арайы» газетінің 2009 жылғы 27 ақпандағы 8 нөмірінде мемлекеттік тілде, «Сельская новь» газетінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 8 нөмірінде орыс тілінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда қосымшаға сәйкес жазылсын:
      2. Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мақсатты топтарға қосымша жатқызылған тұлғаларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға ықпал шараларымен уақытында қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Ыбыраев

Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
14 сәуірдегі № 77 қаулысына
қосымша


Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
16 ақпандағы № 5 қаулысына
қосымша

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға ықпал шараларын қабылдау үшін мақсатты топқа жатқызылғандардың 2009 жылға қосымша тізбесі

      1. Дәрігерлік консультативтік комиссияның анықтамасы бойынша еңбегіне қойылған шектеуі бар тұлғалар.
      2. Ұзақ мерзім жұмыс істемеген тұлғалар (бір жылдан астам).
      3. Оқу мекемелерінің түлектері.
      4. Ұйым санының немесе штатының қысқартылуына байланысты босатылған тұлғалар.
      5. 29 жасқа дейінгі жастар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады