"Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында шақыру учаскесіне тіркеуге алуды жүргізу туралы" Қызылжар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 3 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы N 19 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 13-8-97 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 13 қыркүйектегі N 02-07-03-04/762)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппаратының 2012.09.13 N 02-07-03-04/762 хаты)

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының № 148-11 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 8-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңына, «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер және әскерге шақырылушылардың әскери есенбін жүргізу тәртібінің Жоспарын бекіту туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысына сәйкес, аудан әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында шақыру учаскесіне тіркеуге алуды жүргізу туралы» Қызылжар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 3 қаулысына өзгертулер енгізілсін және келесі редакцияда бекітілсін:
      «1.1992 жылы туған және бұрын тіркеуге алынбаған жасы үлкен азаматтарды тіркеуге алу 2009 жылғы қаңтар, наурызда жүргізілсін».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Алтынбек Тағайбекұлы Абдуллаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа ензіледі.

      Қызылжар ауданының
      әкімі                                      Қ. Пшенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады