Мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі N 67 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 сәуірде N 13-10-83 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы N 34 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 2012.01.10 N 34 (бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағына 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 2-тармағына 5-4) тармақшасына сәйкес, аудандық еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып, жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДі:
      1. Мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі бекітілсін:
      1) жиырма төрт жасқа дейінгі жастар;
      2) жасы 50-ден асқан ересектер;
      3) ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (1 жылдан астам);
      4) оку орындарының түлектері;
      5) ұйым штатының немесе санының қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар.
      2. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мақсатты топтарға қосымша жатқызылған тұлғаларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жөнінде шараларды өз уақытында қамтамасыз етсін.
      З. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Б. Бәкеевке жүктелсін.
      4. Қаулы бipiншi рет ресми жарияланған сәтінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      Қ. Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады