1992 жылы туған Қазақстан Республикасының ер азаматтарын "Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 5 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қаңтарда N 13-11-136 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2012 жылғы 22 маусымдағы N 02.10-07-02-542 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2012.06.22 N 02.10-07-02-542 хаты)

       «Әскери міндет пен әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17, 18-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес, азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың қаңтар-наурызы аралығында тіркеу жүргізілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес тіркеу комиссиясының құрамы бекітілсін.
      3. Тайынша қаласы мен селолық округтер әкімдері Тайынша ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығымен (Мұсақұлов Е.О.) (келісім бойынша) бірлесе отырып азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді қамтамасыз етсін.
      4. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы (Джердж С.В.) тіркеу компаниясын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен ақшалай қаражат бөлсін.
      5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығығына (Байқадамов Х.Ф.) (келісім бойынша) Тайынша ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығымен (Мұсақұлов Е.О.) (келісім бойынша) бірлесе отырып (келісім бойынша) тіркеуді жүргізу кезінде жұмыс атқару ұсынылсын:
      1) шақыру учаскесін тәртіппен қамтамасыз ету;
      2) шақыру учаскесіне азаматтардың уақытында келуін бақылауды жүзеге асыру, тіркеуден бас тартқан азаматтардың жолын кесу;
      3) аудандық қорғаныс істері бөлімінің шақыру пунктіне келуге жалтарған азаматтарды іздеу салып жеткізуді ұйымдастыру.
      6. Аудандық орталық емхананың бас дәрігері (Шаримова Т.К.) (келісім бойынша):
      1) шақыру учаскесінде тіркеу жөніндегі медициналық комиссия үшін қажетті жабдықтармен, құжаттармен және қажетті дәрі-дермектермен қамтамасыз етсін;
      2) қажетті зертханалық зерттеулер жүргізсін;
      3) тіркеуге келмеген жасөспірімдерді жинау және құлақтандыру үшін кезекші машина бөлсін.
      7. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы «Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы» № 396 қаулысы жойылсын (2008 жылғы 11 қаңтар т/н № 13-11-90, «Тайыншинские вести» 2008 жылғы 18 қантардағы № 3).
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Жаровқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      А. Маковский

Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
14 қаңтардағы № 5 қаулысымен
бекітілген

Тіркеу комиссиясының дербес құрамы

Мұсақұлов               комиссия төрағасы, Тайынша ауданы
Ермұхаммед Оразбекұлы   қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
                         бастығы (келісім бойынша)

Жаров                   аудан әкімінің орынбасары,
Ерлан Қайырұлы          комиссияның төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Ташетов                 аудандық ішкі істер бөлімі
Серік Ешімбайұлы        бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Сүйіндікова             Тайынша аудандық емхананың дәрігер-
Түлен Көшкенқызы        терапеві (келісім бойынша)

Коноплева               комиссия хатшысы, орталық аудандық
Лариса Викторовна       емхананың медбикесі (келісім бойынша)

Комиссияның резервтік құрамы:

Рожнов                   комиссия төрағасы,
Константин Геннадьевич   мобилизациялық дайындық және
                         аумақтық қорғаныс бөлімшесінің
                         бастығы, мобилизациялық дайындық
                         және аумақтық қорғаныс тобының
                         бастығы (келісім бойынша)

Турков                   комиссия төрағасының орынбасары,
Иван Иванович            аудан әкімінің орынбасары

Комиссия мүшелері:

Құлмағамбетов            аудандық ішкі істер бөлімі бастығының
Есен Сатайұлы            орынбасары (келісім бойынша)

Кенжебаева               комиссия хатшысы,
Гүлжан Қайыржанқызы      Тайынша аудандық емхананың медбикесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады