Тайынша ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 98 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 наурызда N 13-11-138 тіркелді

     Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы N 152 шешімімен
     Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2010.12.20 N 240 Шешімімен
      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексі 422-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
     Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2009.10.23 N 154 Шешімімен
      1. Қосымшаға сәйкес Тайынша ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары белгіленсін.
     Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2010.12.20 N 240 Шешімімен
      2. Күші жойылды деп танылсын:
      1) «Тайынша ауданы бойынша төлемнің жеке түрлері бойынша ставкаларды белгілеу туралы» (2007 жылғы 15 тамыздағы нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген нөмірі № 13-11-68, «Тайынша таңы» және «Тайыншинские вести» газеттерінде 2007 жылдың 27 тамызында жарияланған) аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 13 шілдедегі № 221 шешімі;
      2) «Тайынша ауданы бойынша төлемнің жеке түрлері бойынша ставкаларды белгілеу туралы» (2008 жылғы 4 қаңтардағы нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген нөмірі № 13-11-89, «Тайынша таңы» газетінде 2008 жылдың 18 қаңтарда, «Тайыншинские вести» газетінде 2008 жылдың 25 қаңтарында жарияланған) аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 13 шілдедегі № 221 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 21 шешімі.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы
      Аудандық мәслихаттың хатшысы

А. Рафальский
Қ. Ысқақов


Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 29 қаңтардағы
№ 98 шешіміне қосымша 

Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай ставкалары

     Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2010.12.20 N 240 Шешімімен
 
 

рет №

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген жиынтық базалық ставкалардың мөлшері (айлық есептік көрсеткіште)

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойынды өткізу үшін пайдаланатын жеке компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

5

Бильярд үстелі

3

   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады