Жылу энергиясын тұтыну нормасын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 05 тамыздағы N 295 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 қыркүйекте N 13-11-154 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 20 тамыздағы N 462 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 20.08.2014 N 462 қаулысымен.
      «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, «Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 400 қаулысына, «Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 бұйрығының 67-тармағына сәйкес және жылу энергиясын тұтыну нормасын анықтау үшін ұсынылған есептеулер негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Агрофирма Эксимнан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылытатын Петровка ауылындағы тұрғын үйлер үшін жалпы алаңының бір шаршы метрге жылу энергиясын тұтыну мөлшері айына, жылыту мезгіліне 0,023 гекоколорий/м2 көлемінде бекітілсін.
      2. Теплоком-норд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылытатын Тайынша қаласының тұрғын үйлер үшін жалпы алаңының бір шаршы метрге жылу энергиясын тұтыну мөлшері айына, жылыту мезгіліне 0,0388 гекоколори/м2 көлемінде бекітілсін.
     Ескерту. Қаулы 2-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2009.12.28 N 518 Қаулысымен
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

А. Маковский


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады