Қызылқоға ауданында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Атырау облысының Қызылқоға ауданы Қызылқоға аудандық әкімиятының 2009 жылғы 24 тамыздағы N 237 қаулысы Әділет департаменті Қызылқоға ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 9 қыркүйекте N 4-5-111 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 62 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 20.03.2024 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарының (Жол картасы) 1 тармағының 1.5 тармақшасына, Атырау облысы әкімиятының 2009 жылғы 26 маусымдағы N 154 "Атырау облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру" туралы қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауылдық, селолық округ әкімдері жастар тәжірбесін ұйымдастыруға бөлінген қаражаттың уақтылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсін.

      2. Қызылқоға ауданында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыруда мыналар:

      1) Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастар тәжірибесін ұйымдастыру бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) болып табылады;

      2) уәкілетті орган жергілікті бюджет қаражаты есебінен олардың шығынын өтеу арқылы жастар тәжірибесін ұйымдастыруға жұмыс берушілермен шарттар жасасады деп белгіленсін.

      3. Уәкілетті орган жастарды жұмыспен қамту саласында өңірлік еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды талдау негізінде жастар тәжірибесін өткізуді ұйымдастырады.

      4. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру кезінде:

      1) уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз жастардың саны және жұмыссыздардың жалпы санындағы оның үлесі;

      2) ұзақ уақыт жұмыссыз жүрген жастар санының өсуі;

      3) жұмысқа орналастыру мүмкіншілігін төмендететін жұмыссыз жастардың жұмыс өтілі, алған мамандықтары бойынша дағдыларының болмауы;

      4) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да шарттар ескеріледі.

      5. Уәкілетті орган жастар тәжірибесіне қатысушылардың қабылдау мүмкіндігі мен өндірісті кеңейту, алға қарай дамуда болашағы бар қаржылық-экономикалық тұрғыдан тұрақты кәсіпорындар туралы ақпараттарды жинау бойынша жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жастар тәжірибесін өткізу мен ұйымдастырудың негізгі шарттары туралы хабарлайды.

      6. Уәкілетті орган кәсіпорындар туралы жиналған ақпараттарды талдау және қорыту негізінде жастар тәжірибесіне қатысу үшін жұмыссыз жастарға іріктеу жүргізеді. Кандидаттарды іріктеу кезінде келесідей өлшемдер:

      1) уәкілетті органда жұмыссыз есебінде тіркелуі;

      2) жоғары оқу орнының, колледж немесе кәсіптік лицейдің түлегі болуы;

      3) жастар тәжірибесін ұйымдастыру кезінде уәкілетті органның мәліметі бойынша олар үшін қолайлы жұмыстың болмауы есепке алынады.

      7. Жұмыссыздардың жастар тәжірибесіне қатысуына жастар тәжірибесі басталған сәттен бастап рұқсат етіледі және жұмыссыз есебінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік ретімен жүзеге асырылады.

      8. Уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдармен және жастарды жұмысқа орналастыруға мүдделі басқа ұйымдармен (келісім бойынша) бірлесіп жастар тәжірибесін өткізуді ұйымдастырады.

      9. Уәкілетті орган жастар тәжірибесіне жұмыссыздарды қабылдауға келісім берген жұмыс берушілермен шарттар жасасады. Шарт алты айға дейінгі мерзімге жасалады.

      10. Уәкілетті орган жастар тәжірибесі қатысушыларымен (бұдан әрі - қатысушылар) еңбек шартын жасасады.

      11. Жастар тәжірибесі аяқталғаннан кейін тұрақты немесе уақытша жұмыс орнына орналаспаған қатысушылар жұмыссыз ретінде уәкілетті органдарда есепте тұруды жалғастырады.

      12. Қатысушылардың еңбегіне ақы төлеуді уәкілетті органдар жасалған еңбек шарттары негізінде іс жүзінде жасаған жұмыс уақыты үшін олардың дербес шоттарына қаражат аудару арқылы жүргізеді.

      Жергілікті бюджеттерден бір қатысушыға орташа айлық аударымдар 20 000 теңгені құрайды.

      Ескерту. 12 тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылқоға аудандық әкімиятының 2010.08.11 № 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      13. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 14 шілдедегі N 199 "Қызылқоға ауданында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру ережесін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.

      14. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.

      15. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 маусымынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі Б. Сәрсенғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады