Ганюшкин селосының Звездная көшесінің атауын өзгертіп Ізжан және Камал Жанабаевтар есімдерін беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин селолық округі әкімінің 2009 жылғы 16 қазандағы N 129 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 13 қарашада N 4-8-169 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин селолық округі әкімінің 2010 жылғы 22 қазандағы N 77 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин селолық округі әкімінің 2010.10.22 N 77 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағының, Ганюшкин селосының Звездная көшесінің тұрғындарының сұраныстарының, аудандық ономастикалық комиссияның 2009 жылғы 31 шілдедегі хаттамасының негізінде және 1916-1919 жылдары аралығында азамат соғысының белсенді мүшелері Ганюшкин ауылдық кеңесінің І-ші басшысы болған Ізжан және Камал Жанабаевтардің еңбектерін ескере отырып ШЕШЕМІН:
      1. Ганюшкин селосының Звездная көшесінің атауы өзгертіліп Ізжан және Камал Жанабаевтардің есімдері берілсін.
      2. Шешім әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі             А. Тәжібаев
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады