Көшелерге жаңа атаулар беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігі Байырқұм ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 5 қазандағы N 5 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 қарашада N 14-2-82 тіркелді

      «Қазақстан Республикасы әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Байырқұм ауылдық округі елді мекендерінің көшелері тұрғындарының пiкiрлерiн ескере отырып, Байырқұм ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Байырқұм ауылдық округі ауылдарындағы көшелерге төмендегіше жаңа атаулар берілсін.
      Байырқұм ауылы бойынша:
      Сансызбай көшесіне – С.Адамбеков, Ә.Назарбеков көшесіне – Желтоқсан, С.Көкежанов көшесіне – Төле би атаулары берілсін.
      Байырқұм ауылындағы атаулары жоқ көшелерге – Кенжебай баба, Т.Тәжібаев, Сары-арық, Қазыбек би, Әйтеке би, Б.Малин, Ы.Алтынсарин, С.Сейфулин, М.Дулати, Б.Момышұлы, М.Жұмабаев, Абылайхан, А.Байтұрсынов, Сырдария, Сүлім-арық, Абай, Астана атаулары берілсін.
      Көкжиде ауылындағы атауы жоқ көшеге – М.Мәметова, № 1 көшеге – Алматы, № 2 көшеге – Алпамыс батыр, № 3 көшеге – Көктоғай атаулары берілсін.
      Жосалы ауылындағы № 1 көшеге – Тартоғай атауы берілсін.
      2. Осы шешімінің орындалуын қадағалау Байырқұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Таженовке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.      

      Байырқұм ауылдық округ әкімі                    Е.Сариев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады