Жаушықұм, Құйған, Қоссейіт, Қазақстан ауылдық елді мекендерінің шекараларына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 25-184-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 702 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 қаңтарда N 14-15-86 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына сәйкес, Шардара аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Ауданның арнайы жер қорының бос жатқан жайылымдық жерлер есебінен Жаушықұм ауылдық округі Жаушықұм елді мекенінің 115,6 гектар жеріне қосымша барлығы 58,4 гектар жайылым жерлері қосылып, жалпы аумағы -174 гектар жерлерге және Құйған ауылдық елді мекенінің 11,2 гектар жеріне қосымша барлығы – 17,2 гектар жайылым жерлері қосылып, жалпы аумағы -28,4 гектар жерлерге, ауданның арнайы жер қорының бос жатқан жайылымдық және бау орналасқан жерлері есебінен Қоссейіт ауылдық округі Қоссейіт елді мекенінің 138,1 гектар жеріне қосымша барлығы 10,5 гектар бау жерлері, 77,2 гектар бос жатқан жайылым жерлері қосылып, жалпы аумағы- 225,8 гектар жерлерге, Қазақстан ауылдық округі Қазақстан елді мекенінің шекарасы 242 гектар жеріне қосымша барлығы- 125,1 бос жатқан жайылым жерлері қосылып, жалпы аумағы -367,1 гектар жерлерге ұлғайтылып елді мекендердің шекарасына өзгеріс енгізілсін.
      2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М.Мараим
      Сессия төрағасы Н.Айдарбеков
      Аудандық мәслихат хатшысы Т.Бердібеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады