Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының ерекше қорғалатын табиғи аумағын кеңейту үшін жер учаскелерін резервте қалдыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы N 96 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 17 шілдеде N 2508 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі N 231 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012.09.27 N 231 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Шығыс Қазақстан облысының орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің 2009 жылғы 12 ақпандағы № 04-10/111, «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2009 жылғы 12 ақпандағы № 02-03-06/285, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 25-02-09-25/500 өтінімдерін, табиғи–ғылыми негіздемені, Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағын кеңейту үшін резервте қалдырылатын жер учаскелерін 2009 жылғы 28 мамырдағы тексеру актісін қарап, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16, 124-баптарын, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10, 24-баптарын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасын, «Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 943, «Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламаны бекіту туралы» 2007 жылғы 8 қазандағы № 914, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы № 914 және 2007 жылғы 16 қазандағы № 958 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 84 қаулыларын басшылыққа ала отырып, Шығыс Қазақстан облысының бірегей табиғат кешендерін сақтау, қалпына келтіру және ары қарай дамыту мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының ерекше қорғалатын табиғи аумағын кеңейту үшін Үржар ауданының жерлерінен жалпы ауданы 45 505 гектар жер учаскелері резервте қалдырылсын, соның ішінде:
      ауданы 1117,8 гектар «Емел және Шағантоғай өзендерінің ойпаңы» учаскесі, оның ішінде: 1117,8 гектар – босалқы жерлер;
      ауданы 40211,2 гектар «Тысячные озера» учаскесі, оның ішінде: 40211,2 гектар – босалқы жерлер;
      ауданы 1307,0 гектар «Онағаш және кіші Алакөл» учаскесі, оның ішінде: 1307,0 гектар – босалқы жерлер;
      ауданы 2869,0 гектар «Жалаңашкөл көлі және Жоңғар қақпасындағы Қызылқайың қонысы» учаскесі, оның ішінде: 1234,0 гектар – босалқы жерлер, 1635,0 гектар – су қорының жерлері.
      2. Резервте қалдырылатын жер учаскелерінің шекаралары Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының ерекше қорғалатын табиғи аумағын кеңейту үшін резервте қалдырылатын жер учаскелерінің қоса беріліп отырған сызбасына сәйкес анықталсын.
      3. Мемлекеттік табиғи қорық қорының объектілерін сақтауды қамтамасыз ету үшін Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының ерекше қорғалатын табиғи аумағын кеңейту туралы шешім қабылданғанға дейін жер учаскелерін пайдалану «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес жүзеге асырыла алады.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Г. В. Пинчукке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. САПАРБАЕВ
      Келісілді:

      «Шығыс Қазақстан облысының
      орман және аңшылық шаруашылығы
      аумақтық инспекциясы» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы А. Калмыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады