2010 жылы Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, сондай-ақ шақыру учаскесіне бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 6 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қаңтарда N 5-3-87 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімінің 2010 жылғы 29 маусымдағы N 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімінің 2010.06.29 N 9 шешімімен.
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, сондай-ақ шақыру учаскесіне бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеу 2010 жылдың қаңтар–наурызында өткізілсін.
      2. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығына ұсынылсын (Балтеков Қ.С., келісім бойынша):
      1) тіркеу өткізуге шақыру пунктін дайындау;
      2) тіркеуді өткізуге сапалы түрде дайындалу және оны өткізу бойынша барлық қажетті құжаттамаларды әзірлеу;
      3) тіркеуді сапалы түрде және уақтылы өткізуді қамтамасыз ету;
      4) шақыруға дейінгі аурулардың емделуіне және сауығуына бақылауды күшейту.
      3. «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына ұсынылсын (Сұлтанов А.Д., келісім бойынша):
      1) жасөспірімдерді сапалы медициналық куәландырудан өткізу үшін қажет мөлшерде тәжірибелі дәрігер мамандарды және орта медициналық персоналын бөлу;
      2) қаланың емдеу мекемелерінде комиссиямен амбулаторлық емдеуге немесе стационарлық тексеруге жіберілген тұлғалардың кезектен тыс қабылдану тәртібін белгілеу;
      3) шақыруға дейінгілердiң кеуде мүшелерін флюорографиялық тексеру, кардиологиялық және басқа тексеру түрлерінің талдауларын уақтылы қабылдануын ұйымдастыру;
      4) шақыруға дейінгілерді тексеруді және емдеуді қамтамасыз ету.
      4. Медицина комиссиясының төрайымына ұсынылсын (Сейітқалиева М. Т., келісім бойынша):
      1) тіркеуге жататын әрбір жасөспірімге арналған амбулаторлық аурудың медициналық картасын оның қосымшасымен бірге (025-1у және 63 нысандары) әзірлеу;
      2) шақыруға дейiнгiлерді барлық дәрігер–мамандардың медициналық куәландыруын ұйымдастыру;
      3) тіркеу жөніндегі комиссияның хаттамалар кітабының дұрыс толтырылуына, диагнозының негізділігіне баса назар аудара отырып, күнделікті бақылау жүргізу;
      4) шақыруға дейінгі жасөспірімдерді қосымша тексеруге және емдеуге уақтылы жіберілгендігін тексеру;
      5) жасөспірімдерді медициналық тұрғыдан куәландыру жұмысын талдау.
      5. Меншік нысанына қарамастан қала ұйымдарының, кәсіпорындарының және оқу орындарының басшыларына ұсынылсын:
      1) тізімдері нақтыласын, 1993 жылы туған жасөспірімдерді есепке алу және тіркеуден өту үшін шақыру дейінгілерге қажетті уақыт беру;
      2) тізімге еңгізілген барлық жасөспірімдерді жауапты тұлғалардың басшылығымен ұйымдасқан түрде медициналық куәландыруға ұсыну;
      3) әрбір жасөспірімге жұмыс (оқу) орнынан анықтама, мінездеме және басқа қажетті құжаттар белгіленген мерзімде беру.
      6. Тіркеуді өткізуге байланысты барлық шығындар жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жүргізілсін, ол үшін қаржы бөлімі бекітілген шығындар сметасы аясында қорғаныс істері жөніндегі бөлімге қажетті қаражаттар бөлсін.
      7. Қалалық полиция бөліміне (Төлежанов Ж. Е., келісім бойынша) медицина комиссиясының жұмысы кезеңінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің қадағалануын қамтамасыз ету, қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының хабарлауы бойынша шақыру учаскесіне тіркелуден бас тартқан азаматтарды іздестіруде және қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуде жәрдемдесу ұсынылсын.
      8. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (Балтеков Қ. С., келісім бойынша) білім беру мекемелерімен бірлесе отырып, тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің әскери техникалық мектептеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының әскери оқу орындарына оқуға жіберу үшін іріктеу жүргізу ұсынылсын.
      9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.
      10. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Курчатов қаласының әкімі                            А. ГЕНРИХ
      
      КЕЛІСІЛДІ:
      
      Қорғаныс істері жөніндегі
      бөлім бастығы                                      Қ. БАЛТЕКОВ
      
      Қалалық полиция бөлімінің бастығы                  Ж. ТӨЛЕЖАНОВ
      
      «Курчатов қаласының қалалық
      ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорын бас дәрігері                    А. СҰЛТАНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады