Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу нұсқаулығын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 1 шілдедегі N 220 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 шілдеде № 5-9-109 тіркелді. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Глубокое аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 07 мамырдағы N 2039-02-11 хаты)

      Ескерту. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Глубокое аудандық әкімдігінің 2012.05.07 N 2039-02-11 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік Кодесінің 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148-II Заңының 31 бабы  тармағы 14) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20 бабына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу жөніндегі ұсынылған нұсқаулық бекітілсін.
      2. Глубокое аудандық әкімдіктің 2008 жылғы 22 сәуірдегі «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу жөніндегі ережені бекіту туралы» № 898 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылдың 19 мамырында № 5-9-86 тіркелген, аудандық «Огни Прииртышья» газетінің 2008 жылғы 6 маусынындағы № 23 санында жарияланған), Глубокое аудандық әкімдіктің 2008 жылғы 16 шілдегі «2008 жылғы 22 сәуірдегі «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу жөніндегі ережені бекіту туралы № 898 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» № 1023 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылдың 13 тамызында 5-9-89 тіркелген, аудандық «Огни Прииртышья» газетінің 2008 жылғы 22 тамыздағы № 34 санында жарияланған), Глубокое аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 9 қаңтардағы «2008 жылғы 22 сәуірдегі «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу жөніндегі ережені бекіту туралы» № 898 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 1303 қаулыларының (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 13 ақпанында № 5-9-97 тіркелген, аудандық «Огни Прииртышья» газетінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 7 санында жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындауын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М.Н. Пономареваға жүктелсін.

      Глубокое ауданының әкімі                    В. Кошелев

Шығыс Қазақстан облысының
Глубокое аудандық әкімдіктің
1 шілдедегі 2009 ж.
№ 220 қаулысымен бекітілді

Азаматтардың жеке санаттарына
әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу туралы
нұсқаулық

      Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару өзін-өзі басқару туралы»«Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін және оларға теңелген адамдарды әлеуметтік қорғау мен жеңілдіктер туралы» Заңдарына сәйкес жасалды.
      Нұсқаулықтың іс әрекеті Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттелетін қатынастарға қолданылмайды.

1. Жалпы нұсқаулықтар

      1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер (бұдан әрі  - Әлеуметтік төлем) ақшалай төлемдер түрінде көрсетіледі. Әлеуметтік төлемнің түрлері, мөлшерлері және көрсету тәртібі осы ережемен белгіленеді.
      2. Әлеуметтік төлем Глубокое ауданында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, шет елдіктерге, азаматтығы жоқ тұруға ыхтияр хаты бар адамдарға беріледі.
      3. Әлеуметтік төлем Глубокое ауданының бюджетінен қаржыландырылады.
      4. Әлеуметтік төлем «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем» бюджеттік бағдарламасына (бұдан әрі - бағдарлама) сәйкес осы қаржы жылында белгіленген мақсаттарға аудан бюджетінде қаралған шектерде беріледі, «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме әкімшісі (бұдан әрі - Әкімшісі) болып табылады.
      5. Әлеуметік төлем алушының Глубокое ауданынан тіркеуден алынған немесе қайтыс болған жағдайда Әлеуметтік төлемнің беруі осы айдан бастап тоқтатылады.

2. Әлеуметтік төлемді алу құқықтары

      6. Біржолғы әлеуметтік төлемді алуға құқылы: - аз қамтылған отбасылар; - жедел әлеуметтік көмекті мұқтаж ететін адамдар, отбасылар (онкологиялық, туберкулездық ауруды емдеу, операцияларды жасау, Қазақстан Республикасының аумағындағы ауруханаларға бару үшін, өрт, апат, су тасқыны және комиссия шешімімен белгіленетін басқадай жағдайларда), сондай ақ мерекелік күндерде азаматтардың жеке санаттарына.
      7. Ай сайынғы әлеуметтік төлемге құқылы: толық мемлекеттік қамтудағы адамдардан басқа шаш алғызу үшін Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері, басқа негіздермен арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алмайтын облыстық мағынадағы жеке зейнеткерлер, және мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар.
      8. Коммуналдық қызметтердегі шығындарды өтеу үшін ай сайынғы әлеуметтік төлемді алуға, облыстық мағынадағы жеке зейнеткерлер және Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбектері сіңген үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға құқылы.

3. Азаматтардың жеке санаттарына біржолғы әлеуметтік
төлемді тағайындау тәртібі

      9. Әлеуметтік төлем отбасына (азаматқа) жеке жазбаша берілген өтініші бойынша жылына бір рет материалдық көмек түрінде беріледі.
      10. Біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері әр бір жағдайда аудандық комиссия шешімі бойынша белгіленеді, 150000 (жүз елу мың)теңгеден аспайды.
      11. Аудандық комиссия материалдық көмекті беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдауға құқылы.
      12. Азаматтардың өтініштері төмендегі құжаттарды ұсынған кезде аудандық комиссия отырысында қаралады: өтініш берушінің жеке бас куәлігінің көшірмесі, өтініш берушінің тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі,; тұрмыс жағдайын тексеру актісі (тұрғылықты жері бойынша учаскелік комиссия мүшелерімен жасалған); отбасының әлеуметтік картасы (тұрғылықты жері бойынша учаскелік комиссиямен жасалған); материалдық көмекті мұқтаж ететінін растайтын басқа құжаттар (емделу туралы медициналық мекеменің қорытындысы, операцияның бағасы, медициналық тексеру ж.б.).
      13. Әлеуметтік төлем бағдарлама Әкімшісімен «Қазпочта» АҚ бөлімшесіне тағайындалған сомаларды аудару арқылы төленеді.

4. Мерекелік күндерге азаматтардың жеке санаттарына
біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі

      14. Азаматтардың жеке санаттарына біржолғы әлеуметтік төлемдер мерекелік күндерде азаматтардың келесі санаттарына беріледі:
      1) Ауғаныстаннан Кеңес одағының шектеулі әскерін шығару күніне: Ауғаныстандағы соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне – 5000 (бес мың) теңге мөлшеріне дейін;
      2) 8 нурыз Халықаралық әйелдер күніне: төрт және одан артық бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалары бар көп балалалы аналарға, оның ішінде жалпы орта білім беретін, жоғары және ортакәсіби оқу мекемелерінде оқитын 23 жастан аспаған кәмелетке толған–оқу мекемесін аяқтау уақытына дейінгі балалары бар; «Алтын Алқа»,«Күміс Алқа» асылғыларымен марапатталған, бұрын «Батыр Ана» атағын алған, 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға; қарауында кәмелетке толмаған балалары бар мүгедек әйелдерге; мүмкіндіктері шектеулі балалары бар әйелдерге; Ұлы Отансоғысына қатысқан әйелдерге және 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне аудан әкімімен және мәслихат хатшысымен шақырылған адамдарға – 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      3) Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың құрбаны болған адамдарға: Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың салдарын
жоюға қатысқан адамдарға – 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      4) Жеңіс күніне: - Ұлы Отан соғысының қатысушылары менмүгедектеріне; фашизм тұтқындарына; Ұлы Отан соғысының қайтыс болған (қайтыс болған, хабарсыз жоғалып кеткен) әскери қызметшілерініңқайталап тұрмыс құрмаған жесір әйелдеріне – 10000 (он мың) теңге;мәртебелері Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, оларға теңелген адамдарды әлеуметтікқорғау және жеңілдіктер туралы» Заңының 689 баптарымен белгіленген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңелген адамдарға – 5000 (бес мың) теңге;
      5) Саяси қуғын-сүргін құрбандарын Еске алу күніне: саясатқуғындар құрбандарына, зейнеткерлерге, саясат құғындарынан зардап шеккен мүгедектігі бар адамдарға – 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде;
      6) Балаларды қорғау күніне: он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға; төрт және одан артық бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалары бар көп балалалы аналарға (анасы жоқ болған жағдайда-әкісіне немесе орынын басатын адамға), оның ішінде жалпы орта білім беретін, жоғары және орта кәсіби оқу мекемелерінде оқитын 23 жастан аспаған
кәмелетке толған–оқу мекемесін аяқтау уақытына дейінгі балалары бар; «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» асылғыларымен марпатталған, бұрын «Батыр Ана» атағын алған, 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелейтін отбасыларға – 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      7) Білім күніне: Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардытәрбиелейтін отбасыларға; 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларға; төрт және одан артық бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалары бар көп балалалы аналарға (анасы жоқ болған жағдайда-әкісіне немесе орынын басатын адамға) – 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      8) Халықаралық қарт адамдар күніне: жалғыз тұратын зейнеткерлерге; ардагерлер белсенділеріне; Халықаралық қарт адамдаркүні мерекесіне аудан әкімімен және мәслихат хатшысымен шақырылған адамдарға – 3000 (үш мың) теңге мөлшерінде;
      9) Мүгедектер күніне: жалғыз тұратын мүгедектерге; оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес материалдық көмекті мұқтаж ететін мүгедектерге - 3000 (үш мың) теңге мөлшерінде;
      10) Тәуелсіздік күніне: толық мемлекеттік камтудағы адамдардан басқа сол жылда 90 және одан артық жасқа толған қарт адамдарға; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелейтін отбасыларға; 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардытәрбиелейтін отбасыларға – 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде.
      15. Әкімшісі Глубокое ауданының кенттер мен ауылдық округтарының әкімдерімен ұсынылған тізімдер негізінде Ереженің 13 тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тізімін жасайды.

5. Ай сайынғы әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі

      16. Әлеуметтік төлем арнайы мемлекеттік жәрдемақыны басқа негіздермен алмайтын облыстың деңгейдегі жеке зейнеткерлерге кенттер мен ауылдық округтарының әкімдерімен ұсынылған тізімдер негізінде ай сайын беріледі; төлемнің мөлшері бір айлық көрсеткіштің мөлшерін құрайды.
      17. Ай сайынғы әлеуметтік төлем толық мемлекеттік қамтудағы адамдардан басқа шаш алғызу үшін Ұлы Отан соғысының қатысушылары,мүгедектері, басқа негіздермен арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алмайтын облыстық мағынадағы жеке зейнеткерлерге ай сайын кенттер мен ауылдық округтар әкімдерімен ұсынылған тізімдер негізінде төленеді;төлемнің мөлшері бір айлық есептік көрсеткіштен 0,4 құрайды.
      18. Әлеуметтік төлемдер атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушыларға Әкімшінің тізімінің негізінде іске асырылады.
      19. Коммуналдық қызметтердегі шығындарды өтеу үшін ай сайынғы
әлеуметтік төлемді алуға, облыстық мағынадағы жеке зейнеткерлер және Қазақстан Республика алдында ерекше еңбектері сіңген үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға әлеуметтік төлем ай сайын өтініш берілген айынаң бастап келесі құжаттар ұсынылған соң іске асырылады: жеке бас куәлігінің көшірмесі, жеке зейнеткер куәлігінің көшірмесі немесе жеке зейнетақы тағайындау хаттамасы, тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі; төлемнің мөлшері 2000 (екі мың) теңге құрайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады