Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 қазандағы N 15/6-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 06 қарашада N 5-10-87 тіркелді. Күші жойылды - Жарма аудандық мәслихатының 2010 жылғы 27 шілдедегі N 23/182-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жарма аудандық мәслихатының 2010.07.27  N 23/182-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1-тармағы 15) тармақшасы және «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабы 2-тармағы негізінде, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қосымша беріліп отырған «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру Ережесі» бекітілсін.
      2. Жарма аудандық мәслихатының «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы № 17-5 (2005 жылғы 2 наурыздағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22-07 болып тіркелген, 2005 жылғы 18 наурыздағы № 11 «Рауан-Восход» газетінде жарияланған); «2005 жылғы 21 ақпандағы № 17-5 «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 3/6-ІҮ (2008 жылғы 14 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-10-55 болып тіркелген, 2008 жылғы 14 қаңтардағы № 4 «Рауан-Восход» газетінде жарияланған); «2005 жылғы 21 ақпандағы № 17-5 «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы» 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 5/13-ІҮ (2008 жылғы 6 мамырдағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-10-63 болып тіркелген, 2008 жылғы 9 мамырдағы № 19 «Рауан-Восход» газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                   Б.Төлеутаев

      Мәслихат хатшысы                  Д.Садықов
 

Жарма ауданының мәслихатының
2009 жылғы "20" қазандағы 
№ 15/6-ІV шешімімен бекітілген
 

Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және
үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже

      1. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-сәуірдегі № 94-1 Заңына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына үйді ұстауға (жеке меншік тұрғын үйді ұстаудан тыс) және үй-коммуналдық қызметті тұтынуға ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі (әрі қарай-тұрғын үй көмегі).
      2. Тұрғын үй көмегі, өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) бір жылда бір рет беріледі.
      3. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгерлері) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады.
      4. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.
      5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 11 % мөлшерінде белгіленеді.
      6. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге алынған үйді ұстау шығындарының мөлшерін, коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, электрмен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, телефон тарифінің жоғарылауы) Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгіленеді.
      7. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық қызметтерге және олардың өзгерістеріне арналған тарифтерді қызмет көрсетушілер береді.
 

2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары

      8. Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйі жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      9. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар, сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтимын деп кіріс көзін көрсетуін керек. 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), жүкті әйелдер (жүктілігі 8 аптадан кем емес), 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың күтімімен айналысатын ата-аналар, 80 жастан асқандар, 7 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын ата-аналар, 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектер және оларды күтетіндер, көп балалы аналар, онкологиялық, наркологиялық және туберкулез аурулармен ауратын азаматтар (азаматшалар)- осы санаттағы азаматтар немесе азаматшаларды әлеуметтік қорғау мақсатында өзін-өзі жұмыспен қамтимын деп кіріс көзін көрсетуге міндетті емес.
      10. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
      11. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, ережеге сәйкес, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
      12. Тоқсан сайын тұрғын үй көмегін алушыларға отбасының табыстары туралы аңықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер қоса беріледі.
      13. Егер отбасының ортажандық жиынтық табыстары кедейшілік белгісінің мөлшерінен төмен болса, үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке төлеу үшін тұрғын үй көмегін белгілегенде, жиынды табыс Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде бір есептік көрсеткішке кемиді.
      14. Жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлермен мүгедектердің, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларының құқыларын белгілеп тұрғын үй көмегін есептегенде, оларды қолдау мақсатында, табыстары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде екі есептік көрсеткішке /кемиді/ реттеледі.
      15. Орталықтан жылыйтын жеке үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларының тұрғын үй көмегін есептегенде, қызмет көрсетушілердің тұрғын үй көлемі әлеуметтік нормасының шегінде жоғалтылған жылудың төлемі тарифтерде есепке алынсын.
      16. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылту мезгілінде жылу мен ыстық су қосылмаған және пәтерлері жергілікті жылту приборлары арқылы жылитын пәтер иелеріне тағайындалады. Электр қуатының төлемі жылтумен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасымен қызмет көрсетушіні тарифтарға сәйкес, төлеміне эквивалентты есептелсін.
      17. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:
      1) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтінгеннің мекенжайы бойынша тағайындалады. Бұл мекенжай бойынша тіркелмеген зайыбы немесе жұбайы өзінің тұрғылықты жерінен жәрдемақы алмайтынын дәлелдеу керек;
      2) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тағайындалмайды;
      3) үміткердің үйіне 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда, ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет;
      4) үміткер оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып, жалғыз тұрған жағдайда ата-анасының табыстары және олардың тұрғын үй жәрдемақыларын алулары туралы анықтаманы тапсыруы қажет.
      18. Арызданушы тұрғын үй көмегін алу үшін тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті органға тұрғылықты жерге келесі құжаттарды беріп жүгінеді: белгіленген үлгіде арыз (Ереженің 1 қосымша), төлқұжат немесе жеке куәлік (жылына 1 рет), азаматтарды тіркеу кітабі (тоқсан сайын), тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (жылына 1 рет, немесе қандай да бір өзгерістер болған жағдайда), отбасы табыстары (еңбекақы, жәрдемақы, зейнетақы, т.б) туралы анықтама (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), барлық коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртектер (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жұмыссыздарға жұмыспен қамту бөлімінен анықтама (тоқсан сайын), салық толеушінің тіркеу нөмірі (жылына 1 рет), жүктілік туралы аңықтама, онкологиялық, наркологиялық және туберкулезбен ауыратындарға амбулаториялық немесе стационарлық емдеу орындарынан аңықтама.
      19. Тапсырылған құжатттардың қорытындысы бойынша отбасына шарт-өтініш жасалады, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі еңгізіледі. Шарт-өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
      20. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады (Ереженің 2 қосымша).
      21. Сумен қамту, электрмен қамту, газбен қамту, жылумен қамту, телефон тарифітерінің жоғарылауын, тұрғын үйді пайдалану бойынша шығындар талаптану тоқсанның алдындағы тоқсанның орташа түбіртектері бойынша есептеледі.
      22. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй қызметіне өз тұрғын үйінің меншік формаларының, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, статусының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
      23. Берілген ақпараттың шындығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болса, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығымдары және отбасы мүшелерінің шындық тұрғылықты жерлері туралы ақпаратты талап етуге құқылы. Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талаптанған құжаттар берілмеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін жалгерлер (немесе меншік үйдің иесі) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібінде.
 

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      24. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалгердің (меншік үй иесінің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формуласы:

П=МСПЖ-(t x д);
П – тұрғын үй көмегінің мөлшері;
МСПЖ – тұрғын үйге ең жоғары әлеуметтік төлем;
t – тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (=11%);
д – отбасының жиынтық табыстары.
 

4. Тұрғын үй көмегін отбасыларының жиынтық
табысын есептеу

     25. Жиынтық табыстарының есептелуі отбасының табысын белгілеуге тұрғын үй жәрдемін тағайындайтын уәкілетті органымен жүргізіледі.
      26. Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде табыстардың барлық түрлері тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда нақтылы алынған тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, қайтыс болғандарды жерлеу мен бала туғандағы бір жолғы төлемдерден басқа есепке алынды. Отбасының табысында алынған микронесиелердің сомалары есептелінбейді. Жиынтық табыс өтінушінің алған табыстары жөнінде ұсынылған мәліметтердің негізінде есептеледі.
      27. Ауылдық жердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда үш есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
      28. Қалалардың және қалалық үлгідегі кенттердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда екі есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда төрт есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
      29. Жиынтық табысты есептегенде өнімді жасқа толмаған үй малы есепке алынбайды (Ереженің 3 қосымша). Жеке кәсіптік істерден, мүліктік және жер пайынан түсетін табыстар мәлімделген болып саналады.
      30. Құжаттамалы расталған табыстар түрлеріне еңбектен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттерден түсетін табыстар жатады. Отбасының жиынтық табысы алименттердің есебісіз саналады, егер де төлеуші:
      1) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз болып тіркелген (анықтама ұсынылғанда);
      2) бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған (анықтама ұсынылғанда);
      3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу-еңбек профилакторияларында (ЕЕП) емделуде немесе есепте болған (анықтама ұсынылғанда);
      4) Қазақстан Республикасында тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрғылықты жерлерге тұруға кеткен (анықтама ұсынылғанда) жағдайларда.
      31. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысымен бекітілген, отбасының құрамына кіреді деп тұрақты тұрғылықты жері бойынша құжаттандыру және Қазақстан Республикасының тұрғындарын тіркеу ережесіне сәйкес тіркелген тұлғалар есептеледі. Жиынтық табыс осы мекенжай бойынша тіркелген барлық отбасы мүшелері мен басқа тұлғалардың табыстарын қосу арқылы тоқсандағы, алдындағы тоқсандағы жүгінімдері бойынша есептеледі.
      32. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлемді алғанда, жиынтық табыста барлық табыс жиынын табыс алған айлар санына бөлуден алынып және 3 айға көбейтілген табыстың жиыны есепке алынады. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында, оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттың табысы есепке алынады.
      33. Отбасының орта жандық табыстары 1 айға отбасының тоқсандық жиынтық табыстарын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен есептеледі.
      34. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің сенімділігіне заңда белгіленген тәртіпте жауапты.
 

5. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында
тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну тәртібі

      35. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы үй иесіне, жалдаушылар тұрғын үйді жалдауға келісім-шарт болғанда беріледі.
      36. Өздері жылытатын, жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметтік шығын жалпы ауданның 1 шаршы метіріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг аспауы керек.
      37. Көмірдің құнын есептеу үшін қала бойынша облыстық статистика басқармасының ұсынуымен орташа бағаны қолданамыз және тоқсанның соңғы айында есептелген әлеуметтік көмек мүмкіншілігіне қараймыз (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек).
      38. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылып басқа жанармай түрлерінің құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалентті деп есептеу керек.
      39. Көмірді сатып алу мезгіліне байланысты көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын (көмірдің құнын) өтініш жасаған тоқсанына қарай әлеуметтік көмек есептегенде үш айға аламыз.
      40. Тұрғын үй көмегін есептегенде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының табысын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеу керек.
      41 Тұрғын үй көмегін тағайындаған жағдайда отбасы түрғын ұй көмегін алғаннан жыл ағымында көмір алған уақытына қарамастан, алынған көмір саны және бағасы көрсетілген түбіртек (анықтама) ұсынады (мөр болмаған жағдайда жеке кәсіпкердің патенті).
      42. Су қуаты, электр қуаты, газ қуаты өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіртектердің орташаларын есепке алу керек.

6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы
мен төлемі

      43. Тұрғын үй көмегі қалалар мен аудандардың бюджет қаражаттарының есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
      44. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен Жарма аудандық «Қазпошта» акционерлық қоғамының филиалы арқылы жүргізіледі.
 

Тұрмысы төмен азаматтарға үйді
ұстауға және үй-коммуналдық 
қызметке ақы төлеу үшін тұрғын
үй көмегін беру Ережесіне  
№ 1 қосымша        
 

Тұрғын үй көмегін беруге КЕЛІСІМШАРТ-АРЫЗ 1. ОТБАСЫ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТТЕР
 

Отбасы иесінің аты-жөні _________________________________

Мекенжайы________________________________________________

Үй телефоны __________________

Толқұжат (жеке куәлік) №_____________ берілген___________

СТН________________________________________

2. ТҰРҒЫН ҮЙ ТИПІ,ТҰРҒЫН ҮЙ МЕНШІГІНІҢ НЫСАНЫ

Жекешелендіру келісімшарты № ____________________________

Жекешелендірілмеген ордер №______________________________

Сату-сатып алу келісімшарты № ___________________________

Сыйға тарту келісімшарты №  _____________________________

Жекеменшік ______________________________________________

Тұрғын үйдің жалпы ауданы___Бөлме саны___Тіркелген адам__

3. ОТБАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
 

№ р/н

Аты-жөні

Отбасының иесіне қатынасы

Табыс көзі

Айлар бойынша табыстар

1

2

3














































































   

      4. ШАҒЫЛҒАН КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ
 

Коммуналдық қызметтердің атауы Айлар Қызмет беруші

Ағымдағы шығындар





Жылу беру





Ыстық су





Суық су





Телефон





Газ





Электр қуаты





Басқа шығындар





5. ОТБАСЫН ЕСКЕРТУ

      1. Отбасына тұрғын үй көмегін төлеу мынадай жағдайда тоқтатылады:

      а) отбасына үстеме немесе заңсыз өтемақы тағайындау бөлімге қате мәліметтер берілгенде;

      б) жәрдемақына есептеу үшін берілген ақпараттағы кез келген өзгерістер туындағаны туралы уәкілеттік органдарға уақтылы хабарламағанда;

      в) тұрғын үй ақысын және коммуналдық қызметтердің және байланыс қызметінің ақысын уақтылы төлемеген кезде.

      2. Залал келтірген жағдайда отбасы заңсыз алған сомаларды ерікті түрде қайтарады, егер қайтармаған жағдайда, сот тәртібінде қайтарылады.

Екінші үй (пәтер)

_________
(бар/жоқ)





Отбасы өкілдерінің қолы


Маманның қолы

_______________________


______________________

Мерзімі «___»_________20____ж.


Мерзімі «___»_________20____ж.


Тұрмысы төмен азаматтарға үйді
ұстауға және үй-коммуналдық 
қызметке ақы төлеу үшін тұрғын
үй көмегін беру Ережесіне  
№ 2 қосымша        
 

1. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері жөніндегі №_________ ШЕШІМ (үзінді) 200__ жылғы “__” ____________ істің № _________
 

  1. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы ережеге сәйкес тағайындалсын

ТЕГІ______________________________________________________

АТЫ_______________________________________________________

ӘКЕСІНІҢ АТЫ_____________________________________________

Отбасы мүшелерінің саны__________________________________

Тұған күні_____________________________Жынысы____________

                (күні, айы, жылы)                (ер, әйел)

Тұрғылықты жердің мекен жайы (нақты) ____________________

Жеке куәлігінің №__________ 200__ жылғы “__” _________

Берген жері______________________________________________

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) ____________________

Өтініш жасаған уақыты____________________________________

Төленетін тұрғын үй көмегінің мөлшері 200 жылғы “__” ___

“__” _________

__________________________________________________ сомада

(санмен және жазбаша сома)

Қызмет көрсететін банкідегі жеке шоттың №__________         2. Тұрғын үй көмегін көрсетуге бас тартылсын_______

_________________________________________________________

(себебі көрсетілсін)
 

Жарма ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі бастығы                            Аты-жөні 

Жарма ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі маманы                             Аты-жөні

Тұрмысы төмен азаматтарға үйді
ұстауға және үй-коммуналдық 
қызметке ақы төлеу үшін тұрғын
үй көмегін беру Ережесіне  
№ 3 қосымша        

Азық-түлік үшін пайдаланатын үй жануарлары
мен құстардың жасы
 

Үй жануарларының түрі

Азық-түлік үшін пайдаланатын үй
жануарлары мен құстардың жасы (айы)

Ірі қара мал

25

Қой және қозы

12

Шошқа

10

Жылқы

16

Түйе

18

Құс

5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады