Жарма ауданында тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2010 жылғы 27 шілдедегі N 23/182-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 16 тамызда N 5-10-101 тіркелді. Күші жойылды - Жарма аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі N 2/16-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жарма аудандық мәслихатының 2012.04.10 N 2/16-V шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабы 1-тармағы 15) тармақшасы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабының 2 тармағы, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысы негізінде, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосымша беріліп отырған «Жарма ауданында тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі» бекітілсін.
      2. «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 20 қазандағы Жарма аудандық мәслихатының № 15/6-ІV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-10-87 болып тіркелген, 2009 жылғы қараша айында № 46, 48 «Қалба тынысы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                     К. Сқақов

      Мәслихат хатшысы                    Д. Садықов

Жарма ауданының мәслихатының
2010 жылғы 27 шілдедегі
№ 23/182-ІV шешімімен бекітілген

Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қаулысы негізінде әзірленді және ауданда аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Жарма ауданының тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
      кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыратын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы.
      2. Тұрғын үй көмегі - сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгерлері) болып табылатын азаматтарға (отбасыларға) көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір түрі болып табылады.
      3. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну ақысының рұқсат етілген шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының 11 пайызы (%) мөлшерінде белгіленеді.

2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары

      4. Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйі жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      5. Тұрғын үй көмегі берілмейді:
      1) 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), жүкті әйелдер, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың күтімімен айналысатын ата-аналар, 80 жастан асқандар, 7 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын ата-аналар, 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектер және оларды күтетіндер, 18 жасқа дейін төрт немесе одан да көп балалы аналар, онкологиялық, наркологиялық және туберкулез ауруымен есепте тұрған азаматтарды қоспағанда, жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген адамдары бар отбасыларға;
      2) белгісіз себептермен уәкілетті органдардың ұсынған жұмысқа орналастырудан бас тартқан, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмыстан, кәсіптік даярлаудан, қайта оқытудан, біліктілікті жетілдіруден, өз еркімен осы жұмыстар мен оқудан кеткен жұмыссыздарға.
      6. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:
      1) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтінгеннің мекенжайы бойынша тағайындалады;
      2) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тағайындалмайды;
      3) үміткердің үйіне 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда.
      7. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, ережеге сәйкес, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      отбасының табысын растайтын құжаттар;
      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары.
      телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
      тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шот.
      9. Тапсырылған құжатттардың қорытындысы бойынша отбасына шарт-өтініш жасалады, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі еңгізіледі. Шарт-өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
      10. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін тағайындаудың негізі болып табылады (2 қосымша).
      11. Сумен қамту, электрмен қамту, газбен қамту, жылумен қамту, телефон тарифтерінің жоғарылауын, тұрғын үйді пайдалану бойынша шығындар талаптану тоқсанның алдындағы тоқсанның орташа түбіртектері бойынша есептеледі.
      12. Егер отбасының ортажандық жиынтық табыстары кедейшілік белгісінің мөлшерінен төмен болса, үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке төлеу үшін тұрғын үй көмегін белгілегенде, жиынды табыс Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде бір есептік көрсеткішке кемиді.
      13. Жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлер мен мүгедектердің, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларының құқыларын белгілеп тұрғын үй көмегін есептегенде, оларды қолдау мақсатында, табыстары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде екі есептік көрсеткіш мөлшерімен реттелуі.
      14. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде алынатын жәрдемақының мөлшеріне және тағайындау құқығына әсер ететін кез-келген өзгерістер туралы уәкілетті органға хабарлауы тиіс.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      15. Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік үй иесінің (жалгердің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формуласы:
      П = ТҮТЕЖӘТ-(t,x,д);
      П – тұрғын үй көмегінің мөлшері;
      ТҮТЕЖӘТ – тұрғын үйге төленетін ең жоғары әлеуметтік төлем;
      t – тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (=11%);
      д – отбасының жиынтық табыстары;
      Тұрғын үй көмегін есептеген жағдайда келесі әлеуметтік нормалар қолданылады:
      1) аудан нормасы:
      Бір адамға - 30 м2;
      Екі адамнан тұратын отбасына - 30 м2;
      Үш және одан артық адамнан тұратын отбасына - әр адамға 15 м2, бірақ 38,52 м2 аспау керек.
      2) Газды шығындау нормасы:
      Бір адам тұрса - 1 кіші баллон;
      Екі адам тұрса - 1 кіші баллон;
      Үш және одан көп адам тұрса - 2 кіші баллон.
      3) Электр қуатын тұтыну нормасы:
      Бір адам тұрса - 70 кВт;
      Екі адам тұрса - 140 кВт;
      Үш адам тұрса – 210 кВт;
      Төрт және одан артық адам тұрса - 280 кВт.
      Тұтыну нормативтері және оларды сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, қоқысты жою және тұрғын үйді ұстауға шығыстар тарифтері қызмет берушілермен ұсынылады.

4. Тұрғын үй көмегіне үміткер азаматтардың(отбасыларының) жиынтық табысын есептеу

      16. Жиынтық табыстарының есептелуі отбасының табысын белгілеуге тұрғын үй жәрдемін тағайындайтын уәкілетті органымен жүргізіледі.
      17. Отбасының жиынтық табысын анықтаған жағдайда өтініш берілген мерзімдегі отбасы мүшелерінің төмендегі көмектердің басқа барлық табыстары есептеледі:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) ай сайын он сегіз жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
      3) тұрғын үй көмегі;
      4) жерлеу біржолғы жәрдемақы;
      5) бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      6) ақшалай және заттай қайырымдылық көмек;
      7) өзінің жеке ісін ашуға және өз шаруашылығын дамытуға материалдық көмек;
      8) төтенше жағдайларда адамның денсаулығына және мүлігіне келген зиянның орынын толтыру мақсатымен отбасына көрсетілетін көмектер;
      9) берілген отбасында тұрмайтын адамға отбасы мүшесінің біреуімен төленетін алименттер;
      10) азық-түліктің бағаларының өсуіне байланысты аз қамтылған отбасыларға берілетін материалдық көмек;
      11) ақысыз тамақтандыру және білім туралы заңнамаларға сәйкес білім беру ұйымдарында көрсетілетін көмектер.
      18. Ауылдық жердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда жеті есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда 10 есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
      19. Қаланың, қалалық үлгідегі кенттердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда төрт есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда сегіз есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
      20. Жиынтық табысты есептегенде өнімді жасқа толмаған үй малы есепке алынбайды (3 қосымша). Жеке кәсіптік істерден, мүліктік және жер пайынан түсетін табыстар мәлімделген болып саналады.
      21. Құжаттамалы расталған табыстар түрлеріне еңбектен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттерден түсетін табыстар жатады. Отбасының жиынтық табысы алименттердің есебінсіз саналады, егер де төлеуші:
      1) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз болып тіркелген;
      2) бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған;
      3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу-еңбек профилакторияларында (ЕЕП) емделуде немесе есепте болған;
      4) Қазақстан Республикасында тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрғылықты жерлерге тұруға кеткен жағдайларда.
      22. Отбасы құрамына қолданыстағы заңнамаға сәйкес әділет органдарында тұрғылықты жерлері бойынша тіркелген тұлғаларды есептеу керек. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының барлық мүшелерінің және осы мекенжай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
      23. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлем алған кезде, жиынтық табыста, алынған барлық табыс сомасын алынған айлар санына бөліп және 3 айға көбейтілген табыстың жиыны есепке алынады.
      24. Отбасының орта жандық табыстары 1 айға отбасының тоқсандық жиынтық табыстарын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен есептеледі.
      25. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің сенімділігіне заңда белгіленген тәртіпте жауапты.
      26. Тұрғын үй көмегі, өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) бір жылда бір рет беріледі.

5. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну тәртібі

      27. Өздері жылытатын, жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеген кезде, әлеуметтік шығын жалпы ауданның 1 шаршы метріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг мөлшерінен аспайтын көмір шығынының әлеуметтік нормасы есептеледі.
      28. Көмірдің құнын есептеу үшін аудан бойынша облыстық статистика басқармасының ұсынуымен тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанға (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) дейінгі тоқсанның соңғы айында есептелген орташа бағасы қолданылады.
      29. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылып басқа жанармай түрлерінің құны мен шығын нормасы, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына балама ретінде есептеледі.
      30. Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үйге арналған көмір шығынының барлық әлеуметтік нормасы өтініш берілген тоқсандағы үш ай үшін бір рет есептеледі.
      31. Тұрғын үй көмегін тағайындаған жағдайда отбасы тұрғын үй көмегін алғаннан жыл ағымында көмір алған уақытына қарамастан, алынған көмір саны және бағасы көрсетілген түбіртек ұсынады.

6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі

      32. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаттарының есебінен беріледі ақшалай төлем түрінде тағайындалады.
      33. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына есептеу жолымен екінші деңгейдегі банкілер арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй көмегі төлемінің тәртібі мен шарты уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банкілер атқарады.

Жарма ауданының аз қамтамасыз етілген
отбасыларына (азаматтарына) тұрғын
үй көмегін көрсету ережесіне
1 қосымша

Тұрғын үй көмегін беруге
КЕЛІСІМШАРТ-АРЫЗ

1. ОТБАСЫ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТТЕР

Отбасы иесінің аты-жөні______________________________________
Мекен жайы___________________________________________________
Үй телефоны__________________
Төлқұжат (жеке куәлік) №_________________берілген____________
СТН________________________________________
ӘЖК_______________________________________

2. ТҰРҒЫН ҮЙ ТИПІ,ТҰРҒЫН ҮЙ МЕНШІГІНІҢ НЫСАНЫ

Жекешелендіру келісімшарты №________________________________
Жекешелендірілмеген ордер №_________________________________
Сату-сатып алу келісімшарты №_______________________________
Сыйға тарту келісімшарты №__________________________________
Жеке меншік_________________________________________________
Тұрғын үйдің жалпы ауданы____Бөлме саны____Тіркелген адам___

3. ОТБАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ


р/н

Аты-жөні

Отбасының
иесіне
қатынасы

Табыс
көзі

Айлар бойынша табыстар

1

2

3














































































4. ШАҒЫЛҒАН КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ

Коммуналдық
қызметтердің атауы

Айлар

Қызмет
беруші

Ағымдағы шығындар





Жылу беру





Ыстық су





Суық су





Телефон





Газ





Электр қуаты





Басқа шығындар





5. ОТБАСЫН ЕСКЕРТУ

      1. Отбасына тұрғын үй көмегін төлеу мынадай жағдайда тоқтатылады:
      а) отбасына үстеме немесе заңсыз өтемақы тағайындау бөлімге қате мәліметтер берілгенде;
      б) жәрдемақыны есептеу үшін берілген ақпараттағы кез келген өзгерістер туындағаны туралы уәкілеттік органдарға уақтылы хабарламағанда;
      в) тұрғын үй ақысын және коммуналдық қызметтердің және байланыс қызметінің ақысын уақтылы төлемеген кезде.
      2. Залал келтірген жағдайда отбасы заңсыз алған сомаларды ерікті түрде қайтарады, егер қайтармаған жағдайда, сот тәртібінде қайтарылады.

Екінші үй (пәтер) _____________
                     (бар/жоқ)
Отбасы өкілдерінің қолы            Маманның қолы
_________________________      _____________________
Мерзімі «___»_________20____ж. Мерзімі «___»_______20___ж.

Жарма ауданының аз қамтамасыз етілген
отбасыларына (азаматтарына) тұрғын
үй көмегін көрсету ережесіне
2 қосымша

Тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері жөніндегі
№_________ ШЕШІМ (үзінді)
20__ жылғы “__” ____________ істің №_________

      1. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы ережеге сәйкес тағайындалсын
ТЕГІ__________________________________________________________
АТЫ___________________________________________________________

ӘКЕСІНІҢ АТЫ__________________________________________________
Отбасы мүшелерінің саны_______________________________________
Туған күні_______________________Жынысы_______________________
             (күні, айы, жылы)                     (ер, әйел)
Тұрғылықты жердің мекен жайы (нақты)__________________________
Жеке куәлігінің №_____________ 200__ жылғы “__”_______________
Берген жері___________________________________________________
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН)__________________________
Өтініш жасаған уақыты_________________________________________
Төленетін тұрғын үй көмегінің мөлшері 200 жылғы “__”__________
“__” ______________________
______________________________________________________ сомада
      (санмен және жазбаша сома)

Қызмет көрсететін банкідегі жеке шоттың №_________________________________________

      2. Тұрғын үй көмегін көрсетуге бас тартылсын____________
______________________________________________________________
                       (себебі көрсетілсін)

Жарма ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығы        Аты-жөні

Жарма ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманы         Аты-жөні

Жарма ауданының аз қамтамасыз етілген
отбасыларына (азаматтарына) тұрғын
үй көмегін көрсету ережесіне
3 қосымша

Азық-түлік үшін пайдаланатын үй жануарлары мен құстардың жасы

Үй жануарларының түрі

Азық-түлік үшін пайдаланатын үй жануарлары мен құстардың жасы (айы)

Ірі қара мал

25

Қой және қозы

12

Шошқа

10

Жылқы

16

Түйе

18

Құс

5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады