2009 жылға дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 07 сәуірдегі N 645 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 06 мамырда N 5-11-92 тіркелді. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы N 1062 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды  - Зайсан ауданы әкімдігінің 2010.02.10 N 1062 қаулысымен.
       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, Зайсан аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 10-1 «Зайсан ауданының 2009 жылға арналған бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда 5-11-87 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2009 жылғы 17 қаңтардағы № 3 санында жарияланған) шешіміне сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қоса берілген 2009 жылға дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Биқадамовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                     Ә. Мұхтарханов

2009 жылғы 07 сәуірдегі
Зайсан ауданының әкімдігінің
№ 645 қаулысына қосымша

2009 жылға дербес зейнеткерлерге коммуналдық
қызметтер бойынша шығындар өтемақысына
материалдық көмек көрсету жөніндегі
Нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық 2009 жылы дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету мәселесі бойынша (бұдан әрі – материалдық көмек) халықты әлеуметтік қорғау саласында заңнаманы қолдануды нақтылайды, дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында әзірленді және оны беру  шартын регламенттейді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Зайсан ауданы әкімдігінің 2009.08.06 № 807 қаулысымен.
      2. Материалдық көмек Қазақстан Республикасы және облыс алдында еңбегі сіңген дербес зейнеткерлерге беріледі.

2. Материалдық көмекті тағайындау

      3. Материалдық көмек «Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) арқылы ағымдағы жылдың бюджетінде қаралған қаржы мөлшерінде төленеді және өтініш иесі төмендегі құжаттарды ұсынғанда тағайындалады:
      1) материалдық көмек көрсету туралы өтініш;
      2) жеке басын растайтын құжат;
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      4) тіркелімін растайтын құжат;
      5) дербес зейнеткердің мәртебесін растайтын құжат.
      Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, одан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады.
      4. Материалдық көмек өтінішті сипатқа ие және қажетті құжаттармен өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
      5. Бөлім әр айдың 15-іне дейін мемлекеттік зейнетақы төлеу бойынша орталығының Зайсан аудандық бөлімшесінен дербес зейнеткерлердің тізімін (қағаз және электронды тасымалдаушы түрінде) салыстыру үшін сұрайды.

3. Материалдық көмек төлеу

      6. Бөлім ай сайын ағымдағы айдың 30-ына дейін материалдық көмекті төлеуді жүргізеді.
      7. Материалдық көмек 451. 007. 000 «Жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджет трансферттері есебінен жүргізіледі.
      8. Материалдық көмекті өтініш иесі көрсеткен мекенжайға жеткізу «Казпочта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.

      Аудандық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                       Б. Қинашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады