2009 жылғы 30 қаңтардағы № 1105 "2005 жылғы 15 сәуірдегі № 1569 "Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар және оларды қаржыландыру Ережелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 27 мамырдағы N 107 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 маусымда N 5-17-105 тіркелді. Күші жойылды - Ұлан аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 13 қарашадағы N 359 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлан аудандық әкімдігінің 2009.11.13 N 359 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 4, 5, 7, 9 - баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындықтар көретін халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар белгілеу мақсатында Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 1569 «Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар және оларды қаржыландыру Ережелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2336 болып 2005 жылдың 12 мамырында тіркелген, 2009 жылғы 21 ақпандағы № 8 «Ұлан таңы» аудандық газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      Қаулының барлық мәтіні бойынша және атауында «Ережесі» деген сөз «Нұсқаулық» деген сөзбен өзгертілсін;
      2. Көрсетілген қаулының № 1 қосымшасына келесідей толықтырулар енгізілсін:
      19-тармағына «аудандық бюджет» деген сөздерден кейін «және республикалық бюджет» сөздерімен толықтырылсын;
      3. Көрсетілген қаулының № 2 қосымшасына келесідей толықтырулар енгізілсін:
      12-тармағына «аудандық бюджеттен» деген сөздерден кейін «және республикалық бюджеттен» сөздерімен толықтырылсын;
      12-тармағы «Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған нысаналы топтардан азаматтардың еңбек ақы төлемі айына 30 мың теңгеден кем болмауы тиіс; жұмыс беруші жағынан 15 мың теңгеден кем емес және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім жағынан республикалық бюджеттен 15 мың теңге» және «Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жағынан жұмыс беруші жұмыспен қамту органына осы айда қатысушының жұмыс істеген күндерінің саны көрсетілетін анықтама негізінде олардың жеке есеп шоттарына жүргізіледі» сөйлемдерімен толықтырылсын.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.

      Ұлан ауданының әкімі                      Б. Уйсумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады