Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 277 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 29 мамырда N 7-3-78 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 108 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2012.03.01 N 108 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, мүгедектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бөрлі ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындары жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В. Савченкоға жүктелсін.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Г. Урынгалиев

  Бөрлі ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 23 сәуірдегі
N 277 қаулысына
қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасын
белгілейтін кәсіпорындар мен ұйымдардың
тізбесі

N

Жұмыс беруші

Жұмыс орындары квотасы

1

"Ақсайгазсервис" акционерлік қоғамы

6

2

"Ақсай астық өнімдері комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

3

3

"Аксай железо-бетон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2

4

"Бөрлі аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

1

5

Бөрлі ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Горкомхоз" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады