Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 маусымдағы N 73 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 1 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6315 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы 196 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.09.2013 № 248 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Агенттік Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 330 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3329 тіркелген, 2005 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, № 20, 186-құжат) қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесінде:
      1-тармақтың бірінші бөлігінде:
      9) тармақшасындағы «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың зейнетақы активтері инвестициялық басқарудағы әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бөлігінде осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес «Инвестициялау лимиттері» пруденциалдық нормативтерін сақтауы туралы есеп.»;
      2-қосымшада:
      «1. Зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген бағалы қағаздар» деген кесте мынадай мазмұндағы 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26 және 27-бағандармен толықтырылсын:

«

Портфельдегі ағымдағы купондық ставка 16

Тәуекелдің тиісті түрін мөлшерлеу коэффициентінің дәрежесі17

Кезең ішіндегі кіріс/шығын18

Есепке қойылған күннен бастап алынатын кіріс/шығын19

Кредиттік тәуекел

Ерекше пайыздық тәуекел

Ортақ пайыздық тәуекел

Валюталық тәуекел

Қор тәуекелі

Операциялық тәуекел

19

20

21

22

23

24

25

26

27

х









х

х

х

х

х

х

х


х

х

х

х

х

х

х

х


х

х

х

х

х

х

х

х


х

х

х

х

х

х

х

х


х

х

х

х

х

х

х

х


х

х

х

х

х

х

х

х


х

х

х

х

х

х

х

х


х

                                                                   »;

      Ескерту мынадай мазмұндағы 16, 17, 18 және 19-тармақтармен толықтырылсын:
      «16. Борыштық қаржы құралдары бойынша есеп беру күніндегі купондық ставка көрсетіледі.
      17. Агенттік Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 180 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5789 тіркелген) қаулысымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта (бұдан әрі – № 180 Нұсқаулық), Агенттік Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5793 тіркелген) қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта (бұдан әрі – № 181 Нұсқаулық), Агенттік Басқармасының 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5810 тіркелген) қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде көзделген тәуекел түрлері көрсетіледі.
      18. Аяқталған есепті кезең ішіндегі қаржы құралынан алынған кіріс/шығын сомасы көрсетіледі.
      19. Есепке қойылған күннен бастап есепті кезеңнің соңғы күнін қоса алғандағы кезең ішінде қаржы құралынан алынған кіріс/шығын сомасы көрсетіледі.»;
      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 10-қосымшамен толықтырылсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2012.02.24 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап алпыс күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      6. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                            Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдары 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы   
1 маусымдағы № 73 қаулысына 
1-қосымша          

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.09.2013 № 248 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдары 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы   
1 маусымдағы № 73 қаулысына 
2-қосымша        

«Зейнетақы активтерін  
инвестициялық басқару  
жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын заңды тұлғалардың
есеп беру ережесіне   
10-қосымша        

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың 20 ___ жылғы «___» ___________ жағдай бойынша «Инвестициялау лимиттері» пруденциалдық нормативін сақтауы туралы есебі6
(Қордың қысқартылған атауы (ілік септігінде), Ұйымның қысқартылған атауы (ілік септігінде))

                                                         мың теңге1

№ р/с

Эмитенттің атауы

Бағалы қағаздың коды

Ұлттық сәйкестендіру нөмірі

Бағалы қағаздың түрі

Эмитенттің меншікті капиталының мөлшері

Бір шығарылымның борыштық бағалы қағаздарының жалпы саны, данасы

А

1

2

3

4

5

6


Эмитент бойынша жиынтығы:







Акциялардың барлығы:







Инвестициялық қорлардың пайларының барлығы






кестенің жалғасы

Дауыс беретін акциялардың жалпы саны, данасы2

Орналастырылған акциялардың жалпы саны, данасы 2,3

Зейнетақы активтері есебінен

Меншікті активтері есебінен

Саны (бағалы қағаздардың данасы)

Құнсыздануды ескеріп, ағымдағы жиынтық құны (теңгемен)4

Зейнетақы активтерінің ағымдағы құнынан жиынтығы пайызбен

Саны (бағалы қағаздардың данасы)

7

8

9

10

11

12







кестенің жалғасы

Меншікті активтері есебінен

Эмитенттің меншікті капиталының үлесі, пайызбен5

Эмитенттің осы шығарылымының борыштық бағалы қағаздарының жалпы санынан борыштық бағалы қағаздардың үлесі, пайызбен5

Осы эмитенттің дауыс беретін акцияларының жалпы санынан дауыс беретін акциялардың үлесі, пайызбен5

Осы эмитенттің орналастырылған акцияларының жалпы санынан орналастырылған акциялардың үлесі, пайызбен3, 5

Құнсыздануды ескеріп, ағымдағы жиынтық құны (теңгемен)4

Меншікті активтерінің ағымдағы құнынан жиынтығы пайызбен

13

14

15

16

17

18







      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
      ____________________________ күні  ________________

      Бас бухгалтер  немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
      ____________________________ күні  ________________

      Орындаушы  _________________ күні  ________________

      Телефон:____________________

      Мөр орны

      Ескерту:

      1 Атауының мазмұнында басқа өлшем бірлігі бар бағаналарды қоспағанда, барлық сома үтірден кейін екі таңбамен мың теңгеде көрсетіледі.
      2 Деректер № 180 Нұсқаулықтың 29-тармағына және № 181 Нұсқаулықтың 38-тармағына сәйкес толтырылады.
      3 Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің акциялары бойынша толтырылады.
      4 Есептелген жиынтық сыйақыны ескергендегі сома көрсетіледі.
      5 Үлесі зейнетақы және меншікті активтерінің жиынтық есебінен инвестициялар мөлшері бойынша не тек ғана зейнетақы немесе меншікті активтерінің есебінен есептеледі. Халықаралық қаржы ұйымдары шығарған (ұсынған) қаржы құралдары бойынша және шетел мемлекеттерінің орталық үкіметтері шығарған (ұсынған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар бойынша толтырылмайды.
      6 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша толтырылмайды.».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады