Мемлекеттік және салалық бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2010 жылғы 1 шілдедегі № 17-Қ Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6371 болып енгізілді. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 16-НҚ нормативтік қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 30.11.2015 № 16-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 18.03.2015 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу қағидаларының 28-тармағына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 18.03.2015 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік және салалық бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 18.03.2015 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Аппарат басшысы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы қаулының мемлекеттiк тiркелуiн және оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға                                   О. Өксікбаев

Республикалық бюджеттің     
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің 2010 жылғы      
1 шілдедегі № 17-қ қаулысымен  
бекітілген           

Мемлекеттік және салалық бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына бағалау жүргізу қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 18.03.2015 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «Ережеге», «ережесі», «ережесінің», «ережесіне» деген сөздер, тиісінше «Қағидаларға», «қағидасы», «қағидасының», «қағидасына» деген сөздермен ауыстырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 18.03.2015 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік және салалық бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығына сәйкес әзірленді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 18.03.2015 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      2. Қағидалар мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын (бұдан әрі – бағдарламалар (стратегиялық жоспарлар)) бағалауға бірыңғай тәсілді жасау мақсатында әзірленді.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 18.03.2015 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      3. Бағдарламалардың (стратегиялық жоспарлардың) іске асырылуын бағалау (бұдан әрі – бағалау) оларды жүйелі, объективті зерделеу және талдау, нәтижелерге қол жеткізу дәрежесін айқындау, сондай-ақ түзетулер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 18.03.2015 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      4. Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың және орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бағалауды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 18.03.2015 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      5. Аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуын бағалауды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары (бұдан әрі – тексеру комиссиясы) өздерінің жұмыс жоспарларына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 18.03.2015 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      6. Шеңберiнде бағалау жүзеге асырылатын бақылау iс-шаралары (бұдан әрi – бақылау iс-шаралары) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 7 сәуiрдегi № 788 Жарлығымен бекiтiлген Мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына сәйкес Есеп комитетiнiң нормативтік қаулысымен бекiтiлетін Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүргiзу қағидасына (бұдан әрі – Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүргiзу қағидасы) және осы Қағидаларға сәйкес жүргiзiледi.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Бағалау тiкелей бақылау объектiлерiнде бақылау iс-шараларын жүргiзу жолымен де, әрi жиналған ақпарат негiзiнде де жүзеге асырылады. Бағалау бағдарламалардың (стратегиялық жоспардың) iске асырылу кезеңi iшiнде жүргiзiледi.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Бағалау жүргізу тәртібі

      8. Бағалау:
      1) жоспарлау;
      2) бақылау іс-шарасын жүргізу;
      3) есеп жасау;
      4) бағалау қорытындыларын іске асыру кезеңдерінен тұрады.

3. Жоспарлау

      9. Бағдарламаларды (стратегиялық жоспарларды) бағалау бойынша бақылауды жоспарлау Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады және нәтижеге қол жеткізу мақсатында бақылау объектісін алдын ала зерделеуден, бақылау жоспарын жасаудан және бақылау бағдарламасын бекітуден тұрады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Алдын ала зерделеу бағдарламаларды (стратегиялық жоспарларды), олардың іске асырылуын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың (стратегиялық жоспарлардың) іске асырылуы туралы мемлекеттік органдардың есептерін, қаржылық, бухгалтерлік есептілік құжаттарын, ресми статистикалық ақпаратты және бақылау объектісінің қызметі туралы өзге де ақпаратты жинау, талдау және зерделеу жолымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Алдын ала зерделеу процесінде бағалау жүргізуге қажетті ақпарат көздері айқындалады, бақылаудың үлгісі, түрі және объектілері, бақылау іс-шарасын жүргізуге қажетті ресурстардың көлемдері нақтыланады, бақылау мәселелері қалыптастырылады. Тиімділікті бақылаудың үлгісі бойынша бағдарламалардың (стратегиялық жоспарлардың) іске асырылуына бағалау жүргізу кезінде бағалаудың тиісті өлшемдері әзірленеді.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Бағалауды жүзеге асыру кезінде орталық мемлекеттік және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) қызметіндегі айрықша назар аударылуға тиісті ықтималды кемшіліктерді анықтау үшін ішкі бақылау жүйесін, оның ішінде бағалауға тікелей қатысы бар бөлігін зерделеу қажет.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 18.03.2015 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      13. алынып тасталды - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14. алынып тасталды - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      15. алынып тасталды - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. Бақылау объектісін алдын ала зерделеудің негізінде Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасының талаптарына сәйкес бақылаудың жоспары жасалады, бақылау бағдарламасы және жұмыс жоспарлары әзірленеді.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Бақылау жоспарын бақылау жүргізуге жауапты Есеп комитеті (тексеру комиссиясы) мүшесінің ұсынысы бойынша Есеп комитетінің (тексеру комиссиясының) Төрағасы бекітеді.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      18. Бақылау бағдарламасы бақылауды тиiмдi жүргiзуге қажеттi және тiкелей оның процесiн айқындайтын егжей-тегжейлi әзiрленген құжат болып табылады.
      Бақылау бағдарламасы әрбiр жеке бағдарламаның (стратегиялық жоспардың) өзiндiк ерекшелiгi ескеріле отырып әзiрленедi.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      18-1. Жұмыс жоспарлары нақты бағдарламалық мәселелерді, оларды әрбір бақылау объектісінде қараудың дәйектілігі мен мерзімін көрсете отырып, бақылау іс-шарасын жүргізуге қатысатын Есеп комитетінің әрбір қызметкеріне жеке жасалады.
      Ескерту. Ереже 18-1-тармақпен толықтырылды - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      19.Бақылау бағдарламасында бақылаудың мақсатына қарай бағалаудың мынадай түрлерi қарастырылады:
      1) бағдарламаның (стратегиялық жоспардың) iске асырылуы.
      Бағалаудың бұл түрi бағдарламаның (стратегиялық жоспардың) iске асырылуы барысында бағдарламаға (стратегиялық жоспарға) енгiзiлген бағыттардың, мақсаттардың, мiндеттер мен iс-шаралардың iске асырылу кезеңдерi мен рәсiмдерiн, ресурстарды басқарудың үнемдiлiгi мен тиiмдiлiгiн талдау, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң артықшылықтары мен кемшiлiктерiне қатысты алушылардың пiкiрiн зерделеу, сондай-ақ мемлекет қаражаты мен активтерінің пайдаланылу сәйкестігіне бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады;
      2) бағдарламаның (стратегиялық жоспардың) нәтижелерi мен тиімділігі.
      Бағалаудың бұл түрi бағдарламаны (стратегиялық жоспарды) iске асыру аяқталғаннан кейiн оны орындаудың аралық нәтижелерiн ескере отырып тиімділік бақылауын жүргізу арқылы жүргiзiледi.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      20. Бағдарламалардың (стратегиялық жоспарлардың) іске асырылуын бағалау бойынша тиімділікті бақылаудың бағдарламасын жасау кезiнде бағалаудың өлшемдер негiзiнде жүзеге асырылатынын басшылыққа алу қажет.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      21. Бағдарламаларды бағалаудың өлшемдері мыналар болып табылады:
      1) бағдарламаның стратегиялық мақсаттарына, міндеттеріне, нысаналы индикаторларына және іске асырылу нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу.
      Бағалаудың бұл түрi мыналарды болжайды:
      бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының орындалуын және/немесе орындалмауын және орындалмау себептерiн, орындалмаған iс-шаралардың стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзуiне, елдiң, өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайына ықпалын айқындауды;
      бағдарлама үйлестiрушiсiнiң мемлекеттiк органдар - бiрлесiп орындаушылармен өзара iс-қимыл деңгейiн және олардың әрқайсысының жауапкершiлiк шамасын айқындауды;
      жоспардан тыс iс-шараларды анықтауды, бұл ретте, егер жоспарланбаған iс-шаралардың орындалуы қойылған мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етсе, оны орынды деп таниды;
      жоспарланған және нақты қол жеткiзiлген мақсаттарды, мiндеттердi, нысаналы индикаторларды, нәтижелердiң көрсеткiштерiн, сондай-ақ оларға қол жеткiзiлмеу себептерiн айқындауды;
      бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының оның мақсаттарына, мiндеттерi мен көрсеткiштерiне сәйкестiгiн айқындауды;
      экономиканың немесе экономиканың жеке бiр саласының, әлеуметтiк саланың, мемлекеттiк басқарудың басқа салаларының дамуына мемлекеттiк орган қызметiнiң тигiзген әсерiн кешендi және объективтi талдау;
      2) бағдарламаны iске асырудың тиiмдiлiгi.
      Бұл өлшем жоспарланған нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталған бюджет шығындарын (пайдаланылмаған, тиімсіз пайдаланылған немесе қысқартылған қаражатты анықтау, алынған нәтиженi және оған қол жеткiзуге кеткен шығындар жиынтығын салыстыру), шешілуіне құжат бағытталған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тікелей саланың (аяның) жай-күйіне бағдарламаны іске асырудың тигiзген әсерiн бағалау үшін пайдаланылады;
      3) қоғамның қанағаттанушылығы.
      Осы өлшем шеңберiнде тұтынушылардың бағдарлама нәтижелерiнен және көрсетiлген мемлекеттiк қызметтерден қанағаттанушылық деңгейi бойынша олардың пiкiрi талданады.
      Қоғамның қанағаттанушылық деңгейін айқындау кезінде ресми статистикалық ақпаратты, ғылыми-зерттеу институттарының, үкіметтік емес ұйымдардың (қоғамдық бірлестіктердің) ақпаратын, сондай-ақ бағдарламаның іс-шараларын іске асыру шеңберінде Есеп комитеті (тексеру комиссиясы) қызметкерлерінің көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы, толықтығы мен қол жетімділігі туралы тұтынушыларға сауалнама (сұхбат) ұйымдастыру жолымен алған деректерін, егер сауалнама (сұхбат) жүргізу бақылау бағдарламасында көзделген болса пайдалануға болады;
      4) бағдарламаның іске асырылуы кезінде рәсімдердің сақталуы.
      Бұл өлшемнің мақсаты қолданыстағы заңнаманың және басқа да нормативтік құқықтық, оның ішінде бюджет шығыстарын жоспарлауды және жүзеге асыруды регламенттейтін ішкі ведомстволық актілердің талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      22. Стратегиялық жоспарларды бағалаудың өлшемдері мыналар болып табылады:
      1) стратегиялық мақсаттарға және нысаналы индикаторларға қол жеткізу.
      Осы өлшемді қолдану кезінде:
      нысаналы индикаторлардың нақты шамаларын жоспарланған шамаларымен салыстыру жолымен оларға қол жеткiзу;
      нақты қол жеткізілген нысаналы индиктаторлардың орталық мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында белгіленген мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігі дәрежесі айқындалады;
      2) тікелей нәтижелердің міндеттері мен көрсеткіштеріне қол жеткізу.
      Осы өлшемді қолдану кезінде:
      нақты қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерін күтілген нәтижелермен салыстыру жолымен тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі айқындалады, міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды таңдаудың дұрыстығы, сондай-ақ іс-шаралардың міндеттерді толық қамтуы бағаланады;
      тікелей нәтижелер мен іс-шаралардың міндеттері, көрсеткіштері орындалмағанда немесе уақытында орындалмағанда стратегиялық жоспардың одан кейінгі іске асырылуына ықпал ету дәрежесі;
      тікелей нәтижелер мен іс-шаралар міндеттерінің, көрсеткіштерінің нақты орындалған көлемін жоспарланғанымен салыстыру арқылы олардың орындалу деңгейі;
      орталық мемлекеттік органның алдынғы кезеңдердегі қызметімен салыстырғанда қол жеткізілген нәтижелердің серпіні айқындалады;
      3) қоғамның қанағаттанушылығы.
      Осы өлшем 21-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес айқындалады;
      4) стратегиялық жоспардың іске асырылу тиімділігі.
      Бұл өлшем жоспарланған нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталған бюджет шығындарын (пайдаланылмаған, тиімсіз пайдаланылған немесе қысқартылған қаражатты анықтау, алынған нәтиженi және оған қол жеткiзуге кеткен шығындар жиынтығын салыстыру), сондай-ақ стратегиялық жоспарды iске асырудың басқарылуын ұйымдастыруды бағалау үшiн пайдаланылады.
      Стратегиялық жоспардың іске асыру тиімділігінің көрсеткішін бағалау кезінде:
      стратегиялық жоспардың әрбір жеке іс-шарасына, сондай-ақ бюджеттік бағдарламада жоспарланған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) бірлігіне кеткен шығындардың нақты көлемі салыстырылады;
      іс-шаралар толық көлемінде орындалған жағдайда үнемделген бюджет қаражатының көлемі айқындалады;
      экономиканың немесе экономиканың жеке бір саласының, әлеуметтік саланың, мемлекеттік басқарудың басқа салаларының дамуына мемлекеттік орган қызметінің тигізген әсерін кешенді және объективті талдау.
      Стратегиялық жоспарды бағалау қол жеткізілуіне бюджет қаражатын пайдалану талап етілмейтін нәтижелердің нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері бойынша да жүргізіледі.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерістер енгізілді - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2015 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
      23. алынып тасталды - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4. Бақылау іс-шарасын жүргізу

      24. Бақылау іс-шарасын жүргізу кезеңінде дәлелдерді қалыптастыруға қажетті ақпаратты және нақты деректерді жинақтау жүргізіледі.
      Ақпаратты және нақты деректерді жинақтау бақылау іс-шарасының мақсатына қарай мынадай тәсілдермен жүргізіледі:
      1) бір мезгілде;
      2) белгілі бір уақыт аралығында іркіліссіз процесс жолымен;
      3) оны өткізудің бүкіл мерзімі ішінде.
      25. Негiзiнде бағалаудың тұжырымдары қалыптастырылатын объективтi және шынайы деректердi ұсыну мақсатында дәлелдер бақылау объектiсiнде жиналатын ақпарат негiзiнде қалыптасады.
      Негізінде бағалау тұжырымдалатын дәлелдер бақылау іс-шарасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес болуға тиіс.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      26. Дәлелдер алуға ақпарат көздері мыналар болып табылады:
      1) тексерілетін орталық мемлекеттік және атқарушы органның қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер;
      2) қаржылық (бухгалтерлік) есептілік және бағалау нысанасына байланысты басқа да қаржылық құжаттар;
      3) бағаланып отырған мемлекеттік органның жұмысты жоспарлау, ішкі бақылауды ұйымдастыру, алқа отырыстарын, кеңестерді өткізу, шағымдарды қарау және дауларды шешу, аудиторлық және бағалау нысанасына байланысты басқа да тексерулердің нәтижелері мәселелері бойынша қағаз және электронды тасығыштардағы құжаттар;
      4) тексеріліп отырған орталық мемлекеттік және атқарушы органның өз қызметтерінің нәтижелері мен проблемалары туралы дайындаған ішкі есептілігі, талдау жазбалары және шолулары;
      5) тексеріліп отырған орталық мемлекеттік және атқарушы органдардың тиісті ақпарат жинақталатын ақпараттық деректер базасы;
      6) ресми статистикалық деректер, бағдарламаның (стратегиялық жоспардың) нысанасымен байланысты проблемалармен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарының материалдары, бұқаралық ақпарат құралдары;
      7) халық арасында жүргiзiлген сауалнаманың және басқа да зерттеулердің, оның ішінде үкiметтiк емес ұйымдар жүргiзген зерттеулердің нәтижелерi.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      27. Дәлелдерді жинау барысында тексеріліп отырған орталық мемлекеттік және атқарушы органның бағдарламаны (стратегиялық жоспарды) іске асырудың барлық негізгі іс-қимылдарын жүзеге асырғанын/жүзеге асырмағанын және барлық талаптарын орындағанын/орындамағанын дәлелдейтін барлық мәліметтер жиналады.
      28. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды бағалау кезiнде Есеп комитетi және тексеру комиссиялары келiсiм бойынша бірлескен бақылау қызметiн жүзеге асырады.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 18.03.2015 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

5. Есеп жасау

      29. Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша бақылау актісі жасалады.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 2011.08.31 № 31-П (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      30. Бақылау актісінің негізінде Есеп комитетінің (тексеру комиссиясының) мүшесі қорытынды дайындайды, онда бағдарламаның (стратегиялық жоспардың) іске асырылу нәтижелері бағалау өлшемдеріне сай келе ме деген көрсетіледі.
      Қорытынды оң нәтижелерді де, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның қызметінің тиімсіздігін растайтын анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтар кезіндегі нақты фактілерді де қамтуы тиіс.
      Қорытындыда тиімсіз нәтижелерге алып келген себептер айқындалады және әрбір стратегиялық жоспар, мақсат, міндет, іс-шара, нысаналы индикатор, бағдарламаны (стратегиялық жоспарды) іске асыру нәтижелерінің көрсеткіші бойынша тиісті тұжырым шығарылады.
      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 18.03.2015 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      31. Қорытындыдағы тұжырымдар:
      1) бағдарламаны (стратегиялық жоспарды) іске асырудың қайсыбір нақты нәтижелерінің бағалаудың өлшемдеріне сәйкестігінің сипаттамасын қамтиды;
      2) туындатқан немесе туындатуы мүмкін анықталған кемшіліктер мен зардаптардың себептерін айқындайды;
      3) бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің жалпы бағасын қамтиды;
      4) саланың, аяның көрсеткіштерінің немесе орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның қызметінің нәтижелеріне бағдарламаны (стратегиялық жоспарды) іске асырудың әсерін айқындайды;
      5) тиісті ұсынымдарды дайындау үшін проблеманың бар-жоғы себептерін анықтайды;
      6) алынып тасталды - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2015 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
      31-1. Бағдарламаны (стратегиялық жоспарды) бағалаудың нәтижелеріне қарай қорытындыда бағдарламаның (стратегиялық жоспардың) құжаттарын түзету, қаржыландыру көлемі мен көздері, оның ішінде бағдарламаның (стратегиялық жоспардың) ресурстарын оңтайландыру және қайта бөлу, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның қызметін жетілдіру, қолданыстағы заңнаманы өзгерту бойынша ұсыныстар қалыптастырылады.
      Ескерту. Ереже 31-1-тармақпен толықтырылды - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 18.03.2015 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
      32.  Бағалау нәтижелерi қаралғаннан кейiн Есеп комитетi (тексеру комиссиясы) қаулы (ұсыным) қабылдайды, ол:
      1) анықталған кемшiлiктердiң, бұзушылықтардың немесе проблемалардың болу себептерiн жоюға бағытталады;
      2) анықталған кемшiлiктер мен бұзушылықтарды жою бойынша нақты шаралар қолдануға бағытталады;
      3) орындалады;
      4) экономикалық жағынан тиiмдi болады;
      5) олардың орындалуынан нәтижелер алуға бағдарланады.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      33. Есеп комитетінің (тексеру комиссиясының) бақылау актiсi, қорытындысы және қаулысы (ұсынымы) Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасының талаптарына сәйкес ресiмделедi.
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6. Бағалауды іске асыру

      34. Есеп комитетiнiң мемлекеттiк бағдарламаға жүргiзген бағалауының қорытындысы Есеп комитетінің тиісті қаулысына қол қойылған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға, мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органға жiберiледi.
      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      35. Тексеру комиссиясының аумақтарды дамыту бағдарламасына жүргiзген бағалауының қорытындысы тексеру комиссиясының тиісті қаулысына қол қойылған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiберiледi.
      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 18.03.2015 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      36. Есеп комитетiнiң стратегиялық жоспарларға жүргiзген бағалауының қорытындысы Есеп комитетінің тиісті қаулысына қол қойылған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, стратегиялық жоспарларға бағалау жүргiзуге уәкiлеттi органдарға жiберiледi.
      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.02.2013 № 10-П қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      37. Алып тасталды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 18.03.2015 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      37-1. Есеп комитетінің және тексеру комиссиясының бағдарламаларға (стратегиялық жоспарларға) жүргізген бағалауының қорытындысы осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сай нысандар бойынша ресімделеді.
      Ескерту. 37-1-тармақпен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 2011.08.31 № 31-П (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 18.03.2015 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
      38. Есеп комитеті бағалаудың қорытындысы туралы жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаржы жылындағы бюджеттің
атқарылуы туралы жылдық есебін қарау кезінде Қазақстан Республикасының Парламентіне (мәслихатта) мәлімдейді, сондай-ақ тоқсанда кемінде бір рет Қазақстан Республикасының Президентіне хабарлайды.
      39. Тексеру комиссиясы бағалаудың қорытындысы туралы жыл сайын жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылындағы жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін қарау кезінде мәслихатқа мәлімдейді.

Мемлекеттік және салалық бағдарламаларға,
орталық мемлекеттік органдардың      
стратегиялық жоспарларына және аумақтарды
дамыту бағдарламаларына бағалау    
жүргізу қағидаларына         
1-қосымша              

Нысан

      Ескерту. 1-қосымшамен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 2011.08.31 № 31-П (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 18.03.2015 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

Мемлекеттік (салалық) бағдарламаны/аумақтарды дамыту
бағдарламасыи бағалаудың қорытындысы туралы жіберілетін
ақпараттың нысаны

_________________________________________
(бағдарламаның атауы)

Деректемелер ________________________________________________________
Әзірлеуші мемлекеттік орган _________________________________________
Есепті кезең ________________________________________________________
Іске асырылу кезеңі _________________________________________________

      1. Мақсаттарға, мақсаттық индикаторларға және қорытынды көрсеткіштерге қол жеткізу

Атауы

Өлшем бірлігі

20__ жылғы жоспар

Іс жүзінде

Орындалуы туралы ақпарат, орындалмаған жағдайда себептерін көрсету

1

2

3

4

5

Негізгі бағыт

Мақсаты

Нысаналы индикатор





Нәтиже көрсеткіші





……





2. Қаражаттың игерілуі

Қаржыландыру көзі

Жоспар, мың теңге

Іс жүзінде, мың теңге

Пайдаланылмау себептері

1

2

3

4

1-көзі




2-көзі







Барлығы




      3. Мемлекеттік бағдарламаның/аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылу тиімділігін талдау:
      қаражаттың нысаналы пайдаланылуын талдау;
      іске асырылған іс-шаралардың тиімділігін, соның ішінде көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу бойынша бағалау.
      4. Бағдарламалық құжаттың іске асырылуын бағалаудың нәтижелері (тұжырымдар және ұсыныстар).
      5. Бағдарламалық құжатты іске асыру кезінде бюджет және өзге де заңнаманы бұза отырып бюджет қаражатын пайдаланудың фактілері бойынша қабылданған шаралар.
      6. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің (тексеру комиссияларының) актілерін әзірлеуші мемлекеттік органның (орындаушының) қарау нәтижелері.

Мемлекеттік және салалық бағдарламаларға,
орталық мемлекеттік органдардың      
стратегиялық жоспарларына және аумақтарды
дамыту бағдарламаларына бағалау    
жүргізу қағидаларына         
2-қосымша              

Нысан

      Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 2011.08.31 № 31-П (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 18.03.2015 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын бағалаудың
қорытындысы туралы жіберілетін ақпараттың нысаны

_______________________________________________
(әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)

Мемлекеттік органның
20____ жылғы «___» _____________ № ______

_______________________________________________
(мемлекеттік органның стратегиялық жоспары
бекітілген құқықтық не нормативтік құқықтық
актінің атауы) бекітілген
________________ жылдарға арналған
(жоспарлы кезең)                

______________________ есеп кезеңі

1. Мақсаттарға, міндеттерге, нысаналы индикаторларға,
іс-шараларға және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу

1-стратегиялық бағыт.
_____________________________________________________________________
1.1-мақсат.__________________________________________________________
Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның кодтары _____________________________________________________________

Қол жеткізудің түпкілікті мерзімі (кезеңі) көрсетілген нысаналы индикатордың, міндеттердің және тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің атауы

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есептік езең

Қол жеткізбеу себептері

Жоспар

Іс жүзінде

1

2

3

4

5

6

Нысаналы индикаторлар






....






Тікелей нәтижелер көрсеткіштері






...






2. Қаржы құралдарының игерілуін талдау

Бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштері

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Нәтижелерге қол жеткізбеу/бюджет қаражатын игермеу себептері

Жоспар

Іс жүзінде

1

2

3

4

5

6

Бюджеттік бағдарламаның атауы


Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері






сапа көрсеткіштері






Тиімділік көрсеткіштері






Бюджет шығыстарының көлемі

барлығы, бағдарлама бойынша


мың тг.




оның ішінде:
кіші бағдарлама бойынша


мың тг.




Кіші бағдарлама бойынша


мың тг.




      3. Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу тиімділігін талдау:
      қаражаттың нысаналы пайдаланылуын талдау;
      қол жеткізілген көрсеткіштер мен индикаторлардың тиімділігін
бағалау.
      4. Стратегиялық құжаттың іске асырылуын бағалаудың нәтижелері (тұжырымдар және ұсыныстар).
      5. Бағдарламалық құжатты іске асыру кезінде бюджет және өзге де заңнаманы бұза отырып бюджет қаражатын пайдаланудың фактілері бойынша қабылданған шаралар.
      6. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің (тексеру комиссияларының) актілерін әзірлеуші мемлекеттік органның (орындаушының) қарау нәтижелері.

Если Вы обнаружили на странице ошибку, выделите мышью слово или фразу и нажмите сочетание клавиш Ctrl+Enter

 

поиск по странице

Введите строку для поиска

Совет: в браузере есть встроенный поиск по странице, он работает быстрее. Вызывается чаще всего клавишами ctrl-F.