Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.


      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша 2017 жылғы 3 шілдедегі № 86-VI Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысын қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      2. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақтың 1) тармақшасында:

      "Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын," деген сөздерден кейін "Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын," деген сөздермен толықтырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:

      4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың (бұдан әрі - ұлттық компаниялар) 10 жылға арналған даму стратегиялары және 5 жылға арналған даму жоспарлары;";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша тұжырымдамалар мен доктриналар әзірленеді.

      Тұжырымдама белгілі бір аяны, саланы дамытудың пайымын, тиісті мемлекеттік саясаттың негіздемесін көрсететін құжат болып табылады және осы саясаттың негізгі принциптері мен жалпы қағидаттарын қамтиды.

      Тұжырымдаманы Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі не консультативтік-кеңесші орган бекітеді немесе мақұлдайды.

      Доктрина - белгілі бір мәселе бойынша көзқарастар жүйесін, саяси қағидаттардың жиынтығын айқындайтын құжат.

      Доктринаны Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді немесе мақұлдайды.

      Тұжырымдамалар мен доктриналар стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары және заңдар арқылы іске асырылады.

      Тұжырымдамалар мен доктриналарды әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

      14-тармақтағы "Болжамды схема" деген сөздер "Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақтағы "болжамдық схемасын" деген сөздер "болжамды схемасын және оны әзірлеудің тәртібін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік бағдарламаларды тиісті мемлекеттік орган әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.";

      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуына мониторингті әзірлеуші мемлекеттік орган, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын бағалауды әзірлеуші мемлекеттік орган, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізеді.

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.

      Іске асырылуына мониторинг пен бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік бағдарлама және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары түзетілуі мүмкін.";

      27-тармақта:

      бірінші бөлік "уәкілетті органның" деген сөздерден кейін ", мүдделі орталық мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлік "уәкілетті органның" деген сөздерден кейін ", облыстың мүдделі атқарушы органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:

      "28-1. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру үшін жергілікті атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жоғары тұрған уәкілетті органмен келісім бойынша оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді.";

      29-тармақтың екінші бөлігінде:

      "уәкілетті органы" деген сөздер "уәкілетті органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "(облыстық маңызы бар қаланың)" деген сөздерден кейін "және облыстың" деген сөздермен толықтырылсын;

      30-тармақтағы "бағдарламасы" деген сөз "бағдарламалары және оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      33-тармақтың бірінші бөлігіндегі "жыл сайын жылжымалы негізде" деген сөздер "әрбір үш жыл сайын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      35-тармақта:

      үшінші бөліктегі "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      38-тармақтың екінші бөлігінде:

      "есеп комитеті" деген сөздерден кейін "өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      39-тармақтың екінші бөлігінде:

      "тексеру комиссиясы" деген сөздерден кейін "өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      40-тармақтың екінші бөлігіндегі "Жергілікті мемлекеттік органдардың" деген сөздер "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      42-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары олардың стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен қызметі нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және акциялары (қатысу үлестері) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін заңды тұлғалардың даму стратегиялары ескеріле отырып әзірленеді.";

      үшінші бөлікте:

      "бағдарламалық құжаттарында" деген сөздерден кейін ", тиісті мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында" деген сөздермен толықтырылсын;

      43-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары акциялары (қатысу үлестері) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін заңды тұлғалардың даму жоспарлары ескеріле отырып әзірленеді және мақсаттарды, міндеттерді, нәтижелер көрсеткіштерін және инвестицияларды, кірістерді, шығыстарды, қарыздарды, дивиденттер мен басқа да мәліметтерді қоса алғанда, қаржы-шаруашылық қызметтің негізгі шоғырландырылған және шоғырландырылмаған көрсеткіштерін қамтиды.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Салалық бағдарламаларды және оларды әзірлеу мен мониторинг тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";

      47-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджет параметрлері болжамы мақұлдаған Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, мақұлданған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      50-тармақта:

      үшінші бөліктегі "жүйесі құжаттарының іске асырылуына қол жеткізу деңгейін, оның нәтижелілігін және тиімділігін айқындайтын аспап" деген сөздер "жүйесінің құжаттарын іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігіне қол жеткізу дәрежесін айқындау құралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Түзету - аталған құжаттың іске асырылуына мониторинг пен бағалау нәтижесінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.".

      3. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағдарламалар әзірлеу және іске асыру ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 2 маусымдағы № 1099 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 26, 240-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы Жарлықтың іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 4 наурыздағы
№ 931 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын,
мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды
дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг
жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық
кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске
асыру және бақылау қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) жоғарыда аталған құжаттарды әзірлеуге, іске асыруға, мониторингтеуге, бағалауға және бақылауға бірыңғай және біртұтас тәсіл қолдану мақсатында әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары, Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасы, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар (бұдан әрі - стратегиялық және бағдарламалық құжаттар), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары және аумақтарды дамыту бағдарламалары төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды әзірлеу қажеттілігі мен заңдылығы жоғары деңгейде тұрған құжаттардан туындайтын, ал жоғары деңгейде тұрған құжаттарды әзірлеу, іске асыру, мониторингтеу, бағалау және бақылау төмен тұрған деңгейдегі құжаттар негізінде жүзеге асырылатын біртұтас жүйені білдіреді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

1.1. Негізгі ұғымдар

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) нысаналы индикатор - мақсатқа қол жеткізу деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін оның сандық мәні;

      2) нәтиже көрсеткіші - міндеттің шешілу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін сандық өлшенетін көрсеткіш;

      3) Көрсеткіштердің базалық тізбесі - аумақтар дамуының түйінді бағыттарының деңгейін көрсететін және жергілікті атқарушы органдар қызметі тиімділігінің көрсеткіштері болып табылатын біріздендірілген нысаналы индикаторлар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының нәтижелер көрсеткіштерінің жиынтығы;

      4) жоспарлы кезең - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (бұдан әрі - Мемлекеттік жоспарлау жүйесі) тиісті құжаты әзірленетін кезең.

1.2. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту
бағдарламаларын әзірлеудің негізгі ережелері

      4. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын талдау, модельдеу, пайымын қалыптастыру және басымдықтарын, нысаналы индикаторларын, стратегиялық мақсаттарын, міндеттері мен оларға қол жеткізу, ресурстық қамтамасыз ету жолдарын айқындау процесі әзірлеу болып табылады.

      5. Әзірлеу кезеңінде орталық мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының келісуге ұсынылған жобаларын мынадай бағыттар бойынша қарайды:

      1) құжатты әзірлеудің негізділігі;

      2) құжатты әзірлеуге қойылатын әдіснамалық талаптардың сақталуы;

      3) таңдап алынған мақсаттардың, нысаналы индикаторлардың, міндеттердің, (аралық және түпкі) нәтижелер көрсеткіштерінің негізділігі мен шынайылығы;

      4) қол жеткізудің ұсынылатын жолдарының құжаттың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;

      5) іске асыру мақсатында әзірленіп келісуге ұсынылған құжат жобасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған деңгейдегі құжатында белгіленген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі;

      6) құжат мақсаттарының, нысаналы индикаторларының, міндеттерінің, (аралық және түпкі) нәтижелер көрсеткіштерінің оны іске асырудың жоспарланған мерзіміне сәйкестігі;

      7) құжатты іске асыру үшін қаржы-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті ресурстарды жоспарлаудың дұрыстығы;

      8) құжаттың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге кедергі келтіруі мүмкін сыртқы және ішкі ықтимал тәуекелдер мен мән-жайларды анықтау, сондай-ақ олардың туындауының алдын алу үшін, ал туындаған жағдайда оларды еңсеру үшін не құжатты түзету үшін қабылдануы тиіс шараларды айқындау.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.02.2015 № 1005 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу кезінде оларды әзірлеуге негіз болып табылған тұжырымдамалардың ережелері ескерілуі тиіс.

      6-1. Реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыру жағдайлары көзделетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдау рәсімі алдын ала жүргізіледі.

      Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      7. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу бойынша әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

1.3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту
бағдарламаларын іске асырудың негізгі ережелері

      8. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының берілген мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, (аралық және түпкі) нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу процесі іске асыру болып табылады.

      9. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру кезінде:

      1) ведомствоаралық өзара іс-қимылдағы келісімділік;

      2) берілген нәтижелерге ресурстардың ең аз шығындарымен қол жеткізуге бағдарлау;

      3) қаржы, еңбек және басқа да ресурстардың теңгерімділігі қамтамасыз етілуі тиіс.

      10. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      11. Мыналардың:

      1) тиісті онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасының іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік - Қазақстан Республикасының Үкіметіне, әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарға;

      2) мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік - Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың және бірлесіп орындаушы өзге де ұйымдардың (ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар) бірінші басшыларына;

      3) үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік - үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге жауапты әзірлеуші мемлекеттік органның, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың және бірлесіп орындаушы өзге де ұйымдардың (ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар) бірінші басшыларына;

      4) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік - тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына;

      5) аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік тиісті аумақтардың әкімдеріне жүктеледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

1.4. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарлары, аумақтарды дамыту
бағдарламалары мониторингінің негізгі ережелері

      12. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы есептер мен басқа да ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және жинақтау мониторинг болып табылады.

      13. Құжаттар мониторингі:

      1) тиісті құжатты іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат алудың тұрақтылығын;

      2) мемлекеттік органдардың тиісті құжатты іске асырудағы іс-қимылдарының келісімділігін;

      3) өзгеріп отыратын жағдайларды ескере отырып, тиісті құжатты уақтылы өзектендіруді қамтамасыз етеді.

      14. Құжаттар мониторингін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде айқындалған уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

      15. Құжаттардың іске асырылуын мониторингтеу нәтижелері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысанда және тәртіппен құжаттарды әзірлеуші мемлекеттік органдар жасайтын іске асыру туралы есеп түрінде ресімделеді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.02.2015 № 1005 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      16. Іске асыру туралы есеп:

      1) құжаттың деректемелерін;

      құжаттың атауын, нөмірін, күнін;

      әзірлеуші мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушыларды;

      іске асыру, оның ішінде кезең-кезеңмен іске асыру мерзімін;

      2) жоспарланған және нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторларды және міндеттер нәтижелерінің көрсеткіштерін, сондай-ақ оларға қол жеткізілмеу себептерін;

      3) жоспарланып орындалған және орындалмаған іс-шаралар және олардың орындалмау себептері, орындалмаған іс-шаралардың өңірдің, елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайына ықпалы туралы ақпаратты;

      4) қаржыландыру көздері бойынша бөліне отырып, бөлінген қаржы қаражатының игерілуі туралы ақпаратты (пайдаланылмаудың көлемі мен себептерін көрсете отырып);

      5) құжатты іске асыруға қатысатын түрлі тараптардың өзара іс-қимылын талдауды;

      6) құжаттың іске асырылу барысына ортаның сыртқы әсерін талдауды;

      7) шешілуіне осы құжат бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу дәрежесі туралы ақпаратты, құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалын (осы ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылғы есепке енгізілуге тиіс);

      8) игілік алушылардың қанағаттану деңгейі, оның ішінде жоспарланғанға қарағанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің нақты көлемінің деңгейі туралы ақпаратты (осы ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылғы есепке енгізілуге тиіс);

      9) жүргізілген бақылау іс-шаралары, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы мәліметтерді;

      10) тұжырымдар мен ұсыныстарды, оның ішінде құжатты түзету, қаржыландыру көлемі мен көздері жөніндегі, қолданыстағы заңнаманың өзгеруі туралы және басқа да ұсыныстарды қамтуға тиіс.

      Құжаттың іске асырылуы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына байланысты болған жағдайларда әзірлеуші мемлекеттік орган іске асыру туралы есепте құжатты іске асыру бойынша іс-шаралардың орындалу дәрежесін айқындау жөніндегі көшпелі іс-шаралардың нәтижелері туралы мәліметтерді көрсетеді.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.02.2015 № 1005 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.01.2016 N 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      17. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларына бағалау жүргізілетін жылы олардың іске асырылуы туралы есеп барлық бағалау кезеңінде осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ақпаратты қамтиды.

      18. Іске асыру туралы есептің негізінде қорытынды дайындалады. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға бағалау жүргізілетін жылы мониторинг бойынша қорытынды қалыптастырылмайды.

      19. Қорытынды:

      1) деректемелерді (стратегиялық және бағдарламалық құжат бекітілген актінің атауы, нөмірі, күні, әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар және бірлесіп орындаушы өзге де ұйымдар (ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар), іске асыру, оның ішінде кезең-кезеңмен іске асыру мерзімдері);

      2) есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелерді, оның ішінде есепті кезеңдегі аралық мәндерімен қоса алғанда, нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін (аралық немесе түпкілікті мәндерге қол жеткізілмеген жағдайда, қол жеткізілмеу себептерін көрсету);

      3) есепті кезеңге жоспарланған іс-шаралар санын, орындалған және орындалмаған (себептерін көрсете отырып) іс-шаралар тізбесін;

      4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының және аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылу барысына ықпал ететін факторларды талдауды;

      5) қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, іс-шараларды орындауға есепті кезеңге бөлінген және игерілмеген, іс-шараларды орындауға арналған бюджеттік және өзге де қаржы қаражаты туралы ақпаратты;

      6) жүргізілген бақылау іс-шаралары, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы мәліметтерді;

      7) жауапты орындаушы мемлекеттік орган стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты;

      8) алдыңғы бағалаудың нәтижелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпаратты;

      9) тұжырымдар мен ұсыныстарды қамтуға тиіс.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.01.2016 N 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      20. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламалары мониторингінің нәтижелері бойынша оларды түзету жүзеге асырылуы мүмкін.

      Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, оларды әзірлеу кезінде осы Қағидаларда белгіленген талаптар сақталады.

      21. Құжаттарға мониторинг жүргізу жөніндегі әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      22. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына жүргізілген мониторинг нәтижелерінің дұрыстығы мен толықтығы үшін жауапкершілік құжаттарды әзірлеуші мемлекеттік органдарға және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде айқындалған тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі.

      Бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын мониторингтеу процесінде пайдалану үшін өз құзыреті шегінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуші мемлекеттік органдарға беретін ақпараттың толықтығына, сапасына және дұрыстығына жауапты болады.

1.5. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту
бағдарламаларын бағалаудың негізгі ережелері

      23. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру нәтижелілігі мен тиімділігіне қол жеткізу дәрежесін айқындау құралы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын бағалау (бұдан әрі осы бөлімде - құжаттарды бағалау) болып табылады.

      24. Құжаттарды бағалау: барлық бағалау кезеңіндегі, осы Қағидалардың 15-17-тармақтарына сәйкес жасалатын іске асыру туралы есептің, статистикалық ақпараттың; бақылау тексерістерінің; мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының; үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми институттардың, халықаралық сарапшылардың және басқалардың бағалауы негізінде жүргізіледі.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.01.2016 N 169 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      25. Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде қорытынды дайындалады.

      26. Қорытынды:

      1) деректемелерді (стратегиялық және бағдарламалық құжат бекітілген актінің атауы, нөмірі, күні, әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар және өзге де бірлесіп орындаушы ұйымда (ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар), іске асыру, оның ішінде кезең-кезеңмен іске асыру мерзімдері);

      2) есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелерді, оның ішінде есепті кезеңдегі, аралық мәндерімен қоса, нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін (аралық немесе түпкілікті мәндерге қол жеткізілмеген жағдайда, қол жеткізілмеу себептерін көрсету);

      3) қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, бөлінген және игерілмеген бюджеттік және өзге де қаржылық қаражаттарды көрсете отырып, орындалған және орындалмаған (орындалмаған жағдайда қол жеткізілмеу себептерін көрсету) іс-шаралары туралы ақпарат;

      4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылу барысына ықпал еткен факторларды талдауды;

      5) жүргізілген бақылау іс-шаралары, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы мәліметтерді;

      6) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға орындаушы жауапты мемлекеттік орган енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты;

      7) алдыңғы бағалаудың нәтижелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпаратты;

      8) құжаттың іске асырылу барысының нәтижелілігі мен тиімділігі туралы тұжырымдарды;

      9) құжатты іске асыруды ұйымдастыру деңгейі туралы тұжырымдарды;

      10) құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалының дәрежесі туралы тұжырымдарды;

      11) бағалау нәтижелеріне байланысты: құжатты түзету туралы;

      мемлекеттік органның қызметін жақсарту жөніндегі; қаржыландыру көлемдері мен көздері жөніндегі; қолданыстағы заңнаманы өзгерту және басқалары туралы ұсынымдарды қамтуға тиіс.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.01.2016 N 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      27. Құжаттарға бағалау жүргізу жөніндегі әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      28. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға және орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау, сондай-ақ тексеру комиссиясының аумақтарды дамыту бағдарламаларына бағалау жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайды.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      29. Құжаттарға жүргізілген бағалау нәтижелерінің дұрыстығы мен толықтығы үшін жауапкершілік құжаттарды әзірлеуші мемлекеттік органдарға және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде айқындалған тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі.

1.6. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту
бағдарламаларын бақылаудың негізгі ережелері

      30. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының толықтығын және уақтылы орындалуын талдауды жүзеге асыру бақылау болып табылады.

      31. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын бақылау (бұдан әрі осы бөлімде - құжаттарды бақылау) жүргізілген мониторинг пен бағалау нәтижелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      32. Құжаттарды бақылауды Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде айқындалған уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары
2.1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу

      33. Алдағы кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының жобасы елдің мұның алдындағы Стратегиялық даму жоспарын іске асырудың тоғызыншы жылынан кешіктірмей әзірленеді.

      Әзірленген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының жобасы мынадай талаптарға сәйкес келуі:

      1) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарынан туындайтын ел дамуының алдағы онжылдық кезеңге арналған басым бағыттарын қамтуы;

      2) ел дамуының алдағы онжылдық кезеңге арналған басым бағыттары арасындағы өзара қисынды байланысты қамтамасыз етуі;

      3) ел дамуындағы күшті және әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді талдауға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ мерзімді болжамына негізделуі;

      4) қысқа әрі нақты баяндалуы тиіс.

      34. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) кіріспе;

      2) ағымдағы ахуалды талдау;

      3) жаһандық үрдістерді талдау;

      4) Қазақстан Республикасының алдағы онжылдық кезеңнің соңына пайымы;

      5) ел дамуының басым бағыттары және ел дамуының алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық даму мақсаттары;

      6) қорытынды.

      35. "Кіріспе" бөлімінде алдағы онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын әзірлеудің негіздемесі мен қажеттігі көрсетіледі.

      36. "Ағымдағы ахуалды талдау" бөлімінде:

      1) ел дамуының түйінді жалпыұлттық көрсеткіштерін талдау шеңберінде ағымдағы онжылдық кезеңнің соңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының ағымдағы жай-күйін талдау мен қол жеткізілген деңгейін бағалау;

      2) алдағы онжылдық кезеңде Қазақстан Республикасының дамуына ықпал ететін ішкі факторларды (мүмкіндіктер мен қатерлерді) бағалау көрсетіледі.

      37. "Жаһандық үрдістерді талдау" бөлімінде әлемдік үрдістерді талдау, Қазақстан Республикасының әлемдік және өңірлік экономикадағы ұстанымдары, сондай-ақ сыртқы сын-қатерлер мен қауіптерді айқындай отырып, елдің дамуына ықпал ететін сыртқы факторларды бағалау келтіріледі.

      38. "Қазақстан Республикасының алдағы онжылдық кезеңінің соңына пайымы" бөлімінде елдің алдағы онжылдық кезеңнің соңына қарай даму параметрлері айқындалады, сондай-ақ ел дамуының түйінді жалпыұлттық көрсеткіштері келтіріледі.

      39. Елдің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері мен қоғамдық-саяси жүйесінің даму көрсеткіштері, яғни елдің жалпы даму деңгейін сипаттайтын неғұрлым ірілендірілген индикаторлар (мысалы, ЖІӨ, халықтың өмір сүру сапасының көрсеткіштері) ел дамуының түйінді жалпыұлттық көрсеткіштері болып табылады.

      40. "Ел дамуының басым бағыттары және ел дамуының алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық даму мақсаттары" бөлімінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының елді дамытудың көп дегенде бес-жеті басым бағыты, сондай-ақ осы бағыттардың әрқайсысы бойынша алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық мақсаттар, сондай-ақ осы мақсаттарға қол жеткізудің жалпы тәсілдері айқындалады.

      41. Ағымдағы ахуалды, ел дамуының түйінді жалпыұлттық көрсеткіштерін талдау мен ішкі және сыртқы факторларды бағалауды ескере отырып, алдағы онжылдық кезеңнің соңына қарай елдің пайымына қол жеткізудің міндетті (ажырамас) шарттары ретінде ел дамуының таңдап алынған басым бағыттарына мемлекеттің күш-жігерін шоғырландыру қажеттігінің нақты негіздемелері көрсетіледі.

      42. Стратегиялық мақсаттарда - қол жеткізілуі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыруды қамтамасыз ететін, алдағы онжылдық кезеңнің соңына қарай мемлекеттік басқару саласының (аясының) қалаулы болашақ жай-күйі айқындалған.

      43. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) дамытудың алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық мақсаттарын тұжырымдау:

      1) проблемалық мәселелер көрсетіле отырып, мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы (аясындағы) ағымдағы ахуалға шолу;

      2) өткен онжылдықтың нысаналы индикаторларына қол жеткізуді бағалау;

      3) алдағы онжылдық кезеңде мемлекеттік басқару саласының (аясының) дамуына ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларды талдау негізінде жүзеге асырылады.

      44. Алдағы онжылдық кезеңде мемлекеттік басқару саласының (аясының) дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды талдау шеңберінде стратегиялық мақсаттарды қалыптастыру үшін:

      1) алдағы онжылдық кезеңде саланың (аяның) дамуына ықпал етуі мүмкін ішкі факторлар - күшті жақтары;

      2) алдағы онжылдық кезеңде саланың (аяның) дамуын тежейтін және (немесе) оның дамуына кері әсер ететін ішкі факторлар - әлсіз жақтары;

      3) саланың (аяның) дамуына оң әсер ететін жаһандық немесе өңірлік сипаттағы сыртқы факторлар мен жағымды үрдістер - мүмкіндіктер;

      4) саланың (аяның) дамуына теріс әсер етуі мүмкін жаһандық немесе өңірлік сипаттағы сыртқы факторлар мен қолайсыз үрдістер - қауіп-қатерлер ескеріледі.

      45. Әрбір стратегиялық мақсатқа қол жеткізу дәрежесін айқындау үшін (аралық және түпкі) нысаналы индикатор оған сәйкес келуі тиіс.

      46. Нысаналы индикатордың сапалық жағы Қазақстан Республикасының алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық даму жоспарын іске асыру шеңберіндегі мемлекет қызметінің нәтижесінде мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) болатын оң өзгерістердің мәнін, ал сандық жағы - олардың өлшенетін, абсолютті немесе салыстырмалы шамасын көрсетуі тиіс.

      47. Нысаналы индикаторлар мынадай талаптарға сай келуі тиіс:

      1) салыстырмалылық (серпінде салыстыру мүмкіндігі);

      2) қарапайымдылық және нақтылық (нысаналы индикаторлар пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс);

      3) үнемділік (нысаналы индикаторларға қол жеткізуді бағалау үшін жеткілікті ақпараттық және техникалық ресурстардың болуы);

      4) толықтық және кешенділік (нысаналы индикаторлар саланың (аяның) барлық жұмыс істеу аспектілерінің толық және барабар сипаттамасын қамтамасыз етуі тиіс);

      5) икемділік, бейімділік (нысаналы индикаторлардың саланың (аяның) әртүрлі даму сатыларындағы барлық өзгерістерді көрсете білу қабілеттілігі);

      6) қолжетімділік және өлшемділік;

      7) нысаналы индикаторларға қол жеткізуге мониторинг және бағалау жүргізу мақсатында аралық мәндердің болуы;

      8) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен тұрған құжаттарына декомпозициялау немесе каскадтау мүмкіндігі.

      Ескерту. 47-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.02.2015 № 1005 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      48. "Қорытынды" бөлімінде алдағы онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асырудағы негізгі тұжырымдар келтіріледі.

      48-1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары бекітілгеннен кейін екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметі индикаторлардың тізбесін, олардың мәндерін, олар көрсетілуі тиіс құжаттардың деңгейін, мерзімдер мен оларға қол жеткізудің сабақтастығын, оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдарды қамтитын Индикаторлардың бірыңғай базасын бекітеді.

      Индикаторлардың бірыңғай базасын әзірлеуді жұмыс топтарын құру арқылы мүдделі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдастықпен бірлесіп Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын қатар әзірлей отырып мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Ескерту. Қағидалар 48-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 18.02.2015 № 1005 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

2.2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру

      49. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

2.3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының мониторингі

      50. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының мониторингін мемлекеттік органдар ұсынатын ақпараттың негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру арқылы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      51. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының мониторингі бір жылда бір рет жүзеге асырылады.

      52. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының мониторингін жүргізу үшін нысаналы индикаторларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының іске асырылуы туралы ақпаратты ұсынады.

      53. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдар ұсынатын Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есеп пен қорытынды жобасын қалыптастырады.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының мониторингі бойынша іске асыру туралы есепті және қорытындының жобасын ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы есепті (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) веб-порталда орналастырады.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.02.2015 № 1005 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      54. Мониторинг бойынша іске асыру туралы есеп пен қорытынды жобасын қарағаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі, қажет болған жағдайда, қорытындының жобасын пысықтайды және іске асыру туралы есеппен бірге қорытындыны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.02.2015 № 1005 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

2.4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын бағалау

      55. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде бағалау бойынша қорытындының жобасын қалыптастыру арқылы ол іске асырылғаннан кейін бес жыл өткен соң жүргізеді.

      56. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын бағалау мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуын бағалау ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      57. Бағалау жөніндегі қорытынды жобасын және барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есепті Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.

      58. Қазақстан Республикасының Үкіметі барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есеп пен бағалау жөніндегі қорытынды жобасы қаралғаннан кейін қажет болған жағдайда, қорытындының жобасын пысықтайды және қорытындыны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есеппен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.

2.5. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын бақылау

      59. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын бақылау мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуы бойынша мониторинг, бағалау және жүргізілген бақылау іс-шараларының, тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.01.2016 N 169 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы
3.1. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу

      60. Алдағы онжылдық кезеңге арналған Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының жобасын әзірлеуді, сондай-ақ оны түзетуді орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың, қоғамдық және ғылыми-зерттеу ұйымдарының қатысуымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      61. Алдағы кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының жобасы мұның алдындағы Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асырудың тоғызыншы жылынан кешіктірмей әзірленеді.

      Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының әзірленген жобасы мынадай талаптарға сәйкес келуі:

      1) алдағы онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленуі;

      2) елді перспективалық аумақтық ұйымдастыру мәселелерін ашып көрсетуі;

      3) экономикалық ресурстарды оңтайлы пайдалану, өндіргіш күштерді ұйымдастырудың жаңа жүйелерін пайдалану мәселелерін ашып көрсетуі;

      4) аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мәселелерін қамтуы тиіс.

      62. Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасының құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:

      1) аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау;

      2) аумақтық кеңістікте дамытудың бағыттары;

      3) елді дамытудың болжамды өлшемдері;

      4) өңірлерді перспективалық дамыту схемалары.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 25.08.2015 № 73 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      63. "Аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау" бөлімі ел өңірлерінің ресурстық әлеуетін талдауды, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу мәселелерін, өңірлерді экономикалық мамандану, қоныстандыру және нарықтық байланыстардың сипаты бойынша жіктеу мен талдауды, елдің аумақтық даму ерекшеліктерін, өңірлердің экологиялық дамуын талдауды қамтуға тиіс.

      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 25.08.2015 № 73 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      64. "Аумақтық кеңістікте дамытудың негізгі бағыттары" бөлімі елді аумақтық кеңістікте дамытудың мақсаттарынан, міндеттерінен және негізгі тәсілдерінен, макроөңірлердің стратегиялық даму бағыттарынан тұрады.

      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 25.08.2015 № 73 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      65. "Елді дамытудың болжамды өлшемдері" бөлімі алдағы онжылдық кезеңге арналған елді және өңірлерді дамытудың негізгі болжамды көрсеткіштерін қамтиды.

      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 25.08.2015 № 73 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      66. "Өңірлерді перспективалық дамыту схемалары" бөлімі өңірлердің перспективалық экономикалық мамандануының, перспективалық қоныстандырудың, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды перспективалық дамыту схемаларын қамтиды.

      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 25.08.2015 № 73 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3.2. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асыру

      67. Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асыру Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен тұрған құжаттары арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 25.08.2015 № 73 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3.3. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының мониторингі

      Ескерту. 3.3-кіші бөлім алып тасталды - ҚР Президентінің 25.08.2015 № 73 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3.4. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын бағалау

      Ескерту. 3.4-кіші бөлім алып тасталды - ҚР Президентінің 25.08.2015 № 73 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3.5. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын бақылау

      77. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын бақылау мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуы бойынша мониторинг, бағалау және жүргізілген бақылау іс-шараларының, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.01.2016 N 169 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4. Мемлекеттік бағдарламалар
4.1. Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесі

      78. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік бағдарламалар тізбесін мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының тұжырымдалған стратегиялық мақсаттары негізінде қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      79. Мемлекеттік бағдарламалар тізбесінде бағдарламалардың атауы, мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның көрсетілуі және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мерзімі қамтылуға тиіс.

      Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      80. Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесінде көзделмеген мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және бекітуге жол берілмейді.

      81. Мемлекеттік бағдарламалар тізбесінің жобасы Қазақстан Республикасының Президентіне алдағы онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде бекітуге енгізіледі.

      82. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асыру кезеңінде оның мониторингі мен бағалау нәтижелері бойынша Мемлекеттік бағдарламалар тізбесіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

4.2. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу

      83. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуді оны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган жүзеге асырады. Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

      83-1. Мемлекеттік бағдарламалардың қолданыстағы тізбесінде көзделмеген жаңа мемлекеттік бағдарламаларды әзірленгенге дейін мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу орындылығын мақұлдау үшін Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Үкіметінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік бағдарлама жобасы тұжырымдамасының таныстырылымын қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік бағдарлама жобасының тұжырымдамасында бағдарламаның негізгі бенефициарлары, күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер туралы ақпарат қамтылуға тиіс. Мемлекеттік бағдарламаның жобасы қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаны жалғастыру үшін әзірленген жағдайда, мемлекеттік бағдарлама жобасының тұжырымдамасында аяқталатын мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілу дәрежесі, оның іске асырудың әлеуметтік-экономикалық әсері мен жұмсалған қаражаттың тиімділігі туралы ақпарат та қамтылуға тиіс.

      Ескерту. 83-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      84. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің актісімен қажетіне қарай ғылыми-зерттеу ұйымдары, ғалымдар мен түрлі білім салаларының мамандары тартыла отырып, мемлекеттік органдардың, қоғамдық кеңестердің өкілдерінен және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан құралған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу жөніндегі комиссия (жұмыс тобы) құрылады.

      Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      85. Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган жария талқылау үшін мемлекеттік бағдарламаның жобасын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады және келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып пысықтайды.

      86. Мемлекеттік бағдарлама әзірлену сатысында барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуге тиіс. Мемлекеттік бағдарламаның жобасын келісу кезінде мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына қосымша ақпарат түрінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы енгізіледі.

      Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      87. Әзірленген мемлекеттік бағдарлама жобасы мынадай талаптарға сәйкес келуі:

      1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын іске асыру мақсатында әзірленуі;

      2) аяаралық және ведомствоаралық сипаттағы міндеттерді шешуге бағдарлануы;

      3) игілік алушылардың нысаналы топтарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарлануы;

      4) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін, мерзімдері, ресурстары мен мақсаттарды орындаушылары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен шаралары бойынша келісілген жүйені қамтуы;

      5) шаралардың атаулылығын, оларды іске асыру мерзімдері мен реттілігінің нақты айқындалуын, орындаушылар қызметінің бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізуге қатаң бағдарлануын қамтамасыз етуі;

      6) қаржы, еңбек және материалдық ресурстар мен оларды қамтамасыз ету көздерінің теңгерімділігінің қамтамасыз етілуі;

      7) қысқа әрі нақты, тезистік форматта баяндалуы тиіс.

      88. Мыналарға:

      1) жеке саланың немесе нақты өңірдің (қаланың, аумақтың) проблемасын шешуге;

      2) мемлекеттік органдардың ведомствоішілік мәселелерін шешуге;

      3) қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың, сондай-ақ осы бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың мақсаттары мен міндеттерінің қайталануына бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды

      әзірлеуге жол берілмейді.

      89. Мемлекеттік бағдарламаның құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) паспорт (негізгі параметрлер);

      2) кіріспе;

      3) ағымдағы ахуалды талдау;

      4) бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері;

      5) бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар;

      6) алып тасталды - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      7) қажетті ресурстар.

      Ескерту. 89-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      90. "Паспорт (негізгі параметрлер)" бөлімінде бағдарламалық құжаттың мыналарды қамтитын негізгі параметрлері баяндалады:

      1) атауы;

      2) әзірлеу үшін негіздеме;

      3) бағдарламалық құжатты әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органның нұсқауы;

      4) мақсаттары;

      5) міндеттері;

      6) іске асыру мерзімдері;

      7) нысаналы индикаторлары;

      8) қаржыландыру көздері мен көлемдері.

      Ескерту. 90-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      91. "Кіріспе" бөлімінде ұсынылып отырған мемлекеттік бағдарламаның қажеттігінің негіздемесі баяндалады.

      92. "Ағымдағы жағдайды талдау" бөлімінде:

      1) қызмет саласы жай-күйінің ағымдағы ахуалын, сондай-ақ бұл саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау (бұл ретте күшті және осал жақтарын, осы қызмет саласы үшін мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді алдын ала талдаудың негізінде негізгі проблемаларды, үдерістер мен алғышарттарды бөліп көрсету керек);

      2) қызмет саласын дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асырудың қолданыстағы нормативтік құкықтық базасын, қолданыстағы практикасы мен нәтижелерінің сипаттамасын қоса алғанда, қызмет саласын дамытуды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау баяндалады.

      93. "Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері" бөлімінде бағдарламаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын негізге ала отырып қалыптастырылған басты мақсаты көрсетіледі.

      94. Бағдарламаның басты мақсаты жоспарлы кезеңнің соңындағы қызмет саласы жай-күйінің пайымын білдіреді және оның осы бағытта дамуының сапалы бағдары болып табылады.

      95. Бағдарламаның басты мақсаты жекелеген бағдарламалық мақсаттар мен міндеттерге бөлінеді (проблеманы құрылымдау және кіші бағдарламаларға бөлу жолымен басты мақсатты неғұрлым жеке мақсаттарға нақтылау).

      Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      96. Мемлекеттік бағдарламаның барлық мақсаттары бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін нысаналы индикаторлардың аралық және түпкі мәндерін (сандық жағынан өлшенетін) қамтуы тиіс.

      97. Ахуалды талдау негізінде қалыптасатын және жоспарлы кезеңнің соңына қарай қызмет салаларындағы түйінді өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін бағдарламаның тиісті мақсатына қол жеткізу үшін орындалуы қажет негізгі шарттар бағдарламаның міндеттері болып табылады.

      Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      98. Әрбір міндет бағдарламаның міндеттерін шешу деңгейін сипаттайтын нәтижелер көрсеткіштерінің аралық және түпкі мәндерін (сандық жағынан өлшенетін) қамтуы тиіс.

      99. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері анық, нақты, бақыланатын, тексерілетін және бағаланатын болуы тиіс. Нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері кешенділігімен сипатталуға, салааралық және ведомствоаралық сипаттағы мәселелердің шешілу деңгейін, дәрежесін көрсетуге тиіс.

      Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.02.2015 № 1005 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      100. Бағдарламаның мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері оларға қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар көрсетіле отырып келтіріледі.

      101. "Бағдарламаның негізгі бағыттары мен қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар" бөлімінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қойылған мақсаттарға қол жеткізу мен алда тұрған міндеттерді шешу жолдары, сондай-ақ әрбір мақсатқа қол жеткізуді және әрбір міндетті шешуді толық көлемде әрі қажет мерзімде қамтамасыз ететін шаралар жүйесі келтіріледі.

      102. Алып тасталды - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      103. "Қажетті ресурстар" бөлімінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға арналған ресурстарға (қаржылық-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек) қажеттіліктер баяндалады.

      104. Бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаты, мемлекеттік қарыздар, мемлекеттің кепілдігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржылық-экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, ұйымдардың меншікті қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер бола алады.

      105. Қаржыландырудың болжамды көлемдері әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің параметрлері, халықаралық шарттар мен басқалар ескеріле отырып айқындалады.

4.3. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру

      106. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік бағдарламаның әзірлеуші мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын, мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатын өзге де мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, сондай-ақ облыстарды, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 106-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      107. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары - нысаналы индикаторлардың және нәтижелер көрсеткіштерінің аралық мәндерін жыл бойынша көрсете отырып, мемлекеттік бағдарламаның мерзімдерін, орындаушыларын, аяқталу нысанын, іске асыруға қажетті шығындарын айқындай отырып, мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған нақты іс-қимылдардың жиынтығы.

      108. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган іске асырудың бүкіл кезеңіне әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша мемлекеттік бағдарлама бекітілген күннен бастап бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      Ескерту. 108-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

4.4. Мемлекеттік бағдарламалар мониторингі

      109. Мемлекеттік бағдарламаның мониторингін мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы уәкілеттік берген өзге мемлекеттік орган бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар және бірлесіп орындаушы өзге де ұйымдар (ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар) ұсынатын іске асырылу барысы туралы ақпарат негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен жүргізеді.

      Ескерту. 109-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      110. Мемлекеттік бағдарламалардың мониторингі жылына бір рет жыл қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

      111. Мемлекеттік бағдарламаға мониторинг жүргізу үшін:

      1) осы бағдарламаны іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган және бірлесіп орындаушы өзге де ұйымдар (ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар) өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы мониторинг жүргізуге уәкілеттік берген өзге мемлекеттік органға іске асырылу барысы туралы ақпарат береді;

      2) мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы мониторинг жүргізуге уәкілеттік берген өзге мемлекеттік орган ұсынылған іске асырылу барысы туралы ақпарат негізінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті қалыптастырады және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған есепті (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) веб-порталда орналастырады.

      Ескерту. 111-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      112. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептердің негізінде олардың әрқайсысы бойынша қорытындылардың жобаларын қалыптастырады және оларды іске асыру туралы есептермен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады, сондай-ақ қорытындылардың жобаларын (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) веб-порталда орналастырады.

      Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептер мен қорытындылардың жобалары Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері мен қоғамдық кеңестердің өкілдері шақырыла отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметінде тыңдалады.

      Ескерту. 112-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      113. Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыру туралы есептер мен мониторинг жөніндегі қорытындылардың жобаларын қарағаннан кейін, қажет болған жағдайда, қорытындылардың жобаларын пысықтайды және қорытындыларды іске асыру туралы есептермен бірге есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.

4.5. Мемлекеттік бағдарламаларды бағалау

      114. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес тиімділікке мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу шеңберінде жүргізілетін бағалауды қоспағанда, мемлекеттік бағдарламаларды бағалау оларды іске асырудың әрбір үш жылы өткеннен кейін (аралық) және жоспарлы кезеңнің қорытындылары (түпкілікті) бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 114-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.01.2016 N 169 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      115. Мемлекеттік бағдарламаны бағалауды осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағалау бойынша қорытындының жобасын қалыптастыру жолымен жүргізеді.

      116. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әрбір мемлекеттік бағдарламаны бағалау жөніндегі қорытындылардың жобаларын және бүкіл есепті кезең үшін іске асыру туралы есептерді есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.

      Ескерту. 116-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      117. Қазақстан Республикасының Үкіметі барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есептер мен бағалау жөніндегі қорытындылардың жобаларын қарағаннан кейін, қажет болған жағдайда, мемлекеттік бағдарламаларды бағалау жөніндегі қорытынды жобаларын пысықтайды және оларды барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есептермен бірге есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.

      118. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес өзі жүргізетін тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шаралары шеңберінде мемлекеттік бағдарламаға жүргізген бағалау қорытындылары тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға жіберіледі.

      Ескерту. 118-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.01.2016 N 169 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4.6. Мемлекеттік бағдарламаларды бақылау

      119. Мемлекеттік бағдарламаларды бақылау мемлекеттік бағдарламаны, үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, облыстарды, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру бойынша мониторинг, бағалау және жүргізілген бақылау іс-шараларының, тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 119-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.01.2016 N 169 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4-1. Үкіметтік бағдарламалар

      Ескерту. 4-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

4-1.1. Үкіметтік бағдарламалардың тізбесі

      119-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган үкіметті бағдарламалар тізбесін мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының тұжырымдалған стратегиялық мақсаттары негізінде қалыптастырады және түзетеді, оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      Үкіметтік бағдарламалар тізбесі бағдарламалардың атауын, үкіметті бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның көрсетілуін, үкіметтік бағдарламалардың іске асырылу мерзімдерін қамтуға тиіс.

      Үкіметтік бағдарламалар тізбесінде көзделмеген үкіметтік бағдарламаларды әзірлеуге және бекітуге жол берілмейді.

      Үкіметтік бағдарламалардың қолданыстағы тізбесінде көзделмеген жаңа үкіметтік бағдарлама әзірленгенге дейін үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган үкіметтік бағдарламаны әзірлеу орындылығы туралы шешім қабылдау үшін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметінде үкіметтік бағдарлама жобасы тұжырымдамасының таныстырылымын қамтамасыз етеді.

      Үкіметтік бағдарлама жобасының тұжырымдамасында бағдарламаның негізгі бенефициарлары, күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер туралы ақпарат қамтылады. Қолданыстағы үкіметтік бағдарламаны жалғастыру үшін үкіметтік бағдарламаның жобасы әзірленген жағдайда, үкіметтік бағдарламаның жобасының тұжырымдамасында аяқталатын үкіметтік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілу дәрежесі, оның іске асырудың әлеуметтік-экономикалық әсері мен жұмсалған қаражат тиімділігі туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

4-1.2. Үкіметтік бағдарламаларды әзірлеу

      119-2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің актісімен қажетіне қарай ғылыми-зерттеу ұйымдары, ғалымдар мен түрлі білім салалары мамандары тартыла отырып, мемлекеттік органдар және қоғамдық кеңестер өкілдерінен және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан құралған үкіметтік бағдарламаны әзірлеу жөніндегі комиссия (жұмыс тобы) құрылады.

      Үкіметтік бағдарламалар оларда баяндалған проблемалардың шешімін қолданыстағы стратегиялық және бағдармалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының шеңберінде жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда ғана әзірленеді.

      119-3. Үкіметтік бағдарлама мынадай талаптарға сәйкес келуі:

      1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын іске асыру мақсатында әзірленуі;

      2) әлеуметтік маңызы бар, салааралық міндеттерді шешуге бағдарлануы;

      3) игілік алушылардың нысаналы тобының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарлануы;

      4) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында қойылған мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін, мерзімдері, ресурстары мен мақсаттарды орындаушылары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен шаралары бойынша келісілген жүйені қамтуы;

      5) шаралардың атаулылығын, оларды іске асыру мерзімдері мен реттілігінің нақты айқындалуын, орындаушылар қызметінің бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізуге қатаң бағдарлануын қамтамасыз етуі;

      6) қаржы, еңбек және техникалық ресурстар мен оларды қамтамасыз ету көздерінің теңгерімділігінің қамтамасыз етілуі;

      7) қысқа және нақты тезистік форматта баяндалуы тиіс.

      119-4. Мынадай:

      1) мемлекеттік органдардың ведомствоішілік мәселелерін шешуге бағытталған;

      2) қолданыстағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының және үкіметтік бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ осы құжаттарды іске асыру жөніндегі іс-шараларды қайталайтын үкіметтік бағдарламаларды әзірлеуге жол берілмейді.

      119-5. Үкіметтік бағдарламаның құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:

      1) паспорт (негізгі параметрлері);

      2) кіріспе;

      3) ағымдағы ахуалды талдау;

      4) бағдарламаның мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері;

      5) бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар;

      6) қажетті ресурстар.

      119-6. "Паспорт" деген бөлімде үкіметтік бағдарламаның мыналарды қамтитын негізгі параметрлері баяндалады:

      1) атауы;

      2) әзірлеу үшін негіздеме;

      3) үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органды көрсету;

      4) мақсаттары;

      5) міндеттері;

      6) іске асыру мерзімдері;

      7) нысаналы индикаторлары;

      8) қаржыландыру көздері мен көлемдері.

      119-7. "Кіріспе" деген бөлімде ұсынылып отырған үкіметтік бағдарламаның қажеттілігінің негіздемесі баяндалады.

      119-8. "Ағымдағы ахуалды талдау" деген бөлімде мыналар баяндалады:

      1) жағдайдың ағымдағы ахуалын бағалау, күшті және әлсіз жақтарын талдау, бағдарлама шеңберінде шешілетін және салааралық өзара іс-қимылды талап ететін әлеуметтік маңызы бар мәселенің жай-күйіне әсер ететін саланың (сектордың) негізгі проблемалары;

      2) нысаналы технологиялық бағдарламалар (бар болған кезде) арқылы іске асырылатын өте қиын технологиялардың тізбесін қоса алғанда, саланы (секторды) инновациялық-технологиялық дамытуды талдау.

      Сонымен қатар басқарушылық технологияларды жақсартуға және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіруге бағытталған қызметтің инновациялық құрауышы талданады;

      3) қолданыстағы нормативтік құқықтық базаның сипаттамасын, саланы (секторды) дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асырудың қолданыстағы практикасы мен нәтижелерін қоса алғанда, саланы (секторды) дамытуды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау;

      4) орын алып отырған проблемаларды шешу бойынша Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімдеуге болатын шетелдік оң тәжірибені, сондай-ақ қажет болған жағдайда жүргізілген маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін шолу.

      119-9. "Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштері" деген бөлімде мыналар көрсетіледі:

      1) бағдарламаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын негізге ала отырып қалыптасатын және әлеуметтік маңызы бар басым мәселені шешуге бағытталған мақсаттары;

      2) сапалық жағы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде болатын өзгерістердің мәнін, ал сандық жағы оның өлшенетін абсолютті немесе қатыстық шамаларын көрсететін, бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді білдіретін, әрбір мақсат бойынша белгіленетін нысаналы индикаторлары;

      3) "Ағымдағы ахуалды талдау" деген бөлімде белгіленген проблемаларды шешу немесе тиісті саланы (секторды) инновациялық-технологиялық дамыту қажеттілігі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басқарушылық технологияларды жақсартуға және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіруге бағытталған қызметінің инновациялық құрауышы негізінде айқындалатын, мақсаттарға қол жеткізу жолдарын білдіретін бағдарламаның міндеттері;

      4) әрбір міндет бойынша жоспарлы мәнге қол жеткізу болжанатын нақты кезеңді көрсете отырып, бағдарлама міндеттерінің шешілу дәрежесін сипаттайтын сандық және сапалық өлшенетін мәндер ретінде белгіленетін нәтижелер көрсеткіштері;

      5) мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар (ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар).

      119-10. Үкіметтік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері айқын, нақты, бақыланатын және тексерілетін болуға тиіс.

      119-11. "Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар" деген бөлімде үкіметтік бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың (ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер мен жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар) қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары, сондай-ақ көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді толық көлемде және қажет мерзімде қамтамасыз ететін шаралар кешені келтіріледі.

      119-12. "Қажетті ресурстар" деген бөлімде бағдарламаны іске асыруға қатысатын қаржылық-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек және басқа ресурстардың, соңдай-ақ қаржыландыру көздерінің сипаттамасы баяндалады.

      Үкіметтік бағдарламаларда іс-шаралар бойынша қаржыландырудың болжанатын көлемдері, оларды іске асыру мерзімдері туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

4-1.3. Үкіметтік бағдарламаларды іске асыру

      119-13. Үкіметтік бағдарламаны іске асыру оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, үкіметтік бағдарламаны әзірлеуші мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын, үкіметтік бағдарламаны іске асыруға қатысатын өзге де мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру, сондай-ақ облыстарды, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

      119-14. Үкіметтік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында нысаналы индикаторлардың және нәтижелер көрсеткіштерінің аралық мәндерін жылдар бойынша көрсете отырып, үкіметтік бағдарламаның мерзімдерін, орындаушыларын, аяқталу нысанын, іске асыруға қажетті қаржы шығындарын айқындай отырып, үкіметтік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған нақты іс-қимылдарының жиынтығын қамтиды және ол үкіметтік бағдарламаның ажырамас бөлігі болып табылады.

      119-15. Үкіметтік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган үкіметтік бағдарламаны іске асырудың бүкіл кезеңіне әзірлейді.

4-1.4. Үкіметтік бағдарламалар мониторингі

      119-16. Үкіметтік бағдарламаның мониторингін оны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган осы бағдарламаны іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар мен бірлесіп орындаушы өзге де ұйымдар (ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар) ұсынатын іске асырылу барысы туралы ақпарат негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен жүргізеді.

      119-17. Үкіметтік бағдарламалар мониторингі жылдың қорытындысы бойынша жылына бір рет жүргізіледі.

      Үкіметтік бағдарламаға мониторинг жүргізу үшін:

      1) осы бағдарламаны іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган және бірлесіп орындаушы өзге де ұйымдар (ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар) өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға іске асырылу барысы туралы ақпарат береді;

      2) үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган ұсынылған іске асырылу барысы туралы ақпарат негізінде үкіметтік бағдарламаны іске асыру туралы есепті қалыптастырады және оны есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған есепті (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) веб-порталда орналастырады.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган үкіметтік бағдарламаларды іске асыру туралы есептер негізінде жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша олардың әрқайсысы бойынша қорытынды қалыптастырады және оларды іске асыру туралы есептермен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне береді.

      Үкіметтік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептер Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, қоғамдық кеңестердің өкілдері шақырыла отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметінде тыңдалады.

4-1.5. Үкіметтік бағдарламаларды бағалау

      119-18. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті өзінің жұмыс жоспарына сәйкес бақылау іс-шаралары шеңберінде жүргізетін бағалауды қоспағанда, үкіметтік бағдарламаларды бағалау оларды іске асырудың әрбір үш жылы өткеннен кейін (аралық) және жоспарлы кезеңнің қорытындысы (түпкілікті) бойынша жүзеге асырылады.

      Үкіметтік бағдарламаның іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      119-19. Үкіметтік бағдарламаның іске асырылуын бағалау осы Қағидалардың 24-тармағында көзделген құжаттар негізінде жүргізіледі.

      119-20. Осы Қағидалардың 119-19-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде қорытынды дайындалады.

      119-21. Қорытынды осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес қалыптастырылады.

      119-22. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әрбір үкіметтік бағдарламаны бағалау жөніндегі қорытындыларды қалыптастырады және бүкіл есепті кезең үшін іске асыру туралы есеппен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған қорытындыларды веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

      119-23. Үкіметтік бағдарламаға жүргізілген бағалау нәтижелерінің дұрыстығы мен толықтығын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар, үкіметтік бағдарламаларды әзірлеушілер және тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.

4-1.6. Үкіметтік бағдарламаларды бақылау

      119-24. Үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, оларды әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган және осы бағдарламаны іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган үкіметтік бағдарламалардың мониторингі, оларды бағалау және іске асыру бойынша жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары
5.1. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу

      120. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттары негізінде әрбір үш жыл сайын бесжылдық кезеңге арналып әзірленеді.

      Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының әзірленген жобасы мынадай талаптарға сәйкес келуі:

      1) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсаттарына, көрсеткіштеріне қол жеткізу және міндеттерін шешудің жолдары мен тәсілдері жазыла отырып, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыруға, сондай-ақ мемлекеттік органның мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді тиімді орындауына және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағдарлануы;

      2) алып тасталды - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      3) алып тасталды - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      4) игілік алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарлануы;

      5) алып тасталды - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      6) мемлекеттік органның алдыңғы жоспарлы кезеңге арналған стратегиялық жоспарының мақсаттары, нысаналы индикаторлары ескеріле отырып әзірленуі;

      6-1) мемлекеттік органның меморандумында айқындалған орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының түйінді нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету ескеріле отырып әзірленуі;

      7) тезистік форматта қысқа әрі нақты жазылуы тиіс.

      Ескерту. 120-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      121. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) миссиясы және пайымы;

      2) ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару;

      3) аяны/саланы дамытудың басым бағыттары;

      4) стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы;

      5) стратегиялық бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар;

      6) ресурстар.

      Ескерту. 121-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.02.2015 N 1005 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      122. "Миссиясы және пайымы" бөлімінде мемлекеттік органның миссиясы және пайымы жазылады.

      123. Мемлекеттік органның миссиясы мемлекеттік басқару субъектісі ретінде тиісті салада немесе қызмет аясында мемлекеттік саясатты іске асырудағы оның рөлін айқындауды білдіретін мемлекеттік органның негізгі мақсаты болып табылады.

      124. Мемлекеттік органның пайымы мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру нәтижесінде жетекшілік ететін салалардың немесе қызмет аяларының перспективалық жай-күйі болып табылады.

      125. "Ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару" бөлімі "Ағымдағы ахуалды талдау" және "Тәуекелдерді басқару" кіші бөлімдерінен тұрады.

      "Ағымдағы ахуалды талдау" кіші бөлімінде:

      1) статистикалық деректер не қызмет саласының немесе аясының жай-күйін сипаттайтын басқа да көрсеткіштер келтіріле отырып, оның ішінде басқа елдермен салыстырылып мемлекеттік орган қызметінің реттелетін саласын немесе аясын дамытудың негізгі параметрлері;

      2) экономика мен қоғамның алдында тұрған, шешілуіне мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бағытталған негізгі проблемалардың талдамасы көрсетіледі.

      "Тәуекелдерді басқару" кіші бөлімінде:

      1) мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуіне әсер ететін ықтимал тәуекелдер тізбесі;

      2) мемлекеттік органның объективті немесе субъективті сипаттағы сыртқы немесе ішкі себептер бойынша жоспарланған стратегиялық мақсаттарына қол жеткізбеу тәуекелі күшейген жағдайда, оның алдын алудың негізгі жолдары көрсетіледі.

      Жете қаржыландырылмау тәуекелі мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізбеудің ықтимал тәуекелі ретінде таныла алмайды.

      Ескерту. 125-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.02.2015 N 1005 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      126. Ағымдағы ахуалды талдау мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттары бөлінісінде жүргізіледі.

      127. Ағымдағы ахуалды талдау негізінде мемлекеттік орган жақсартуға, сондай-ақ айқындалған жалпыұлттық мақсаттарға қол жеткізуді маңызды деп есептейтін тиісті салаларды немесе қызмет аясын дамытудың бағыттары қалыптастырылады.

      128. Ағымдағы ахуалды талдауды баяндаудың дәйектілігі стратегиялық бағыттарды баяндау дәйектілігімен сәйкес келуі тиіс.

      128-1. "Аяны/саланы дамытудың басым бағыттары" бөлімі:

      1) осы бағыттарды Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларына, елдегі әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты басым бағыттар қатарына қосудың негіздемелерін көрсете отырып, аяны/саланы дамытудың басым бағыттарының қысқаша сипаттамасын;

      2) аяны/саланы дамытудың басым бағыттарын іске асырудың негізгі жолдарын қамтиды.

      Аяны/саланы дамытудың басым бағыттары мемлекеттік орган қызметінің қолданыстағы стратегиялық бағыттарына ықпалдастырылады немесе мемлекеттік орган қызметінің жаңа стратегиялық бағыттары қалыптастырылады.

      Ескерту. 128-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 18.02.2015 N 1005 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      128-2. "Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы" бөлімінде схема түрінде мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттарының бөлінісінде мемлекеттік органның іске асырылуына елдің тиісті жалпыұлттық көрсеткіштеріне қол жеткізу тәуелді болатын бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысқан стратегиялық мақсаттары көрсетіледі.

      Ескерту. 128-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 18.02.2015 N 1005 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      129. "Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар" деген бөлімде мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының стратегиялық бағыттары, мақсаттары, нысаналы индикаторлары баяндалады, сондай-ақ оған қол жеткізуге мемлекеттік органның қызметі әсер ететін елдің бәсекеге қабілеттілігінің халықаралық индикаторлары да көрсетіледі.

      Стратегиялық бағыттар өзгерістері стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген мақсаттар мен басымдықтарға қол жеткізу үшін неғұрлым маңызды болып табылатын экономиканың реттелетін салаларын, секторларын немесе қызмет аяларын талдау негізінде қалыптастырылады.

      Ескерту. 129-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.02.2015 N 1005 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      130. Мемлекеттік органның мақсаты осы мемлекеттік органның қызметінде немесе ол реттейтін аяда нысаналы индикаторларда көрініс тапқан белгілі бір нақты өзгерістерге қол жеткізу болып табылады.

      Мақсаттарды айқындау кезінде мемлекеттік орган мынадай талаптарды ұстануы қажет:

      1) мақсаттың белгіленген проблемалармен нақты себеп-салдарлық байланысының болуы;

      2) мақсатқа қол жеткізуді сандық көрсеткіштердің көмегімен көрсету мүмкіндігі;

      3) Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының, мемлекеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттарына сәйкестігі;

      4) мақсаттардың қысқа және нақты баяндалуы, оларды тұжырымдау кезінде мыналарға:

      ауызекі немесе әртүрлі түсінуге болатын терминдерді, ұғымдар мен сөздерді пайдалануға;

      мақсаттың өзіне қол жеткізудің салдары болып табылатын өзге де мақсаттарды, міндеттерді немесе нәтижелерді көрсетуге жол берілмейді.

      131. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында әрбір мақсат үшін нысаналы индикаторлар айқындалады.

      Ескерту. 131-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      132. Әрбір нысаналы индикатор бойынша есепті және бесжылдық кезеңнің жылдары бойынша нысаналы индикатордың аралық мәнін айқындай отырып, оның жоспарланған мәніне қол жеткізудің түпкілікті мерзімі (кезеңі) айқындалады.

      133. "Ресурстар" бөлімінде есепті және жоспарлы кезеңнің жылдарына бөле отырып, бюджеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет шығыстарының жиынтығы және стратегиялық жоспарды іске асыруға тартылған штат саны көрсетілген адами ресурстар келтіріледі.

      Ескерту. 133-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.02.2015 N 1005 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      134. Алып тасталды - ҚР Президентінің 18.02.2015 N 1005 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      135. Алып тасталды - ҚР Президентінің 18.02.2015 N 1005 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      136. Алып тасталды - ҚР Президентінің 18.02.2015 N 1005 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      137. Алып тасталды - ҚР Президентінің 18.02.2015 N 1005 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      138. Алып тасталды - ҚР Президентінің 18.02.2015 N 1005 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      139. Алып тасталды - ҚР Президентінің 18.02.2015 N 1005 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      140. Алып тасталды - ҚР Президентінің 18.02.2015 N 1005 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      141. Алып тасталды - ҚР Президентінің 18.02.2015 N 1005 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      142. Алып тасталды - ҚР Президентінің 18.02.2015 N 1005 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      143. Алып тасталды - ҚР Президентінің 18.02.2015 N 1005 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      144. Алып тасталды - ҚР Президентінің 18.02.2015 N 1005 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      145. Алып тасталды - ҚР Президентінің 18.02.2015 N 1005 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      146. Алып тасталды - ҚР Президентінің 18.02.2015 N 1005 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      147. Алып тасталды - ҚР Президентінің 18.02.2015 N 1005 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      148. Алып тасталды - ҚР Президентінің 18.02.2015 N 1005 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      149. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының форматын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

5.2. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру

      150. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру операциялық жоспарды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

      151. Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

5.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мониторингі

      152. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының мониторингін операциялық жоспардың іске асырылу барысын талдау негізінде әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.

      153. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мониторингі жылына бір рет есепті жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

      154. Мемлекеттік органдар стратегиялық жоспарларды іске асыру туралы есептер дайындайды және оларды есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей бірінші басшының қойған қолымен веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

      155. Алып тасталды - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      156. Алып тасталды - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      157. Алып тасталды - ҚР Президентінің 18.02.2015 № 1005 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

5.4. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалау

      158. Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалау (Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізетін бағалаудан басқа) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.

      159. Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалауды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес өзі жүргізетін тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 159-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.01.2016 N 169 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      160. Алып тасталды - ҚР Президентінің 18.02.2015 № 1005 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      161. Алып тасталды - ҚР Президентінің 18.02.2015 № 1005 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      162. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес өзі жүргізетін тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шараларының шеңберінде өткізген мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын бағалаудың қорытындылары тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде стратегиялық жоспарларға бағалау жүргізуге уәкілетті органдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілеріне жіберіледі.

      Ескерту. 162-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.01.2016 N 169 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      162-1. Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен жоспарларының іске асырылуына Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізетін бағалаудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Президентіне тоқсан сайынғы ақпаратқа енгізіледі.

      Ескерту. Қағидалар 162-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 11.01.2016 N 169 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      163. Алып тасталды - ҚР Президентінің 18.02.2015 № 1005 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

5.5. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылау

      164. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылау мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуы бойынша мониторинг, бағалау және жүргізілген бақылау іс-шаралары, тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шаралары нәтижелерінің негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 164-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.01.2016 N 169 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      165. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайды.

6. Аумақты дамыту бағдарламасы
6.1. Аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеу

      166. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын әзірлеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады және ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен, өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган, өзге де мүдделі мемлекеттік аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын келіп түскен күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қарайды.

      Ескерту. 166-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.02.2015 № 1005 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      167. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын әзірлеуді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады және облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органымен келіседі.

      Ескерту. 167-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      168. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асырудың бірінші бесжылдық кезеңіне әзірленген облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасы алдағы онжылдық кезеңге арналған Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы бекітілгеннен кейін екі ай мерзімде белгіленген тәртіппен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына бекітуге беріледі.

      Алдағы онжылдық кезеңге арналған Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асырудың екінші бесжылдық кезеңіне әзірленген облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасы алдағы онжылдық кезеңге арналған Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асырудың екінші бесжылдығы басталғанға дейін екі ай мерзімнен кешіктірмей белгіленген тәртіппен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына бекітуге беріледі.

      169. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасы облысты дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде белгіленген тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына бекітуге беріледі.

      170. Әзірленген аумақты дамыту бағдарламасының жобасы мынадай талаптарға сәйкес келуі:

      1) аумақты дамытудың басым бағыттарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында белгіленген бағыттармен өзара байланыста айқындалуы;

      2) нақты аумақта Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу, ондағы міндеттердің шешілу жолдарының баяндалуы;

      3) аумақты дамытудың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін бағалаудың баяндалуы;

      4) нысаналы индикаторларды көрсете отырып, бесжылдық кезеңнің соңына қарай аумақты дамытудың түпкілікті мақсаттарының айқындалуы;

      5) күшті және осал жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерді ескере отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізудің ықтимал жолдары мен тәсілдерінің айқындалуы;

      6) мақсаттар мен нысаналы индикаторлардың қисынды өзара байланысының сақталуы;

      6-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумында айқындалған облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің түйінді нысаналы индикаторларына қол жеткізудің қамтамасыз етілуі;

      7) игілік алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және өңірдің меншікті экономикалық әлеуетін дамытуға бағдарлануы;

      8) қаржыландыру көздері мен іске асыру кезеңдері бойынша бөліністе бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстардың абсолютті көрінісіндегі көлемі туралы ақпараттың қамтылуы;

      9) орталық және жергілікті атқарушы органдар іс-шараларының келісімділігінің, сондай-ақ мақсаттар мен ресурстар бойынша құжаттың теңгерімділігінің сақталуы;

      10) тезистік форматта, қысқа әрі нақты баяндалуы тиіс.

      Ескерту. 170-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      171. Мемлекеттік органдардың ведомствоішілік мәселелерін шешуге бағытталған аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеуге жол берілмейді.

      172. Аумақтарды дамыту бағдарламасының құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:

      1) паспорт (негізгі сипаттамасы);

      2) ағымдағы ахуалды талдау;

      3) негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары;

      4) қажетті ресурстар.

      Ескерту. 172-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      173. "Паспорт (негізгі сипаттамасы)" деген бөлімде мыналарды:

      1) атауын;

      2) әзірлеу үшін негіздемені;

      3) осы өңірдің негізгі сипаттамасын;

      4) бағыттарын;

      5) мақсаттарын;

      6) нысаналы индикаторларды;

      7) қажетті ресурстарын қамтитын аумақты дамыту бағдарламасының негізгі параметрлері баяндалады.

      Ескерту. 173-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      174. "Ағымдағы ахуалды талдау" деген бөлімде қызмет саласының ағымдағы дамуы сипатталады:

      1) мына: өңіраралық ынтымақтастықты ескере отырып, тұтастай алғанда, өңірдің экономикасын дамыту, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағыттары бойынша аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау;

      2) негізгі проблемалардың, тәуекелдердің, тежеуші факторлардың, аумақтардың орта мерзімді перспективада орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының бәсекелес артықшылықтары мен мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы.

      Ескерту. 174-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      175. Алып тасталды - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      176. "Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары" деген бөлімде:

      1) өңіраралық ынтымақтастықты, әлеуметтік саланы, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті, инфрақұрылымды, экологияны және жер ресурстарын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ескере отырып, өңірдің экономикасын дамыту бөлігінде тұтастай алғанда өңірді дамытудың негізгі бағыттары;

      2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында тұжырымдалған стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ұзақ мерзімді жүйесіне сәйкес аумақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың әрбір бағыты бойынша нысаналы индикаторлары көрсетілген мақсаттары;

      3) қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары баяндалады.

      Ескерту. 176-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      177. Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаты жоспарлы кезеңнің соңына қарай өңірді дамытудың белгілі бір бағытының жай-күйінің пайымын, оны дамытудың сапалық бағдарын білдіреді.

      Ескерту. 177-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      178. Аумақты дамыту бағдарламасының барлық мақсаттары бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін, өлшенетін көрсеткіштерді білдіретін нысаналы индикаторларды қамтуы тиіс.

      179. Алып тасталды - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      180. Алып тасталды - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      181. Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттары, іске асырудың нысаналы индикаторлары оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар көрсетіле отырып келтіріледі.

      Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен базалық көрсеткіштер тізбесінде белгіленеді.

      Базалық көрсеткіштер тізбесіне өзгерістер енгізілген жағдайда, базалық көрсеткіштер тізбесінің өзгерістері әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш ай ішінде жергілікті атқарушы органдар аумақтарды дамыту бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізеді.

      Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаның нысаналы индикаторларын облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және бекітеді.

      Ескерту. 181-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      182. Алып тасталды - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      183. "Қажетті ресурстар" деген бөлімде аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру үшін қаржылық ресурстардың қажеттілігі мақсаттар бөлінісінде баяндалады.

      Ескерту. 183-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      184. Аумақты дамыту бағдарламасын қаржыландыру көздері:

      республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, мемлекеттік қарыздар, мемлекеттің кепілдігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, ұйымдардың өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер болуы мүмкін.

      185. Қаржыландырудың болжанатын көлемдері әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің параметрлері, халықаралық шарттар мен басқа да факторлар ескеріле отырып айқындалады.

      186. Алып тасталды - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

6.2. Аумақты дамыту бағдарламаларын іске асыру

      187. Аумақты дамыту бағдарламаларын іске асыру оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау арқылы жүзеге асырылады.

      188. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары - мерзімі, орындаушылары, аяқталу нысаны, оны іске асыруға қажетті шығындар айқындалған, аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған нақты іс-қимылдар жиынтығы.

      Ескерту. 188-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      189. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын тиісті аумақтың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және оны тиісті аумақтың әкімі аумақтарды дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде бекітеді.

      Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі аумақтарды дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде бекітеді.

      Ескерту. 189-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

6.3. Аумақтарды дамыту бағдарламаларының мониторингі

      190. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын мониторингтеуді облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар ұсынатын іске асырылу барысы туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы жүргізеді.

      191. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын мониторингтеуді ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар ұсынатын іске асырылу барысы туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдары жүргізеді.

      192. Аумақтарды дамыту бағдарламаларын мониторингтеу жылдың қорытындысы бойынша жылына бір рет жүзеге асырылады.

      193. Жылдың қорытындысы бойынша ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларын мониторингтеуді жүргізу үшін:

      1) ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;

      2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган ұсынатын іске асыру туралы ақпараттың негізінде ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есепті қалыптастырады және есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей бірінші басшының қолымен веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

      3) Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органында веб-портал болмаған жағдайда, іске асыру туралы есеп аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің веб-порталында орналастырады.

      194. Жыл қорытындысы бойынша облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын мониторингтеуді жүргізу үшін:

      1) облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;

      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган ұсынған іске асыру туралы ақпараттың негізінде облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есепті қалыптастырады және оны бірінші басшының қолымен есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органында веб-портал болмаған жағдайда, іске асыру туралы есеп облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің веб-порталында орналастырылады.

6.4. Аумақтарды дамыту бағдарламаларын бағалау

      195. Тексеру комиссиясы жүргізетін бағалаудан басқа, аумақтарды дамыту бағдарламаларын бағалау Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде жыл сайын жүзеге асырылады.

      196. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес өзі жүргізетін тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шаралары шеңберінде өзі жүргізген аумақты дамыту бағдарламасын бағалаудың қорытындылары тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының қаулысы қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.

      Ескерту. 196-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.01.2016 N 169 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6.5. Аумақтарды дамыту бағдарламасын бақылау

      197. Аумақтарды дамыту бағдарламасын бақылау аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуы бойынша мониторинг, бағалау және жүргізілген бақылау іс-шараларының, тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 197-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.01.2016 N 169 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады