Ақсу кентінде көшелердің атауларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Степногорск қаласы Ақсу кенті әкімінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 1 шешімі. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 2 сәуірде № 1-2-128 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірін ескере отырып, Ақсу кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігі Ақсу кенті әкімінің 05.01.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Ақсу кентінің көшелерінің атаулары өзгертілсін:
      Майская көшесі - Байсейт Смағұлов көшесіне;
      Фабричная көшесі - Амантай Қабылденов көшесіне.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақсу кенті әкімі Т.Құлғазынов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Степногорск қалалық
      тілді дамыту және мәдениет
      бөлімінің мемлекеттік
      мекемесінің бастығы И.Ковцур
      Степногорск қалалық
      құрылыс және сәулет
      бөлімінің мемлекеттік
      мекемесінің бастығы А.Шварцкоп

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады