2010 жылға жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыздық мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № А-2/39 қаулысы. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 наурызда № 1-3-133 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № А-12/297 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2010.12.29 № А-12/297 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармақтың 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2 тармақтарына сәйкес, Ақкөл аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыздық мөлшерде жұмыс орындарының квотасын белгілесін.
      2. Ақкөл ауданы әкімдігінің «Ақкөл ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарындағы жұмыс орындарының жалпы санынан мүгедектер үшін үш пайыздық мөлшерде квота белгілеу туралы» 2008 жылғы 10 қарашадағы № А–11/341 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-3-98 тіркелген, 2009 жылғы 16 қаңтарда аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.М.Қанатоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақкөл аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауданы
      әкімі                                      А.Үйсімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады